• Біздің парақшалар:
  • Етікті мысық

    Кот в сапогах

    Puss in Boots

Жыл:
2011
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Крис Миллер
Басты рөлдерде:
Зак Галифианакис , Сальма Хайек , Гильермо дель Торо , Антонио Бандерас , Билли Боб Торнтон , Эми Седарис , Констанс Мари , Конрад Вернон
Сценарий:
Брайан Линч
Продюсер:
Эндрю Адамсон
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Қызық оқиғалы , Мультфильм
Бюджет:
$130 000 000
Әлемдік табысы:
$554 987 297
Әлемдік премьера:
23 қазан 2011
Қазақстандағы премьера:
27 қазан 2011
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Шрэк туралы мультфильмдердегі ең сүйікті кейіпкерлердің бірі - Етікті мысық туралы хикая. Мысық Шалтай-Болтаймен және ұры мысық қызбен бірлесіп алтын жұмыртқалайтын Қазды қолға түсірмек болады.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(133469)
  • Кинопоиск: 7.116(85311)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ол — мықтылардың ішіндегі бірегей. Сұлулардың арманы, ержүрек семсерші сері, кедейлер мен шіркеудің қорғаушысы және қызу қанды биші. Бұл кім дейсіздер ғой? Әрине, Шректің болашақ досы — Етікті мысық. 

    Ол Шрекке дейін қандай болды? Қандай оқиғаларды басынан өткізді? Қайдан ғана тап болды бұл ертегі әлеміне? Осы сұрақтарға жауапты DreamWorks студиясының "Етікті мысық" (ағылш. Puss in Boots) анимациялық туындысынан таба аласыздар. Егер 3D-мен көріп жатсаңыз — тіпті керемет. 

    Мысықтың балалық шағына да куә боламыз. Шалтай-Болтаймен тағдырлары неліктен байланысты екенін түсінеміз және… ғашықтығына куә боламыз. Оһ, биін айтсаңызшы. Сіз Мысықтың билегенін «Шректен» көрдіңіз ба? Жоқ, әрине. Бұған қоса, Етікті мысық неліктен «Етікті» атанды, соның мәнін ұғамыз.

    Графикалық безендірілуі тіптен керемен, оның үстіне 3D форматты сеансқа тап болсаңыз… Мультфильм бәрінен бұрын диалогтарының тартымдылығымен, күлкілі оқиғаларымен ерекше есте қалады. Сөйтіп, «Шрек» коллекциясына қосымша, бірақ бонустан гөрі жеке-дара шедевралды дүниеге татитын бөлек туынды дүниеге келді, ханымдар мен мырзалар.