• Біздің парақшалар:
  • Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда

    Дочь Чингисхана в XXI веке

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Ильхам Джалилов
Басты рөлдерде:
Әлия Әнуарбек , Ерден Телемісов , Ақниет Орынтай
Сценарий:
Ильхам Джалилов
Продюсер:
Ильхам Джалилов
Жанр:
Комедия , Қызық оқиғалы
Қазақстандағы премьера:
8 қараша 2018
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
105 минут
Суреттеме:

Шыңғыс ханның қызы Жанчсвимнцег түсініксіз жағдайда біздің заманға тап болады. Инстаграм жұлдызы, 25 жасар Диана оны өзінің арам мақсатына пайдаланбақ болады. Ол "Мисс Инстаграм" байқауында жеңіске жету үшін Шыңғыс ханның қызы арқылы жұрт назарын өзіне аудармақшы.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Той тақырыбындағы кинодан жалыққан адам үшін кино сценариі өзгешелік сыйлайды. Киноның аудиториясы көбіне жастарға арналған, жеңіл комедия.

    Сценарий: Көп кинолардан ұқсастық бар. Бір сәтті бір кинодан көрсеңіз, екінші сәтті басқа бір кинодан көргендей әсерде болуыңыз мүмкін. Дегенмен, Қазақстандық кино үшін тақырып тың, әрі қызықты. Әрі Шыңғыс ханның образын басқаша беруі қызықты, өзіміз үйреніп қалған қатыгез Шыңғыс хан қарапайым адам, әрі жәй ғана бір қыздың папасы ретінде көрсетілген. Бірақ, бұрынғы заманда қазіргі заманның сөздерін қолдануы біртүрлі көрінді, әрі кино толықтай орысша болғандықтан келіспейтін тұстары көп.

    Актерлар: Әр ұлттың актерлары түскендіктен кино барынша көп ұлтты Қазақстан халқын жаулап алуға арналған. Ақниет Орынтайдың кинодағы дебюты болғанымен, ол өзіне қойылған талапты жақсы орындап шыққан. Әлия Әнуарбек, төселіп қалған актриса болғандықтан Диананың рөлі сай келген.

    Түсірілім сапасы; Ильхамның алғашқы жұмысы екен, бірақ түсірілім, оқиғалардың ұйқасуы, түсірілімге таңдалынып алынған жерлер жалпы үйлеседі.

    Сөз соңында айтарым, кино үлкен касса жинамасы анық, дегенмен бір көңіл көтеріп қарап шығуға болады.