• Біздің парақшалар:
  • Лифт

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Нұртас Адамбай
Басты рөлдерде:
Жандос Айбасов , Иісбек Әбілмәжінов
Жанр:
Драма
Қазақстандағы премьера:
11 қазан 2018
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
93 минут
Суреттеме:

Екі адам тұрғыны жоқ үйдің лифтісінде қалып қояды. Біреуі - Тимур, емін-еркін өмірге үйреніп қалған жас жігіт. Екіншісі - Асқар, күзетші болып істейтін жігіт ағасы. Екеуі бастапқыда лифтіден шығудың амалдарын қарастырғанымен, бұдан ештеңе шықпайды. Енді қалғаны - бәріне көніп, көмек келгенше 3 күн бойы шыдау. Бұған қоса лифтідегі екеудің әңгімесі әу-бастан жараспайды.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • 9 деген рейтингті басып жатып өзіме таң болдым. Неге? Фильм ұзақтау, фильмді Нұртас Адамбай түсірді деген жаттанды ойларымды шектеп қойдым. Себебі? Себеп көп, кино бір сөзбен айтқанда жақсы.

    Киноның басталуы, оқиғаның кульминациясына жеткенше сіздің ұйқыңыз келіп кетуі мүмкін, себебі, бос тұрған үлкен здание, шалдың қимыл-қозғалысы аздап ойыңызды басқа жаққа әкетеді. Бірақ, психологиялық триллердің басталуы солай, сізді біраз бос кеңістікпен, бейне бір тыныштықпен алдайды...

    Бір қоғамның екі түрлі әлеуметтік жағдайдағы, өмір қиындығын көп көрген шал мен өмірдің әлі ащылығын сезінбеген жас бала лифтінің ішіне қамалып қалады. 3 күн 3 түн 2х2 метр болатын кішкентай лифтінің ішінде кімнің бірінші психологиясы сыр береді? Кім өз ішіндегі әзәзілін жеңіп, кім өзін-өзі ұстай алады?

    Иісбек Әбілмәжіновтың актерлығы. Бірсәтте өзгеріп, аяқ асты өмір бойы жынды боп жүрген адамның бейнесіне тез ене алады. Сондай жынды бола тұра баласын сағынған, әкелік мейірімін бір сәтте қайта көрсете алады. Өмірден әбден қажыған, құр сүлдері өмір сүріп жатқан адамның обрызына мені сендірді. Негізі бұл кісінің өнерін сөзбен жеткізу қиын, актерлық ойынын тек көру керек.

    Жандос Айбасов. Өзіме ұнайтын, бірнеше жақсы рөлдерін көріп алғасын аяқ асты мақтау ұят шығар. Дегенмен, қорыққан кездегі дірілдеп, көзінің жаутеңдегенін көріп әкесі ұрып тастаған баланың бейнесін анық көресің.

    Жандос пен Иісбек ағаның тандемі сәтті шыққан. Рөльге өте сәтті таңдалған. Шыңғыс Капин Жандостың орынына проба жасап көрген. Нұртастың өзі сценариді жазған кезде Жандосты елестетіп жазыпты, меніңше рөл үшін сәтті таңдалған актерлар.

    Сценарий ұнады. Жаттанды той, бітпейтін ауылдың өміріне келіспейтін бір киноларды қараудан гөрі мына фильмның сценариі өзгеше. Мен ылғи лифтының ішінде қалып қалсам қайтем деген ой мазалайды. Сценаридегідей екі әлеуметтік жағдайдағы адам бір-бірімен ашық әңгімелесіп, өз оқиғасымен бөліскені ұнады.

    Нұртас Адамбайдың өзі түспеген, тек режиссер ретінде қатысқан, әрі салмақты фильмі болғандықтан оған деген ойым өзгере бастады. Меніңше ол енді комедия жанрын азайтады, өзі де бұл ойыма солай деп жауап берді.