• Біздің парақшалар:
  • Өкініш

    Сожаление

    Regret

Жыл:
2013
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Мақсат Оспанов
Басты рөлдерде:
Асанәлі Әшімов , Тұңғышбай Жаманқұлов , Қайрат Нұртас , Сиви Махмуди , Жания Джуринская , Ренат Баситов , Гүлзира Айдарбекова
Продюсер:
Гүлзира Айдарбекова
Жанр:
Драма
Бюджет:
$500 000
Қазақстандағы табысы:
〒94 899 665
Әлемдік премьера:
11 сәуір 2013
Қазақстандағы премьера:
11 сәуір 2013
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Бұл фильм Қайраттың жанұясымен, сүйікті қызы және достары арасындағы қарым-қатынастарды көрсетіп, түгелдей Қайратқа арналады. Жұлдыздың жарық өмірі елеусіз қарапайым адамның өміріне тән- махаббат, құштарлық, сатқындық, достық, адалдық, залымдық сезімдері бар өмірге айналады.


Қайраттың үйреншікті өміріне Санияға деген құмар махаббаты баса-көктеп кіреді. Махаббаттан соқыр болған ол, өзі байқамай өзіне жақын адамдардан қашықтай бастайды. Гүлзира - анасы, бір жағынан продюсері және балалық шақтағы досы Ренат, Қайратты Санияның зұлым тырнақтарынан жұлып алуға талпынады. Бірақ ақылдан адасқан Қайратты махаббаттың қанаттары тұңғиыққа алып келеді. Гүлзира ұлын ақылға көндіру әрекеті жанжалмен аяқталып, Қайрат өзінің есерсоқтығын мойындамай, үйден кетуге бел буады. Махаббат үшін қандай баға төлейді?!

Рейтинг:

3,75

  • Дауыс бергендер: 8
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (4)

  • «Өкініш». Өкініш

    «Кеме атауына қарай жүзеді» деген жиі айтылатын тәмсілді естіген боларсыздар, әсілі сол сөзді осы жерде қолданбай қалу жауыр іс болғанымен дәл келіп тұр. Бар ғой ше...

    Қазақ сахнасының қайратына айналмаса да, қытығы мен қылығын келістіріп тұрған Қайрат Нұртас қолына камера алып кино түсіре бастапты дегенді естігелі ел құлағы елең-елең болатын. Басқаны былай қойғанда осы жолдарды жазып отырған пақырыңыздың өзі біраз ағайынның ат шаптырып, шапқыншы жіберіп қойған сауалдарына құлаш-құлаш жауап жазған-ды «Өкініш» туралы.

    «Ел мақтаған жігітті қыз жақтайдының» кері ме, әлде шынымен жақсы дүние көремін деп аңғал байғұс жүрек елпілдеді ме - алдын-ала көрсетілім болады дегенде барымызды киіп, бақанымызды қолымызға ұстап жеттік.

    Жә, журналист пен жиылған өзге елді жинап қойып бір жарым сағаттан кейін келген мереке иелерінің 15-20 минутқа ғана созылған баспасөз мәслихатында я жарытып сұраққа жауап беріп, я үлгеріп фильм туралы толық айтып бере алмағанын осы жерден қайырайық.

    «Өкініштің» өкінішін сөзге қосқымыз келіп отыр.

    Бізге хабарланғанда фильм (?) авторлары не деп еді? Драма деді. Көркем фильм деді. Ок. Бірақ, осы маңызды, басты айқындауыш екі сипаттаманы мен көре алмадым. Бәлкім ояна салып көзіме көзілдірік кимегеннен болар...

    Фильм а-ля құрақ көрпе стилінде. Экрандағы оқиғаларға ілесемін деп шаршамаңыз: Қайраттың Алматы, Түркістан, Ақтау арасында күптеген телепортация жасайтынын қисын шеңберіне келтіре алмай бұ дүниеден баз кешуге болады әйтпесе. Сюжеттік желі де бір терлетті – Қайрат пен Сәнияның һәм өзге кейіпкерлердің қарым-қатынасы бір жарым сағаттық туындының жартысына жуығын алар, ал қалған уақытта құрметті көрермен әншінің өнеріне бас ұрған қауымды, қыз-қырқынды, ұйқыдан оянған Қайраттың бітіретін күнделікті іс-әрекеті мен оператордың белгісіз түсірген кадрларын көреді.

    Оператор демекші, айтылар сынның ауқымды бөлігін осы техникалық, ұйымдастырушылық тарапқа арнағым келеді. Қазақ тілінде, қазақ аудиториясына арналған фильмнің трейлер, тизерінен бастап, постеріне дейін «Өкініш» дегеннен басқаның бәрін ресми тілде жазғанын түсіне алмадым. Әдетті я таза бір тілде, я екі тілде бөлек-бөлек жасалушы еді.

