• Біздің парақшалар:
  • Қазақша бизнес Америкада

    Бизнес по-казахски в Америке

Жыл:
2017
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Жеңісхан Момышев
Басты рөлдерде:
Жан Байжанбаев , Сәбит Рахымбаев , Гүлназ Жоланова , Нұрлан Қоянбаев , Қажет Смағұл , Дариға Бадықова , Рамазан Амантай , Шон Джеймс , Эшли Агиллар , Рауан Романи
Сценарий:
Сәбит Рахымбаев , Әуез Әуезов , Ілияс Жапаров
Продюсер:
Нұрлан Қоянбаев , Санжар Мұстафин
Жанр:
Комедия , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$500 000
Қазақстандағы табысы:
₸377 652 700
Қазақстандағы премьера:
28 желтоқсан 2017
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
87 минут
Суреттеме:

Жомартқа мұра болып қалған отель халықаралық статусқа ие болып, бес жұлдыз алмақшы. Ол үшін Қазақстанға Америкадан құпия сарапшы келіп, сапа стандартын бағалайды. Жомарттың отельде жұмыс істейтін туысы Бағдәулеттің кесірінен қонақ ренжіп кетеді. Жомарт америкалықпен татуласып, қазақша келісу үшін АҚШ-қа аттанады. Ол өзімен бірге көмекшісі Аленді және Бағдәулетті алып кетеді.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 2
  • IMDb: 6.2(33)
  • Кинопоиск: 5.893(251)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • 2017 жылдың көрген Қазақстандық кинолардың ішіндегі ең үздігі осы фильм болды. Нұрлан Қоянбаевқа ризамын. (кажется бұл сөзім артық, дегенмен ризамын). Жеңісхан Момышевтың киноға кеткені дұрыс болған сияқты. Ән айтудан гөрі, режиссерлығы мықты.

    Сонымен неге риза болдым?

    1. Сценарий. Сценарий реально қазақтардың өмірінен алынғандай. Шын ғой, біз бірінші жасап аламыз сонан соң ойланамыз, жоспарлаймыз. Бұл жерде соны анық көрсеткен. Сценарий тартымды, әрі оқиғалары үйлесіп, толық қанды кино болып шыққан. Кино жалықтырмайды, күліп отырып, кейіпкерлермен бірге сол сәтті бірге кешіп жатқандай күй кешесің.

    2. Әзілдер. Өте сәтті таңдалынып алынған, тізесі шығып кеткен әзілді кездестірмедік. Әзілдер эмоцияға сай жақсы берілген. Әр әзілдің өз орны бар, әдемі үйлескен.

    3. Музыка. Маған қатты ұнаған нәрсе киноға таңдалған музыка шығар. Тура киноның аурасын беретін жаңа әдемі әндер. Кинодағы музыкамен зарядтталып шыққандай боласың. Перкош "Ақсаулем" әнін орындаған кезде зал бірге қосылып айтты. Мен де қосылдым.

    4. Актерлардың ойыны. Мен Жан Байжанбаевты Рэкетирдегі образында елестетіп қалған ем, бірақ ол кісі менің өз актер талантына сендіре алды. Мүлдем басқа образды жақсы алып шығып қана қоймай, Аленнің рөлін өз шеберлігімен аша түскен. Нұрлан Қоянбаев образы өзінің өмірдегі образы алшақ емес болуы керек, бірақ актерлығын жақсы көрсете алды. Ешқандай жасандылықсыз, еркін сомдады. Әрі эмоциясы ұнады. Әсіресе, Еркошқа "Жапшы аузыңды" дегені күшті кетті. Рамазан Амантайға мүлдем сөзім жоқ, керемет! Актерлық таланты өсіп келе жатқан мықты бала. Эмоциясын керемет береді. "Үйіме қайтқым келеді" деген жерде түріне қарап бірге жылағым кеп кетті, Мексикаға алып бара жатқан жеріндегі потеря болған түрін көрсеңіз бірге потеря боп кетесіз. Кинода Еркоштың қызықтары өте көп, айта берсем спойлер боп кетеді. Дегенмен, осы киноның жақсы шығуына Перкоштың шеберлігі көп әсер еткен.

    5. Түсірілім сапасы. Керемет, күшті. Қанық түстер, әдемі кадрлар. Комедия стиліне сай ашық-жарқын, адамның көңіл күйін көтеретін әдемі түсірілім. Перішетелер қаласының әдемілігі жақсы берілген. Кадрге қарап отырып қаланы бірге қарап жүргендей боласың. Наконец то, "қазақтар да осындай әдемі түсірілім жасай алады!" дегім келеді.

    6. Тәрбиелік мәні. Кино бауырмалдылыққа құрылған. Қазақтар үшін туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын насихаттайды және жақсы көрсете алады.

    p.s. қалай да ағылшын тілін үйренуім керек деген шешімге келдім :).