• Біздің парақшалар:
  • Қара Пантера

    Чёрная Пантера

    Black Panther

Жыл:
2018
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Райан Куглер
Басты рөлдерде:
Энди Серкис , Мартин Фриман , Форест Уитакер , Анджела Бассетт , Лупита Нионго , Майкл Б. Джордан , Дэниэл Калуя , Чедвик Боузман , Данай Джекесай Гурира , Летишиа Райт , Уинстон Дьюк
Сценарий:
Райан Куглер , Джо Роберт Коул
Продюсер:
Стэн Ли , Виктория Алонсо , Кевин Файги , Джеффри Чернов , Луис Д’Эспозито
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Әлемдік табысы:
$1 300 831 287
Қазақстандағы табысы:
₸440 384 492
Әлемдік премьера:
29 қаңтар 2018
Қазақстандағы премьера:
15 ақпан 2018
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
134 минут
Суреттеме:

"Капитан Америка: Азамат соғысы" фильміндегі оқиғалардан кейін Ваканда патшасы Т'Чалла үйіне оралып, көп кешікпей ел ішінде оның билігіне қарсы қозғалыс басталғанын байқайды. Оның тақтан айырылуы әлемдік тәртіптің бұзылуына алып келер еді, сондықтан Қара Пантера өз сауытын қайта киеді.

Рейтинг:

8,25

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.4(394195)
  • Кинопоиск: 6.546(77399)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Жыл басынан бері күтіп жүрген алғашқы фильм. Ойдағыдай шықты десем болады. Көптеген критиктер фильмді "Первый Мститель: Другая война" секілді темптегі фильм деп атап өткен болатын. Менің бұл екі фильм арасында тек саяси, туыстық/достық тақырыптары ғана ұқсас деп ойлаймын. Экшні мен сюжет өрбуі басқаша.

    Фильм режиссері Райан Куглер өз жұмысын жоспарлы орындап шықты. Бұған дейінгі жұмыстарын ескерсек, жаңа фильм оның тәжірибесінің ұлғайғанын көрсетеді. Ағайынды Руссолар сияқты сюжетті түрлендіре алмағанымен, экс-режиссер Джосс Уидон секілді кейіпкерлермен жұмысы сәтті шықты. Актер Энди Серкистің кейіпкерін елемегенде қалған кейіпкерлердің образын түгелдей ашты.

    Людвиг Йоранссонның композиторлық жұмысы нашар болды. Тек бір музыкалық теманы бүкіл кино бойы ойнатып шықты. Оның қасында фильмге саундтрек жазуды өз мойынына алған рэпер Кендрик Ламардың еңбегі өте зор. Оның әр музыкасы фильм атмосферасына керемет сіңісіп тұрды. Саундтрек ішінен "All The Stars", "Pray For Me" және "Opps" композициялары ұнады.

    Спецэффектілермен бір уақытта бірнеше тәуелсіз студиялар айналысқанымен, фильмнің VFX супервайзерлері жұмыстарын толық атқармағандары көзге ұрып тұр. Бірнеше сценаларын хромокей қатты байқалады. Сонымен қатар жарықтары жөнді түспеген тұстары бар. Мысалға таққа отыру үшін үміткерлер арасындағы шайқас рәсімі кезінде байқалады.

    Чедвик Боузманның актерлік ойыны сол баяғы. Даму көрінбейді. Ал қалған актерлердің жұмысына көңілім толды. Әсіресе Майкл Б. Джорданның рөлге кіріп, Алтын Ягуарды беріліп сомдағаны байқалып тұр. Әзілдің басым бөлігі Т’Чалланың қарындасы Шуриге тиесілі. Оны өз кезегінде Тони Старктың баламасы, тіптен одан да асқан интеллектуал деп атайды.

    Жалпылай фильм Африка халықтарының проблемасын қозғайды: отарлау, экспансия, құл саудасы және т.б. Бір жағынан сюжетімен Уаканда елінің КВМ бастауы екенін түсіндіреді. Тіптен Қара Пантераны DC кейіпкері Бэтменмен салыстыруға болады.

    Фильм прокатта қаржыға қарық болатыны айдан анық. Недегенмен кинокомикс, блокбастер ғой. Қорыта келгенде 8/10 деген баға қоямын. Көруге тұрарлық.

  • Менің қатты күткен фильмім болса да прокатқа шыққанан кейін 10 күннен кейін бірақ көрдім. Осы уақытқа шейін бірде-бір рецензия оқымай қойдым. Киноның әсерін көрмей жатып құртып алмайын деген ой келді.

    Кино қатты ұнады маған. Данияр сияқты жарықтың түсірілуі деген нәрселерді байқай алмадым. Себебі оған менің киноға берілгенім сонша мүмкіндігім болмады. 2 сағат 17 минуттың қалай өткенін байқамай қалдым.

    Киноның сюжеті, музыкасы, актерлар ойыны, киімдері қатты ұнады. Әсіресе әскер қыздардың образды күшті шыққан. Киімдері, шаш үлгісі, қимыл қозғалыстары, әшекейлері де, төбелесу стильдері де ұнады. Данай Джекесай Гурира қатты ұнады. Фильм бойы әр кезде эмоциясын күшті береді. Әскер басы бола тұра күйеуіне "Любимый" деп майысқан кездерінің өзін қалай күшті берген.

    Майкл Б. Джордан расымен өз рөлін мықты алып шыққан. Бар ынтасымен ойнағаны көрініп тұр. Кинода осы баланың қалай өсіп-жетілгені туралы қысқаша сөзбен айтқанша көрсетсе күшті болар ма еді?.. Мысалы ол Ваканда тарихы жайлы өте көп біледі. Сол жағы ашылмай қалған. Сонан кейін музейден маска ұрлап алған кезде бір үлкен бір оқиға болатындай мән береді, бірақ масканың мағынасын ашпағаны ұнамады.

    Чедвик Боузман ұнайды, алдыңғы Мстительде пайда болған кездегі дауыс ырғағы мен өз бейнесімен қызықтырған. Қызығушылығым тарқамады. Мүмкін көбіміз күткендей самдағай болмаған шығар, деген өз рөлін жақсы алып шыққан. Көп уайымы мен қайғысы болмаған хан баласы образын сақтап қалған. Дегенмен кинода Т'Чалланың ойы, уайымы мен көз-қарасын көрсетуге көп уақыт бөлген.

    Фильм қарауға тұрарлық. Мен марвелді тым қатты жақсы көрем :)