• Біздің парақшалар:
  • Коко құпиясы

    Тайна Коко

    Coco

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ
Слоган:
"The celebration of a lifetime"
Режиссер:
Ли Анкрич , Эдриан Молина
Басты рөлдерде:
Аланна Юбак , Бенджамин Брэтт , Эдвард Джеймс Олмос , Ломбардо Бойяр , Габриэль Иглесиас , Гаэль Гарсиа Берналь , Энтони Гонсалес , Рене Виктор , Ана Офелиа Мургуйя , Хайме Камиль , София Эспиноса
Сценарий:
Ли Анкрич , Эдриан Молина , Мэттью Олдрич
Продюсер:
Джон Лассетер , Дарла К. Андерсон
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Детектив , Отбасылық , Қызық оқиғалы , Мультфильм , Мюзикл
Әлемдік табысы:
$714 679 846
Қазақстандағы табысы:
₸239 242 728
Әлемдік премьера:
20 қазан 2017
Қазақстандағы премьера:
23 қараша 2017
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
105 минут
Суреттеме:

Сюжетте мексикалық ауылда етікшілер отбасында тұратын және музыкант болуды іштей армандайтын 12 жасар Мигель туралы баяндалады. Арманның құпиялығы сонда - оның отбасында музыка қарғыс болып саналады. Баяғыда оның арғы атасы өз әйелін, яғни басты кейіпкердің арғы әжесін өз арманы үшін тастап кеткен, осының кесірінен Мигельдің отбасында музыка - жабық тақырып. Бірде Мигель өзі мен өзінің кумирі - марқұм болып кеткен әнші Эрнесто де ла Крус арасында тылсым байланыс барын сезеді. Жеткіншек өзінің кумирін табу үшін Өлілер еліне аттанып, сол жақта өзінің ата-бабаларын кездестіреді. Сол жақтан ол Экстор есімді (қаңқа бейнесіндегі) трикстер аруақпен танысады. Екеуі серіктесіп, Эрнесто де ла Крусты іздеуге аттанады.

Рейтинг:

10

  • Дауыс бергендер: 1
  • IMDb: 8.6(102481)
  • Кинопоиск: 8.786(31765)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Менің ойымша тағы бір әдемі, тағы бір күшті мотиватор мультфильм түсірілген. Мультфильмның әдемілігі ол картинадағы қанық түстер, ол қанық түстер прям мексикандықтардың қыз қандылығын, әдемі бір ашық-жарқын мінездері мен эмоцияларын беретіндей. Қанық түс сені бірден баурап "мені көр" деп шақырып тұрады.

    Кішкентай Мигель атасы сияқты әнші болып, танымал болғысы келеді. Алайда оның отбасы әншілікке қарсы. Себебі, олардың түсінігі бойынша әншілер отбасына келгенде тұрақсыз, әрі болашағын ойламайтын адамдар. Ал кішкентай Мигель өз өнері арқасында отбасының көз-қарасын өзгерткісі келеді.

    Мультфильмнің желісі біздің қазақтарға ұқсайды. Мексикандықтар да қазақтар сияқты отбасы татулығын, отбасын, ата-бабасын бірінші орынға қояды. Сондықтан бұл мультфильмның балаларға тәрбиелік берері мол. Мультфильмның сюжеті жақсы, айтар ойы анық. Сюжет сізді бірден елітіп әкетеді, кішкентай Мигельмен бірге мұңайып, бірге қуанып, бірге жылай аласыз.

    Мультфильмның қазақша дубляжы жақсы шыққан. Мигельді дыбыстаған Ақарарыс Әшімханның актерлығына таң болдым. Әдемі, эмоциямен жақсы дыбыстаған, сондай-ақ Мигель айтқан әндерді Ақарыс өзі орындаған.

    Мультфильм балаға ғана емес үлкендерге де қызықты болары сөзсіз.