• Біздің парақшалар:
  • Виктория мен Абдул

    Виктория и Абдул

    Victoria & Abdul

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания
Слоган:
"History's most unlikely friendship"
Режиссер:
Стивен Фрирз
Басты рөлдерде:
Майкл Гэмбон , Джуди Денч , Оливия Уильямс , Эдди Иззард , Али Фазал , Адиль Ахтар , Тим Пиготт-Смит , Саймон Кэллоу , Джулиан Уэдэм , Фенелла Вулгар
Сценарий:
Ли Холл , Шрабани Басу
Продюсер:
Тим Беван , Эрик Феллнер , Трэйси Сиуорд , Бибан Кидрон
Жанр:
Драма , Тарихи , Өмірбаян
Әлемдік табысы:
$65 311 821
Қазақстандағы табысы:
₸38 251 800
Әлемдік премьера:
3 қыркүйек 2017
Қазақстандағы премьера:
14 желтоқсан 2017
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
111 минут
Суреттеме:

18 жасында таққа отырған Виктория - Ұлыбританияның, Ирландияның патшайымы, кейін Үндістанның да императоры болды. Тәж құзырындағы сансыз көп тұлғалардың арасында көркем Абдул Карим де бар еді. Ол сарай маңының ықпалды адамдарының біріне айналады. Оның патшайыммен қарым-қатынасы Англияда ғана емес, бүкіл әлемде талқыға түседі.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 2
  • IMDb: 6.8(21758)
  • Кинопоиск: 6.838(6169)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Шынайы оқиғаға құрылған кинолар ұнайды. Оны ВВС түсірсе одан бетер ұнайды. Себебі ВВСдың киноларының өзінің айтар ойы, тарихи нақты ақпараты және жан-жақты зерттеліп, нақтыланылып барып бірақ таспалайтыны ұнайды. Тарихи оқиғаларды саясатқа салып бұрмалау деген болмайды, оқиға қалай болды солай жеткізуге тырысады.

    Британия мен Индияның жалпы тарихын білсем де, осы фильмдегі оқиғаны білмейді екем. Кеше киноны қарап алғасын бүгін интернетті ақтарып біраз тарихты оқып шықтым. "Абдул Карим өмірде шын болған ба?" деген ой маза бермеді.

    81 жасқа тақап қалған Виктория патшайым қарапайым сарай күтушісі индус Абдулға көңіл аудара бастайды. Қоғамда ешқандай орны жоқ қарапайым жігітке патшайымның көңілін табу ұнайды. Бірақ ол бұл қарым-қатынастан ешқандай өзінің бір пенделік мақсатына пайдаланбай, адал қызмет етуге тырысады. Ол Виктория патшайымға урду тілін үйретіп, мұсылмандарға деген көз-қарасын өзгерутге көмектеседі. Екеуінің қарым-қатынасы ана мен баланың қарым-қатынасындай болады. Олар кез-келген тақырыпта еркін сөйлесе алады.

    Кино үлкен танымалдыққа ие болмас, дегенмен тарихи киноларды ұнататындардың көңілінен шығары хақ. Себебі, ұлы адамдардың осындай өміріндегі аздаған оқиғаны осылай беру патшайымға басқа көз-қараспен қарауға мүмкіндік береді. Кино сапалы, отбасыңмен отырып көруге ыңғайлы фильм.