• Біздің парақшалар:
  • Регистратор

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Мейірхан Шерниязов
Басты рөлдерде:
Әбунасыр Серіков , Еділ Анарбай , Мейірхан Шерниязов , Медет Аманбаев , Мейіржан Төребаев , Азим Саидбаев
Сценарий:
Мейірхан Шерниязов , Медет Аманбаев , Мейіржан Төребаев
Продюсер:
Мейірхан Шерниязов
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы премьера:
20 наурыз 2018
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
83 минут
Суреттеме:

Ержан есімді жігіт бір байдың автожүргізушісі болып жұмысқа тұрады. Қожайын өзінің қымбат көлігін қатты бағалайтыны бірден белгілі болады. Ержан оны әуежайға шығарып салып, қайтып келе жатқанда достарын кездестіреді. Олар қымбат машинаға отырып алып, неше түрлі оқиғаға тап болады. 

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Өзім қалай 8 қойғаныма таңмын. Дегенмен, кино соған тұрарлық. Неге?

    1. Фильм біркадрлы форматта түсірілген. Біздің Қазақстанда бұл форматта түсірілген алғашқы туынды. Киноға бара жатқан кезде біркадрлы фильм ішпыстырарлық болатын шығар деп ойлағам. Ол ойымның қате болғанын кино басталған сәттен байқадым. Бір кадрдың өзінде фон жақсы таңдалған. Киноның түсірілуі уақыты бар жоғы 9 күнге ғана созылған. Біркадрлы болса да киноның айтар ойы нақты әрі жинақы.

    2. Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев, Мейржан Түребаев тандемы жақсы таңдалған. Үш жігіттің образы арқылы нағыз қазақ балаларының бейнесін бере алған. Бірі әкімдікте, бірі базар баласы, үшіншісі өз көлеңкесінен қорқатын жігіт образы жақсы ашылған. Мейірхан Шерниязовтың актер, әрі режиссер, әрі сценарист, продюссер екенін білмеппін. Түріне қарасаң қарапайым ауылдың жігіті сияқты.

    3. Әзілдер. Фиьмнің әзілдері ұнады, барынша тізесі шықпаған әзілдерді үйлестіріп қолданған. Ержанды водитель ретінде түсінем. Жұмыстың көлігін бұлғамақ түгілі өз көлігіңді бұлғағандарға жының келеді. Ал ол сондай сабырлы. Негізі әзілдерін көру керек.

    4. Сценарий. Өмірде олай болуы мүмкін емес деген күннің өзінде өмірде бәрі мүмкін. Енді бандиттердің атысы артық шығар, бірақ қиын түйіннің шешілімі сонымен жақсы шешілген. Сценраийде барынша шынайы жағдайлар орын алған. Ұнады.