    Дыбыс жағынан демді тарылтып, монтаждаушыны біраз мінеп алуға мәжбүрлейтін себептер де жеткілікті – студиялық «қоқыс» тазартылмаған, кейіпкерлер дауысы кейде тым бәсеңсіп кетеді, есесіне, қосымша дыбыстар жарғақты жыртып кете жаздайды.

    Актерлардың ойыны деп аңырамай-ақ қояйын, себебі бас кейіпкерге де, басқасына да күнделікті күйбең тірлігін камера алдында ойнап беру қиын бола қоймаған шығар.

    Басқаны қайдам, бірақ терең мағыналы, таза ойлы, аса сапалы, кәсіби фильм қатарына жатпайтын, бірақ белгілі бір шоу-биз тұлғасының төңірегіне топталған және оның жеке өмірін жарнамалауға тырысатын (авторлар қаласын, қаламасын, солай болып шығыпты) туындыға апарып мүмкіндігі шектеулі бала туралы оқиғаны қосу мен үшін цинизмнің бір көрінісі болды. Әрине, мұндай жағдай өмірде орын алған-ақ шығар, бірақ дәл осы жобада оған орын жоқ еді.

    Сөз жоқ, туынды бюджетім деп бөлінген 500 мың долларын ақтап ғана қоймай, табыс әкеледі. Тіпті, авторлар дәметіп отырған 3 миллионды алып қалуы да әбден мүмкін. Бірақ, бұл көрермендердің «Өкінішті» бағалап, баға-парқына жетіп, «ее, кино болсаң, осындай бол» дегенімен емес, Қайрат Нұртастың әнін сүйіп, сыйлап келген елдің ниетіне байланысты болар. Әйтпесе, тойдың камерасымен түсіргендей әсер қалдыратын фильм өзге тұрсын, өзіміздің орта деңгейден төмен қалып тұр.

    Қайрат Нұртас және Ко-ға не таза өзінің тұлғасына арналған, фанаттары үшін түсірілген фильм (мәселен, деректі) тарату, не толықмәнді, фильм деуге тұрарлық дүние жасау керек еді. Өкінішке орай, «Өкініш» «екі бұтым екі жақта, ортасын Құдай сақта» дегеннің керін келтіріп не анда жоқ, не мұнда жоқ дүбара күйінде келіп көп алдына шығыпты.

    Өкінішті...

    P.S. Спойлер: интриганы авторлар трейлерге шығарып жіберген, фильмде оның бәрі сабын көбігі секілді жарылып, жоғалып кете барады...

  • Маған фильм қатты ұнады... Алып тастайтын, қосып алатын жері жоқ, тып-тиянақты сияқты болып көрінді... "Ел бар жерде - сын бар" демекші, халық міндетті түрде сынайды. Олсыз қызық емес те болар еді... Алып-қашпа сөздерді естісем де, мен көргуге асықтым... Өкінбедім...

    Жоғарыда Димаштың пікірін оқып шықтым... Журналисттік шеберлікпен астыртын сөздермен қадап-қадап жеткізген менің бұрынғы кураторым, әңгімені өлтіріпті...

    Бірақ менің жеке пікірім - киноның сюжеті әп-әдемі... Қайраттың сахнадағы жүріс-тұрысына онсыз да халық 5 жыл бойы куә болды ғой. Анасы Гүлзираның идеясынан туған бұл туынды, бәлкім Б. Есентаеваның "Ғашық жүрегіне" жете қоймас, бірақ кино сахнасын толықтырған жаңа картина бола алды деп ойлаймын. Неге дейсіз ғой?!

    Кезінде, естеріңізде болса, "Жаралы жүрек" тәрізді картиналарды таза "любительский камерамен" түсіріп, оны халыққа апталап  көрсетіп қызық болып еді. Бұл фильм сюжеті де, сапасы да кино әлеміне қалай болсын солай қараушылықтан бұрын, режисер тарапынан халыққа деген құрметтің жоқтығын көрсеткендей болды. Мүмкін, кино мәдениетінің иісі мұрындарына бармагағн қарабайыр жұртшылық үшін дәстүрлі нәрсе болып көрінген шығар, бірақ көптің көңілінен шыға алмай, батасын ала алмағаны жасырын емес. Ал оның қасында Қайраттың "Өкініші" кәдімгідей тәп-тәуір картина. Шоу-бизнестан да, той бизнестан да элементтер қосылған. Әсіресе маған Қайраттың әкесі айқайға салған кезде, анасының да, әкесінің де ауыздарын ашпай, отағасының орнын көрсетуге тырысқандары, Қайраттың Асанәлі ағамызға барып бата алған тұстары қатты ұнады. Қазақ отбасына тән әдемі тәрбиенің шетін көрсетуге тырысқан.

