• Біздің парақшалар:
  • Әділет лигасы

    Лига справедливости

    Justice League

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Зак Снайдер
Басты рөлдерде:
Бен Аффлек , Джереми Айронс , Джейсон Момоа , Эми Адамс , Дж.К. Симмонс , Джесси Айзенберг , Галь Гадот , Генри Кавилл , Дайан Лэйн , Эмбер Хёрд , Робин Райт , Киран Хайндс , Конни Нильсен , Билли Крудап , Эзра Миллер , Кирси Клемонс , Рэй Фишер
Сценарий:
Крис Террио , Зак Снайдер , Джосс Уидон
Продюсер:
Чарльз Ровен , Дебора Снайдер , Джефф Джонс
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$300 000 000
Қазақстандағы табысы:
₸485 837 900
Әлемдік премьера:
13 қараша 2017
Қазақстандағы премьера:
16 қараша 2017
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
110 минут
Суреттеме:

Суперменнің өзін құрбан ету оқиғасынан кейін Брюс Уэйн адамзатқа деген үмітке қайта ие болады. Ол Диана Принстен (Ғажап әйел) қолдау тауып, күшті қарсылыспен күресуге қол жинайды. Екеуі Акваменді, Киборг пен Флэшті қатарларына қосады. Алайда әлемге төнген қауіп бұрынғыдан да жойқын болмақ.

Рейтинг:

7,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.9(191660)
  • Кинопоиск: 6.411(46059)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Жыл сайын голливудтық студиялардың кино түсіремін деп қаншама қаржыдан айырылып жатқанын байқаймыз. Жақында дәл соның тағы бір мысалы болды. Warner Bros. жігіттері "Лига справедливости" фильмін түсіруге 300 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсаған. Маркетингіне салған ақшасын қоспағанның өзінде. Енді кеткен ақшаның орнын толтыру үшін әлемдік прокатта минимум 800 млн АҚШ долларын табу оңай дүние емес. Онсызда жара-жара артына геморрой тілеп алды.

    Фильмнің өзіне келетін болсақ, роттен мен мэтадағы критиктер 100-дің ішінде 40-50 шамасында баға берген. Расыменде, сюжетіне қарасақ сол бағаға лайық. Ал көрермендердің 80-90 пайызына ұнаған. Ол да рас. Өйткені, фильмдегі басты тартушы күш ол - әзілді сценалар. Халыққа тек осы ғана ұнайды. Фанаттар ваще күлкіге қарық болады.

    Кино түсірілімінің аяқталуына жақын қалғанда режиссердің ауысқаны фильмдегі сюжетті быт-шыт қылды. Зак Снайдер мен Джосс Уидонның жұмыстары бөлек-бөлек байқалып тұр. 40-50% өзгеріс енгізген. Бұл деген қатарынан екі фильм түсіргенмен бірдей. Екіншісі біріншісінің жұмысынан тек қиындылар ғана қалдырған. Бұл режиссердің шешімі ме, әлде студиялық босстардың шешімі ме түсініксіз. Музыкадан тек алдыңғы фильмдерден сарқыт боп келген "сольный" әндер ғана есте қалады. Қысқасы композитор Дэнни Элфман амалсыздан халтура жасаған. Ол кісіні де түсінуге болады.

    Былай қарасаң фильм студияның алдыңғы өнімдерінің минустарын сәл-пәл түзеген. Көрермендерді қызықтыруға көп көңіл бөлінген. Ашық, жарқын түстермен көмкерген. Басы мен аяғы бар. Енді басқа қырынан қарасақ, фильм өте қысқа. Түсірілген өнімнің біраз жерін қиып тастағаны көзге ұрып тұр. Кейіпкерлерді таныстыруға 1 сағаттан астам уақыт жұмсаған. Суперменнің тірілгені тіптен күлкілі. "Жатқан жері жәйлі болсын" деп көмген жерінен қазып алғаны күлкілі әрі тұрпайы шыққан. Сюжеттік қадамдары, кейіпкерлердің мәселелерді қалай шешкені де дым қызық. Джосс Уидон да бұны өзгерте алмады.

    Бұл фильм сонау 2015 жылы шыққан Фокс компаниясының "Фантастическая четверка" фильмін еске түсіреді. Лига 1 сағат 50 минут болса, фантомастар 1 сағат 40 минут болады. Құдды бір сериалдың бірінші бөлімін көріп отырғандай әсер қалдырады. 1 аптадан соң келесі бөлімін шығаратындай. =D

    Тым жақсы оқиғаны, керемет кейіпкерлерді осыншама қорлағандары дұрыс болмады. Көрші марвелдік әдісті өздеріне адаптация жасап үйренсе де болар еді. Кейін эксперименттер жасау арқылы өз жолын табуға мүмкіндік болушы еді.