• Біздің парақшалар:
  • Шақылдақ және төрт патшалық

    Щелкунчик и четыре королевства

    The Nutcracker and the Four Realms

Жыл:
2018
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Лассе Халльстрём , Джо Джонстон
Басты рөлдерде:
МакКензи Фой , Кира Найтли , Мэттью Макфэдиен , Хелен Миррен , Морган Фриман , Ричард Э. Грант , Эухенио Дербес , Омид Джалили , Элли Бамбер , Том Свит , Джейден Фовора-Найт , Мисти Коуплэнд , Анна Маделей
Сценарий:
Эшли Пауэлл
Продюсер:
Марк Гордон , Ларри Дж. Франко
Жанр:
Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$120 000 000
Әлемдік табысы:
$173 411 287
Қазақстандағы табысы:
₸137 564 364
Әлемдік премьера:
26 қазан 2018
Қазақстандағы премьера:
8 желтоқсан 2018
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
99 минут
Суреттеме:

Рождествода ерекше сыйлық алған Клара сиқырлы елдерге саяхатқа аттанады: Қар елі, Гүл елі және Тәтті ел. Қыз төртінші патшалыққа да баруы тиіс, ол жерде Тышқандар патшасы бастаған тышқандар әскеріне қарсы тұрады.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.5(23213)
  • Кинопоиск: 5.679(11999)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ертегі өте әдемі, әрі әсері түсірілген. Фильмді қарап отырып жаңа жылдық сыйқырға бірге еніп кетесің. Өзіме ұнағандарына тоқтала кетсем:

    1. Чайковскидің музыкасы толықтай фильм бойы ойнатылып отыруы және ол ешқандай заманауи өңдеуден өтпей сапалы түрде берілгендігі ұнады. Фильмде ойнатылған музыканың бәрі әсерлі, әсіресе Андреа Бочеллидің баласымен айтқан әні өте жағымды естіледі.

    2. Фильмде балеттің қолданылуы өте қатты ұнады, әсіресе патшалықтың тарихын айтқан кезде балеттің құдыреті жақсы көрсетілген. Балетте отырғандай әсер аласың.

    3. Спецэффектілер өте жақсы қолданылған, ертегі әлеміне сені сендіре алады. Шыршалар, табиғат, патшалықтар жалпы бәрі сәтті суреттеліп, үйлесімді берілген.

    4. Актерлардың костюмдері өте әдемі. Жалпы киімге мән бермей кету мүмкін емес, себебі Клара киген мундирдің өзі өте әдемі, әрі қыз балаға күшті жарасады.

    5. Дубляж. Дубляжда сын жоқ, қазақ тілінде ешқандай тұрпайы сөздер естімейсің, таңдалған дауыстар сондай жағымды. Өте сапалы, бәрі түсінікті.

    Фильмнен жаңалық іздеп барудың қажеті жоқ, бұрыннан өзіміз білетін ертегінің жаңа нұсқасы деп қарау керек. Фильм көбіне Клара туралы болып Шақылдақтың екінші планға ысырылып қалуы біраз ойландырады, бір жағы фильмнің жалғасы болатын сияқты ой қалыптастырады.

    Жаңа жылдық ертегіні сезінгіңіз келсе, фильмді көріп шығуға кеңес беремін. Қазақ тіліндегі нұсқасына балаңызбен барсаңыз тіпті керемет болмақ.