    Сондай-ақ, Қайраттың машинамен аударылған кезіндегі тамаша эффект, селт етпесіңе қоймайды... Міне, бұның бәрі шеберлік, сондықтан сын сынымен, бірақ еңбекті де бағалау керек деп ойлаймын, Димаш!

     

  • Маган кино"Окиниш" катты унады коп рахмеет онда жумыс истеген адамдарга да алгысым шексиз! кинонын демеушиси де ози КАйрат Нуртас жарайсын... алдынгы Димаш деген адамнын ози ойы маган унамады ..бул киноны тек жанкуйерлери ушин тусирген жок.. кимге унайды кимге унамайд арине оз ойы... Кинога келгЕн адамдардын  жартысы  жылап шыгып жатты .. оте окиништии.. Кайрат 5 жылда 160 олен жаздыртып оны адеми дауысымен елди куантып журди алиде куантуда .жанеде озинин омири жайлы кино тусирди.. оте мактауга туралык .

    Арине мен барине Кайратты тында деп те айта алмайм .. Онын озинин тындармандарыы бар .  Иа алдында Эльвира деген кыздын айткан созине толыгымен косыламын ..Енбекти де багалу керек  ..

    Димаш ДЕГЕН КИСИГЕ бул кино мулдем унамаган сиякты.... бирак сизге айтарым  сиздин айткан сындарынызбен КАЙРАТ ЕШКАШАН ТОМЕНГИ ДАРЕЖЕГЕ ТУСИП КАЛМАЙДЫ! киноны тойдын камерсымен туСиргендей деп , тусирген ресижеры жаман деп жамАндаудын кажетти жок .. Кайратты унатпасаныз ешким сизге ренжимейди ... бирАк Муны билиниз Биз КАЙРАТТЫН ЖАНКУЙЕРЛЕРИИ... КАЙРАТТЫН ЕНБЕГИН     ЕШКАШАН 10 ДЕГЕН БАГАМЕН БАГАЛАУДЫ УМЫТПАЙМЫЗ!!!!ДИМАШ!!!!!!

    АЛ сОЗ СОНЫН ДА АЙТАРЫМ Кайраттын жанашыры анасы жане продюсеры Гульзира Усенкызына жанеде бас директор МИРА КЕЛИМБЕТОВАГА ...АЙТАР АЛГЫСЫМ ШЕКСИЗ БИЗ СИЗДЕРДИН ЖАСАГАН ЖУМЫСТАРЫНЫЗГА ОТЕ КУАНЫШТЫМЫЗ  жанеде "ОКИНИШ"-тин  ЖАЛГАСЫН аСЫГА ТОСУДАМЫЗ!!!АЛЛАМ ЖАР БОЛСЫН!!РАХМЕТ!

  • Осы кино шыққанан бері көптеген пікірлерді оқыдым, бір ой көр деді бір ой көрме деді. Бүгін түскі үзілісте Абай Отариустың фейсбук әлеуметтік желісінде бөліскен сілтемесі арқылы арнайы уақытымды бөліп көрдім. Фильмнің не үшін өкініш деп аталғанын түсінгендей болдым. 1сағат 34минут уақытымды босқа кетіргенім үшін өкіндім. Киноны көргеніңе өкінесің деп өзі атына сай етіп қойыпты. Осы уақытқа дейін Қайраттың біраз әндерін тыңдайтынмын. Кино көріп болғасын Қайрат Нұртастың фанаты (үйге келгенде интернеттен Қайраттың жаңа әндерін жүктетіп алатын тыңдауға) 40тан асқан жездеме звондадым. Осылайда осылай сіздің сүйікті әншіңіз Қайрат кино түсірді ғой естідіңізбе десем, иә естідім, қолым тимей жүр көргенге деп менен көрдің бе деп сұрады. Мен иа көрдім, қажет емес билет алуға ақша шығаруыңызға тұрмайды деп кеңес бергем. Менің кеңесім жездемді кино көруге одан ары қызығушылығын артырыпты.Осы уақытқа дейін Павлодар қаласында берген концертерін жібермей көріп жүрген Қайраттың фанаты, менің жездем кешкісін звондап тұр: енді Қайраттың әндерін тыңдамайтынын айтып, мақтаншақ біреу екен деп. Қайрат өзінің өнерін сыйлайтындар үшін түсіргенін айтып жатқанын бір сұхбаттан естіп едім, керісінше осы киноны "Өкініш" деп атағанына өкінетін, осы кино арқылы өзінің өнерін бағалайтын тыңдармандарын жоғалтатын біліп "Өкініш" деп атаған екен ғой