• Біздің парақшалар:
  • Абысындар (мини-сериал)

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Олжас Нұрбай
Басты рөлдерде:
Досжан Жанботаев , Нышанбек Жұбанаев , Тимур Мақажан , Раушан Мұсылманова , Бақытгүл Қалимұратқызы , Әлия Серік-хан , Динара Жақыпова , Ерзат Рамазанов , Мейрамбек Махамбетияров , Диана Холловей
Сценарий:
Еркебұлан Мырзабек
Продюсер:
Саламат Исабаев
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы премьера:
11 қараша 2018
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
26 минут
Суреттеме:

«Абысындар» комедиялық телехикаясы бір үлкен отбасының үш келіні – абысындардың өмірін баяндайды. Телехикаяның басты кейіпкерлерінің жас аралықтары, әлеуметтік жағдайлары әртүрлі. Олар қазақы салт-дәстүрді қатаң ұстанатын шаңыраққа келін болып түскен. Ал, енелері ұлдарының еншілерін бермей, олардың бір шаңырақтың астында тұруын қатаң талап етеді.  

 

Уақыт өте келе абысындар туған әпкелі-сіңлілердей болып кетеді. Абысындар әр бөлімде тек жұмылып қана шешуге болатын түрлі жағдайларға тап болады. Ал, қатал ененің көңілі келіндеріне тола бермейді, оларды өзгертуге тырысады, қысқасы, қаланың ақсаусақ қыздарын мінсіз келін еткісі келеді. Қызықты туысқандық кикілжіңдер, бүгінгі таңдағы ене мен келін қарым-қатынасы, отбасылық сүйіспеншілік – осының бәрі жаңа телехикаяның өзекті тақырыптары. Телехикая мақсаты – берекелі отбасы ошақ қасынан басталатынын, ырыстың түбі – бірлік пен өзара сыйластықта екенін көрсетіп, қазіргі заманда отбасылық деңгейде туындап жататын мәселелерді әзіл арқылы жеткізу.

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)