• Біздің парақшалар:
  • Шашу (мини-сериал)

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Ернат Байұзақ
Басты рөлдерде:
Гүлшат Тұтова , Әлихан Ыдрышева , Айгерім Уалжанова , Райхан Қалиолдина , Есжан Хамидуллин , Қуандық Шәкіржанов , Айгүл Кәден , Әли Марат , Мақпал Қасенова , Еділ Рамазанов , Архат Қайратұлы , Бекжанат Құрылысұлы
Сценарий:
Жамит Көшербаев
Продюсер:
Толқын Сейдоллақызы , Меруерт Құрмашева
Қазақстандағы премьера:
26 қараша 2018
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
27 минут
Суреттеме:

Басты кейіпкерлер Арман мен Аида шетелде білім алып, сол жақта табысып, отбасын құрған. Ұлдары Алан 3 сыныпта оқиды. 10 жылдан астам уақыт АҚШ-та тұрып жатқан "шетелдіктердің" бір қалыпты өмірін Науат апаның хабары өзгертеді.

 

Ауылда ұлын күтіп жүрген Науат апа "қара шаңырақтың иесі келеді" деп қыздарының қолына бармайды. Бірақ Арман әзірге елге қайтуды ойламайтын еді және жыл өткен сайын сол жаққа сіңісіп, туған елге ат басын бұруы тіпті сиреп, алыстап бара жатқаны сезіледі. Мұны түсінген Науат апа қыздары мен күйеу балаларын шақыртып, "шетелдіктерді" елге қайтарып, осында алып қалудың жоспарын құрады.

 

Анасының шұғыл хабарын естіген Арман Аида мен Аланды ауылға барып келуге көндіреді. Алайда олардың туған елге сапары өздері ойлағандай тез аяқтала қоймайды.

 

Қазақы салт-дәсүр үстемдік құрған ағайын-туыстың ортасындағы өмірден жырақтап кеткен Арман жезделерінің, Аида қайын әпкелерінің сынағынан өтеді. Ауыл өмірімен етене танысқан Алан үшін де жаңа әлем ашылғандай болады.

Рейтинг:

10

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)