• Біздің парақшалар:
  • Елбасы Жолы. Астана

    Путь Лидера. Астана

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Ақан Сатаев
Басты рөлдерде:
Жан Байжанбаев , Мұрат Ахманов , Азат Сейтметов , Еркебұлан Дайыров , Гүлнар Жақыпова , Асқар Ілиясов
Сценарий:
Тимур Жақсылықов , Әділбек Жақсыбеков
Продюсер:
Ақан Сатаев , Әлия Меңдіғожина
Жанр:
Драма , Тарихи , Өмірбаян
Қазақстандағы табысы:
₸1 896 600
Қазақстандағы премьера:
16 желтоқсан 2018
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

«Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру күшіне еніп кетті. Күдікке, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өткізілді. Сол кезден бері бірталай уақыт өтті, қазір жаңа астанамыз Қазақстанның экономикалық, геосаяси және стратегиялық маңызды шешімі болғанына оң баға беруге болады. Астана – орындалған арман қаласы, мақсатқа қол жеткізу үшін үкілі сенім, ерен еңбек және межеленген нысанаға жету жолындағы табандылық керек екендігінің дәлелі мен айғағы.

Рейтинг:

1

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(14)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)