• Біздің парақшалар:
  • Су пішіні

    Форма воды

    The Shape of Water

Жыл:
2017
Ел:
АҚШ , Канада
Слоган:
"Based on an idea by Daniel Kraus And Guillermo del Toro"
Режиссер:
Гильермо дель Торо
Басты рөлдерде:
Майкл Шеннон , Ричард Дженкинс , Салли Хокинс , Майкл Стулбарг , Даг Джонс , Дэвид Хьюлетт , Октавия Спенсер , Ник Сирси , Лорен Ли Смит , Стюарт Арнотт
Сценарий:
Ванесса Тейлор , Гильермо дель Торо
Продюсер:
Гильермо дель Торо , Дж. Майлз Дэйл
Жанр:
Драма , Триллер , Фэнтези , Мелодрама , Қызық оқиғалы , Үрейлі
Бюджет:
$19 400 000
Әлемдік табысы:
$75 078 209
Қазақстандағы табысы:
₸36 531 900
Әлемдік премьера:
31 тамыз 2017
Қазақстандағы премьера:
18 қаңтар 2018
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
123 минут
Суреттеме:

Оқиға 1963 жылы өрбиді. Басты кейіпкер - ғылыми зертхананың мылқау тазалықшысы. Жасырын мекеменің ішінде қолға ұсталған амфибия-адамға зерттеу жасалуда. Әйел мутантқа ғашық болып, оған қашуға көмектеседі...

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.4(266469)
  • Кинопоиск: 6.92(77943)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Гильермо дель Торо түсірді деген соң асыққаным рас. Оның "Фавн лабиринті" - өзінің әдемі киножаһанын қалыптастырған тамаша кино. "Хеллбой" сәтсіздеу шықса да тартымды графикасы бар. Жалпы Гильермоның визуализацияға қатысты өз көзқарасы бар. Сонысымен ерекше.

    "Су пішіні" де визуалдық тұрғыдан тамаша. Псевдо алпысыншы жылдар, яғни сол кезең деп айтылғанымен, Гильермоның танымымен құрылған альтернатив әлем, қолданылған реквизиттер мен декорациялар - жеке бір әлемді көз алдыңа алып келеді.

    Бірақ әдемі графикамен бәрі аяқталады. Оқиғасы тым примитив, супержаңа ештеңе болған жоқ. Амфибия мен адамның арасындағы сезім. Олардың бірге болуына кедергі болған зұлым. Болды.

    Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі, екі "Алтын глобус" алған және АҚШ сыншылары үздік фильм деп таныған кинотуындының соншалықты қарапайым екенін күтпеп едім.

    Фильмді жаман демеймін, алайда биыл көп айтылған киноның соншалықты қарапайым болып шыққанына таң қалдым. Бұл жолы режиссер жаңа ештеңе әкелген жоқ.

    6,5/10

  • Кейінгі уақытта Оскар алған, оған ұсынылған киноларға көңілім толмайды. Мүмкін мен басқаша ойлайтын шығармын, бірақ биылғы ұсынылған біраз фильм дым ұнамады. Олар тым қарапайым немесе адамдық эмоцияға құрылған болса да адамды тартпайды. Іш пыстырарлық.

    Адам мен су пішіні арасындағы махаббатқа сенбедім. Себебі сезімнен гөрі жауыздың эмоцясы жақсы байқалады. Бір рет қана қарап шығатын туынды мен үшін.