• Біздің парақшалар:
  • Әміре

    Амре

    Amre

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Слоган:
"Ер үзілген ән"
Режиссер:
Джефф Веспа
Басты рөлдерде:
Санжар Мәди , Еркебұлан Дайыров , Эбби Корниш , Бен Элдридж , Кристиан Хильборг , Филип Броди , Миха Родман
Сценарий:
Бенжамин А. ван дер Вин
Продюсер:
Алидар Өтемұратов , Анна Чакиртова , Кэри Грэнат , Эд Джонс , Әсет Кенжебаев
Жанр:
Драма , Тарихи , Өмірбаян
Бюджет:
$2 800 000
Қазақстандағы табысы:
₸74 803 200
Қазақстандағы премьера:
5 сәуір 2018
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
88 минут
Суреттеме:

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes аясында өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм, сондай-ақ, дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.  

Рейтинг:

9,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.9(30)
  • Кинопоиск: 0(148)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Кім не айтса да, фильм өте жақсы шыққан. Біздің кино түсірушілердің болмайтын комедиядан салмақты, тарихи кинолар түсіре бастағанына өте қуаныштымын. Себебі, кітап оқығысы келмейтін қазіргі жастарға кино арқылы ақпарат жеткізу ең дұрыс әдіс.

    Сонымен, кино неге жақсы шыққан:

    1. Киноның әсері. Нақты тарихта оқиғаның қалай болғанын білмеймін. Википедияда да тек біз тарихтан оқыған шектеулі ақпарат бар. Дегенмен, мемлекет тапсырмасымен түсірілген фильм болғандықтан фильмде нақты тарихи жағдай орын алған деп сенем.

    Тарихтан оқыған кезде "әйтеуір бір қазақ Парижге барып ән айтқан" деген ой қалыптасатынын анық. Ал киноны көріп отырып сол ауылдың бір қазағының Парижге қалай барып, нені көріп, неге қол жеткізіп, қандай қиындықты басынан өткергенін бірге сезінесің. Сезініп қалмай, бұл тарихи сәт сенің жадыңда сақталып қалады. Тарих сабағында тез айта салатын мазмұн емес, оның сол кездегі не сезінгенің сезінуге мүмкіндік бар. Әміренің алғаш Парижге барғандағы таңданысын меніңше Санжар өте жақсы берген. Себебі, мен ол күйді түсіндім. Париж емес, Алматыға келген ауылдың баласында сондай қорқақтық, таңқалушылық болады, бір сөзбен айтқанда потеря болады. Осы сәтте Санжардың актерлық шеберлігіне риза болдым. Сол күйді жақсы бере алды. Тарихи киноларда біз білмеген тарихи жағдайдың қалай болғанына бір қадам болсын көзің жете бастайды.

    Кино атмосферасы мені сол 1925 жылға апарып тастады. Актерлардың киімі, сол кездегі мәдениет, көңілді кештер, әндер, билер, тіпті ішілген шампан сол кезеңнің әсерін жақсы берді. Бұл жағынан кино түсірушілер әр детальға үлкен мән бергенін көрініп тұр және кадрлар өте жақсы таңдалынып алынған.

    Санжар Мәдиевтың актерлығы кәдімгідей күшті болып келеді, Қазақстанда ғана емес әлемде танымал актер болса екен деген тілегім бар. Соңғы қараған "Золотая Орда" мен "Әміре" фильмдеріндегі орындаушылығы тіпті керемет. Екі фильмде екі түрлі образды күшті көрсете алды. Кеше кинодан шыққасын "Әміренің орынына тым әдемі, әрі тым жас көрінеді" деген пікірлер естідім. Меніңше олай емес. Себебі Әміренің 1925 жылы қандай көрнекті жігіт болғанын біз білмейміз, мүмкін ол сол заманның өзіндік секс-символы болған шығар. Сондықтан да Санжар роль үшін тым сымбатты емес. Тым жас дегенін білмеймін, себебі Әміре Қашаубаев 37 жасында Парижге барған кезде шал болып тұрған жоқ, суреттерінде ол тым сымбатты әрі жас болғаны көрініп тұр. Әрі Санжар да жас емес, 30 дан асқан жігіт болғандықтан дұрыс таңдалған.

    Еркебұлан Дайыров. Кинода басты рөлді сомдамаса да, Мұстафа Шоқайдың рөлін күшті берген. Ол кісінің қазақшылығын, қарапайымдылығын, елшілдігін, ойын жақсы бере алды.

    Эбби Корниш, әдемі актриса. Нағыз 1925 жылы өмір сүріп жүрген қыздар сияқты. Шаш үлгісі, киім киюі, қозғалысы әдемі. Әміренің жүрегін жаулаған бұл қыз шынайы тарихта болды ма білмеймін, бірақ мына қыз менің жүрегімді жаулады. Фильмде Әміренің өмірінде үлкен орын алғанын байқадым. Бұл мен үшін тарих пәнінен оқымаған бір тың ақпарат болды. "Ол кісі қайда?", "Әміре екеуі кейін қайта кездесе алды ма?" деген сұрақтар пайда болды.

    Тарихта болған маңызды сәттерді білу үшін, киноны әр қазақ көруге тиіс деп ойлаймын.