• Біздің парақшалар:
  • Гудбай, мой бай

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Әнуар Матжанов
Басты рөлдерде:
Сәбит Рахымбаев , Дариға Бадықова , Дәуіт Шайхисламов , Азимжан Саидбаев , Нұргүл Алпысбаева , Наталья Валькова , Сабина Саякова , Нұрдәулет Шертім , Ілияс Сатай
Сценарий:
Сәбит Рахымбаев , Ілияс Жапаров , Азимжан Саидбаев
Продюсер:
Сәбит Рахымбаев , Рустам Юсупов , Бағдат Қожахметов , Дәуіт Шайхисламов
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы премьера:
22 қараша 2018
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
85 минут
Суреттеме:

Ермек анасымен және әйелімен бір үйде тұрады. Әйелі бөлек шығу туралы үнемі айтады. Алайда ол анасын жалғыз тастап кеткісі келмейді. Осының салдарынан ерлі-зайыптылар ұрысып, ажыраспақ болады. Бұл жерде Ермектің де достары араласып, көмекке келеді.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Фильмның сюжеті бойынша, Ермек әйелінің енесімен бірге тұрғысы келмейтін қыңқылынан кейін ажыраспақшы болады. Достары оны қолдамақшы болып, көңілін аулайды. Дәл осы сәттен бастап Ермектің өмірі күрт өзгереді.

    Кино туралы қысқаша ақпарат:

    1. Кино 16 күннің ішінде түсірілген.
    2. Киноның түсірілу жұмысына, жарнамасына 300 мың АҚШ доллары жұмсалған.
    3. Киноны түсіру кезінде ең қиын сәт кірпіштің милицияның терезесін шағатын сәт, бұл сәтті түсіру үшін 3 көліктің терезесін сындырған.

    Ажырасқан еркектер депрессиядан қалай шығады? Міне, Ермек және оның ажырасу алдында тұрған достары осы сұрақтың айналасында өздерін көрсетеді. Ажырасуға әрқайсысының өз себебі бар. Бірі әйелінің қызғанышын жеңе алмаса, бірі үйінің қарызын жаба алмай ақша табуға шыққан табыскер, үшіншісі екінші отбасын құру үшін өзін мачо көрсеткен еркектер қауымы.

    Кино көруге жеңіл, өзіндік айтар ойы бар. Ажыраспас бұрын баласының бақытын ойлаған ата-ананы, мөлдіреп саған қарап отырған баланы ешқашан ұмытпау керектігін еске салады. Сериалдың толықметражды нұсқасы болғандықтан әр кейіпкер ашылған, қалжыңдары қалыптасқан. Қысқа әрі нұсқа. Кино отбасыңмен отырып көруге арналған.

    Берер бағам 6/10. Кейбір сәттерде бір нәрсе жетіспей тұрғандай күйде болдым. Жігіттердің алғашқы толыққанды жобалары болғандықтан, әлі де шыңдалады деген сенімдемін.