• Біздің парақшалар:
  • Монах әйел

    Проклятие монахини

    The Nun

Жыл:
2018
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Корин Харди
Басты рөлдерде:
Демиан Бишир , Таисса Фармига , Ингрид Бису , Майкл Смайли , Йонас Блоке , Марк Стегер , Шарлотта Хоуп , Бонни Ааронс , Сандра Телес , Мануэла Чюкюр , Ани Сава , Аугуст Матуро
Сценарий:
Джеймс Ван , Гари Доберман
Продюсер:
Питер Сафран , Джеймс Ван , Гари Доберман , Ганс С. Риттер , Ричард Бренер
Жанр:
Триллер , Детектив , Үрейлі
Бюджет:
$22 000 000
Әлемдік табысы:
$365 050 119
Қазақстандағы табысы:
₸163 939 600
Әлемдік премьера:
4 қыркүйек 2018
Қазақстандағы премьера:
20 қыркүйек 2018
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
96 минут
Суреттеме:

Румыниядағы монастырда жас монах әйел өзіне қол жұмсап, қайтыс болады. Ватикан осы істі тергеу үшін дін қызметшісін және монастыр өкілін жібереді. Олар монах әйел кейпіне енген жынмен бетпе-бет келмек. Осы кезде сенім мен рух сынға түседі.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.5(64624)
  • Кинопоиск: 5.727(22549)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ужастиктердің фанаты емеспін, бірақ арасында денеге жиналған стрессті шығару үшін қарап тұрамын. Ужастиктерді көрген калорияларды кетіреді дегенді оқыған сайын қорқынышты жеңіп қарап жүрмін десем бәрі күлетін шығар, дегенмен бұл дәлелденген.

    Сомен киноға келсем, кино қызықты. Маған таңдалған актерлар ұнады, барлық монахиналардың бәрі әдемі, әдеміліктері бірден көзге түседі. Мыншама әдемілікті ужастик кинодағы монахиналарға қимай қаласың. Кинода бой көрсеткен екі жігітте әдемі, сымбатты. Опшым, киноға тек әдемі актерлар таңдалғаны көрініп тұр.

    Кішкентай кезінен елестерді көретін монах қызды Румынядағы шіркеуде асылып өлген монах қыздың өлімін тексеруге жібереді. Қыз монахиндардың ортасына кіріп шіркеуде не болып жатқанын білуге тырысады. Ол сөйлескен монахин қыздары мен бұрыннан көріп жүрген елестерінің байланысы бар екенін түсінеді. Соңында бұл сөйлескен монахинялардың бәрінің елес екенін түсінеді...

    Киноның желісі, суреттелуі, оқиғасы қызықты. Тарихи стильде түсірілгендіктен кино тарихи киноларды ұнататындарды да баурап алады. Елес ретінде таңдалынып алынған монахинаның образы шынымен адамды қорқытады.

    Кино тек қорқытып қана қоймай, сенің жүйке жүйеңмен де біраз ойнауға бағытталған. Себебі бұл жерде сенімің мен рухыңның мықтылығы сынға түседі.

    Жалпы, мұсылмандарда осындай жын әлеміне деген тиым мықты ма, әлде кино саласы әлі жындар әлеміне мұсылмандық тұрғыдан қарауға әлі жетпеді ме? Мені осы сұрақ толғандырады. Қалай ойлайсыз?