• Біздің парақшалар:
  • Соңғы Шыршалар

    Ёлки Последние

Жыл:
2018
Ел:
Ресей
Слоган:
«Где мы, там и праздник!»
Режиссер:
Тимур Бекмамбетов , Егор Баранов , Александр Котт , Анна Пармас
Басты рөлдерде:
Сергей Светлаков , Вера Брежнева , Антон Богданов , Дмитрий Нагиев , Александр Головин , Юлия Александрова , Валентина Мазунина , Иван Ургант , Марк Богатырев , Елена Яковлева , Юрий Кузнецов , Даниил Вахрушев , Саша Спилберг , Кіші Александр Домогаров , Екатерина Агеева
Сценарий:
Жора Крыжовников , Дмитрий Литвиненко , Егор Чичканов , Иван Петухов , Юлия Гулян , Евгения Хрипкова
Продюсер:
Тимур Бекмамбетов , Галина Стрижевская
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы табысы:
₸230 070 450
Қазақстандағы премьера:
27 желтоқсан 2018
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
96 минут
Суреттеме:

Киноальманахқа бес жаңажылдық оқиға кіреді: ақшақар жалғыз басты қарияны құтқарады; тюмендік хипстер дядя Юраға ғашығына ұсыныс айтуды үйретеді; Борис досы Женяның Якутскіге қайтармау үшін бәріне барады; пермдік спортшылар сұлу қыздың күлімдегенін көру үшін қаланы астаң-кестең қылады; ал Воронежде тұратын қарапайым тұрғын актер Комаровскиймен кездесу үшін астанаға аттанады.

 

Бұл бүкіл франшизаның соңғы бөлімі.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.6(185)
  • Кинопоиск: 5.676(14567)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • «Соңғы Шыршалар» алдыңғы  бөлімдерімен салыстырғанда әсерлі, жақсылық пен таңқаларлық жайттарға толы. Себебі, сегіз жылдан бері өзімізбен таныс, туыс болып қалған кейіпкерлер көрермендерімен қоштасады. Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан фильм сізге барынша отбасылық махаббатты, жылылықты, қамқорлықты сезінуге көмектеседі. Жаңа жылдық демалыс кезінде отбасыңызбен барып фильмді тамашалап, көңіл – күйіңізді көтеріп қайтсаңыз болады.

    Фильмнің идеясы әр түрлі адамдардың өмірінен хабар беру. Әр адамның өмірінің, сезімінің, отбасының маңыздылығын анық көрсетіп, солармен бірге қарапайым адамдардың бақытын сезінуге болады. Актерлардың шынайы ойыны, сізді сол қарапайым адамдардың қатарынан екеніңізді ұмыттырып жібереді.

    Фильмнің басты тақырыбы мейірімділік болғандықтан да, бізге мейірімді болу жолында, өз туыстарымыз бен ғашықтарымызға керемет көңіл күй сыйлауда, отбасының алдындағы міндетіңді дұрыс атқаруға, махаббатымызды аямауға шақырады. Кейбір сәттерде мейірімділіктен көзіңе жас келеді, фильмнен шыққан сәтте туысыңа хабарласып, сүйіктіңе смс хабарлама жазғың кеп кетеді. Әсерлі, әдемі, күлкілі.