• Біздің парақшалар:
  • Дэдпул 2

    Deadpool 2

Жыл:
2018
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Дэвид Литч
Басты рөлдерде:
Брэд Питт , Джош Бролин , Эдди Марсан , Райан Рейнольдс , Терри Крюс , ТиДжей Миллер , Морена Баккарин , Каран Сони , Стефан Капичич , Брианна Хилдебранд , Джек Кеси , Билл Скарсгард , Льюис Тан , Джулиан Деннисон , Зази Битц
Сценарий:
Райан Рейнольдс , Ретт Риз , Пол Верник
Продюсер:
Райан Рейнольдс , Лорен Шулер Доннер , Саймон Кинберг
Жанр:
Комедия , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Әлемдік премьера:
15 мамыр 2018
Қазақстандағы премьера:
17 мамыр 2018
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Суреттеме:

Бұқалардың шабуылынан әрең аман қалып, түрі бүлінген кафетерий шеф-аспазы Мэйберридегі ең үздік бармен болуды армандайды. Сондай-ақ жоғалтып алған дәм сезу қабілетін де қайтарғысы келеді. Ол үшін Уэйд ниндзялармен, якудзамен және жынды иттер үйірімен шайқасуы керек. 

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
  • IMDb: 8.2(90848)
  • Кинопоиск: 7.773(40357)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Дэдпул 2 

    Дэдпул Марвел комикстерінің танымал кейіпкерлерінің бірі. Ол ерекше, басқаларға мүлде ұқсамайтын, суперқаһармандар жайлы қалыптасып қалған стереотиптерді жоюшы, басында жай ғана ДС-дің Дэдстроук деген персонажына пародия ретінде ойлап табылған образ болатын. Алайда, оқырмандар оны өте жылы қабылдады және ол бірден фанаттардың сүйікті (анти)қаһармандарына айналды. Әрине, жаңа әрі батыл идеяларды жақсы көретін комикс аудиториясының жүрегін Дэдпулдың өзіндік қара юмор мен стандартты қаһарманға тән емес қылықтары, басқалардың ережеріне сай емес қанды әрекеттері жаулап алды. 

    Қызық, бірақ Дэдпул фильміне де ешкімде онша үміт болмады. Ол жай ғана Fox-тың кейіпкерден айырылып қалмас үшін түсіруге бел буған проектісі болатын. Кішкентай ғана бюджет (қазіргі рынокпен салыстырғанда), ересек рейтинг және Райан Рейнольдс пен Тим Миллердің шексіз энтузиязмы продюсерлерді шығатын туындыға скептикалық көзқараспен қаратып, сенім ұялатпады. Бірақ, ақыр соңында не шыққанын біз бәріміз де тамаша білеміз. Бірінші фильм көпшіліктің көңілінен шықты, оны кассалық табыстан да, әртүрлі рейтингтерден де білуге болады. Сондықтан, студия хайп суып қалмай тұрғанда тез арады сиквел жасауға көшті. 

    Екінші фильм режиссерін және, ең өкініштісі, композиторын ауыстырды. Миллердің орнына Джон Уик авторы Дэвид Литч келді. Литч, әйтеуір, фильм атмосферасына көп өзгеріс әкелген жоқ, тек шамалы түстік гамманы қарайтып, жекпе-жек сценаларының хореографиясын жақсартты. 

    Бірінші фильмде болған әзілдер мен экшнге екінші фильмде драма қосылды. Кейбіреулерге оның мөлшері тым көп болған сияқты, ал менің ойымша жанрлық баланс сақталған болып көрінді. Бірақ, фильмді толығымен түсіну үшін гик болу керек сияқты, өйткені кинода пасхалкалар мен сілтемелер өте көп. Менің досым, қарапайым көрермен ретінде, мүлдем түк түсінбеді, өкінішке орай. Марвел мен ДС-ден бастап культтық фильмдер мен музыкаға дейін отсылка мен пародияларға басынан аяғына шейін толы. 

    Сюжет қарапайым, басты назар отбасы тематикасы мен персонаждарға ауған. Кейіпкерлер өте керемет, ескілері сол қалыпты болып қалмай, фильм барысында өзіндік бір прогрессияға ұшырайды, жаңалары болса киноға фон үшін ғана емес, маңызды оқиға мен қандай да болсын эмоциялар сыйлайды. Мен үшін ең epic moment ever, ол әрине, Сила Икс командасының бірінші тапсырмаға аттанған сәттері. Трейлерлерде барлық кейіпкерлерді көрсетпеген, сондықтан сізді кейбір кішкентай сюрприздер күтеді.

    Актерлер әр образға сай алынған. Кейбл тура комикстардағындай Дэдпулға қарама-қайшы тым серьезныйлығымен және Танос рөлін сомдаған Джош Бролиннің харизмасымен канон болып шыға келді. Алдыңғы пландағы әр персонаждың өз мотивациялары бар, тіпті үнді таксисттің де уақытын ұзартып, сюжеттік желісін қосқанына қуаныштымын. Дэдпул мен Харек, әдеттегідей, өз әлемдерінде жүргендей, басқа кейіпкерлерге түсініксіз мысқылдары өздерімен бірге жүретін далбаса жігіттер болса да, сол баяғы мейірімді, жанашыр әрі батыл(әсіресе, Харектің “ерлігі” айта кетерліктей) адамдар. Толық келген бала-мутант Рассел де өзінің «ішкі қалтасымен» ұнады. Ал, ең қатты ұнағаны, ол әрине Зази Битц. Сырт келбеті де, сабырлы мінезі де өте тартымды. 

    Фильм музыкасынан тек Селин Дионның композициясынан басқа ештеңе есімде қалмады. Олар жаман емес, тек, кейбір жерде орынсыз, кей жерде ескі саундтар қолданылған, енді біреулері мүлде жадыда сақталмай, бірден ұмытылып кетеді. 

    Костюмдер мен төбелес сценалары жақсы қойылғанымен, компьютерлік эффектілері әлі де блокбастерлер дәрежесінде емес. Бірақ аз бюджетпен көзге қатты байқалмайтындай етіп жасағандарының өзі қол соғарлық. 

    Қорытындылай келетін болсам, фильм киносүйер қауымға ерекше ностальгия әсері мен қызықты сілтемелер сыйлайды, ал жай көрермендерге орынды әзілдер мен мейірімді сәттер де, бас айналдырар экшн де ұсынады. Фильмнің басты ерекшелігі оның жеңілдігі. Аңқау Мстители немесе түңірейген Лига справедливости секілді глобальді проблемалар болса да, әрқашан көтеріңкі көңіл-күйде, мәселелерді күлкімен жүріп шешетін Дэдпул біздің көретін репертуарымызға өзгешелік әкелгені рас, және екіншісі де сол дәрежені абыроймен ақтады.