• Біздің парақшалар:
  • Отвергнутые

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Жанна Исабаева
Басты рөлдерде:
Райхан Қалиолдина , Нышанбек Жұбанаев , Жанаргүл Жаныаманова , Индира Кұлмағамбетова , Есім Тұрарбек
Сценарий:
Жанна Исабаева , Виктор Немченко
Продюсер:
Әлішер Елікбаев , Сәкен Өсер , Артур Исаев
Жанр:
Драма
Бюджет:
₸20 000 000
Қазақстандағы премьера:
25 қазан 2018
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Көп балалы отбасыдан шыққан 25 жасар Айғаным біраз уақыттан соң туған үйіне оралады. 7 жыл бұрын білім алу үшін Алматыға кетіп, сол жақта бір жігітпен танысқан болатын. Алдымен үйленемін деп алдап алып, Айғанымды екіқабат күйінде тастап кетеді. Отбасы қыздан және оның некесіз туған ұлынан бас тартады. Алайда туыстарын сағынған ол ауылына келеді. Келіншек қол үзіп қалған отбасыға қайта сіңісіп, солардың бірі болғысы келеді.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(8)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Жанна Исабаеваның кейіпкерлері қашан да қарама-қайшылықтарға толы. "Қаройдағы" Азатты алыңыз, "Нағимадағы" Нағиманы алыңыз - екі түрлі пікір қалыптастыратын адамдар.

    Осы жолы да негізгі кейіпкерлерді екі қырынан көреміз. Бірде жек көріп, лағынет айтып отырсаң, екінші көрініс кезінде жаның ашып, жағдайына түсіністік танытқың келеді.

    Режиссер жұмыстарында кадрдағы кейбір сәттер сендіре алмайтыны рас. Біртүрлі шолақ кесіп тастағандай, айтылуы тиіс ой дөрекі түрде берілгендей болады. Бірақ фильм соңында бәрін қорыта келе, сондай келеңсіз тұстарына кешіріммен қарайсың. Өйткені айтылатын ойдың шыншылдығы сонша, дәл сенің жаныңда болған оқиғадай қалып қояды.

    Ж. Исабаеваны әлеуметтік проблемаларды көтеретін автор деп білеміз. Оның көтеретін мәселелері біздің қоғамның рагына айналған ескі түсініктер мен соның салдары жайында. Ал кейіпкерлер - қоғамның жәбір көруші тап өкілдері. Осы жолғы тематикасы түрлі себептерге байланысты баласын күйеусіз өсіруге мәжбүр болатын әйелдердің ауыр тағдыры екен.

    Ондай адамдарға біздің қоғамда "сайқал" деп, баласына "тексіз" деп қарау түсінігі әлі де бар. Режиссер осы ситуацияны туған-туыстар тұрғысынан беріп көреді.

    Дегенмен Ж. Исабаеваның фильмдерінде әйелдер ерекше рөлге ие. Олар мықты, қайсар, шешуші мәнге ие тұлғалар. "Отвергнутые" (қазақша мағынасы - "шеттетілгендер", "аластатылғандар") фильмінің де басты тұлғалары - әйелдер, солар қабылдаған шешім мен соның салдары туралы.

    Атмосферасы түнерген, оқиғасы қатыгез бұл фильм ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

  • #Отвергнутые фильмін қарап отырмын. Айғаным орнында болсам қайтер едім, менің отбасым осындай жағдайға қалай реагировать етеді деген ой мазалады. Білмейм, бауырым мен әкем, анам мұндай қатыгездікке бармайтын шығар. Дегенмен, мына отбасын түсіну қиын болды маған. Бірақ, мұндай отбасы бар екенін білем, көргем. Все таки қазақтар отбасына жабысып қалған. Әр отбасынның пікірімен санаспайды, қыздардың пікірі тым жоқ. Айғанымның балам туыстарымен аралассын деген шығар, дегенмен ондай жолмен туыстарды қайтарудың қажеті шамалы екенін түсінбеген сияқты. Кинода бір нәрсе анық, ол қоғамның ойының тарлығы, ескі көз-қарас пен топастық. Әрі қоғамның жемқорлық пен туысқандықтың арқасында батпаққа батып қалғанын анық көрсеткен.

    Кинода келіспейтін тұстар өте көп.

    1.Қазақи ауыл болғасын, қызды ұрып жатқанда оның көршілері қайда, бірде бір қазақ ауылында елдің ісіне араласпайтын көрші жоқ. Тегі Қайратқа мұның не дейтін бір ауылдың ақсақалының, үлкен кісінің болмағаны ма? Режиссердің қалада өскендігі осы сәтте әсер еткен сияқты. Олар айдалада тұрса, түсінуге болатын еді, дегенмен олар ауыл ортасында тұрады ғой.

    2. "Бұл өлкені жек көрем" деген диалог бар. Кино Райымбек ауданында түсірілген, менің туған жерім болғандықтан да, дәл осы диалогтың сол жерде орын алғанын түсінбедім. Сонда Петровалск да осындай жағдай орын алса басқаша қарап, оңтүстіктің халқының түсінігінің жоқтығы ма? Дәл мұндай қатыгездік барлық жерде бар, бірақ почему то жеккөрініш бір жерге ғана бағытталған.

    3. Айналып келгенде бар қиындық балаға қалды. Шешесін сыйдырмаған отбасында оған махаббат қайдан болсын. Дәл Қайрат сияқты түсінікпен ойлайтын Тимур өсіп келе жатыр. Былай қарасаң Айғанымның топастығы. өз проблемалары көп туыстарына тағы бір проблема болып жабысуы, ақыры аяғында мағынасыз өлім. Баласына сонда не беріп кетті, қайда тастап кетті?

    4. Қайраттың өшпенділігін де түсіндіре алмаған. Түсінгенім ол отбасының бар қиындығының өшін қарындасынан алғандай. Бауырын өлтіре отырып, кінәсін сезінбеуі адамдығының жоқтығы. Миым қайнап жатыр, қоғамда мұндай түсінікпен өмір сүретін отбасылары бар екенін білем, бірақ олар тезірек жойылсыншы деген тілек келеді...