• Біздің парақшалар:
  • Кейкі мерген (мини-сериал)

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Мұрат Бидосов
Басты рөлдерде:
Виталий Куприянов , Жалғас Толғанбай , Ергенбай Әбуев , Жомарт Зейнәбіл , Дархан Сүлейменов , Роза Жұмекенова , Ерлан Кәрібаев , Досжан Жанботаев , Кенен Ақүрпеков , Марат Абай-Ділдә , Ғазиз Сұрапбаев , Дарын Шыныбек , Ұлан Болатбек , Айдар Аманбай , Мадияр Төлегенов , Жанерке Дүйсенбиева
Сценарий:
Сержан Закерұлы
Продюсер:
Мұрат Бидосов
Жанр:
Тарихи , Өмірбаян
Қазақстандағы премьера:
15 желтоқсан 2018
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
40 минут
Суреттеме:

Оқиға – 1900-1922 жылдар аралығындағы тарихи кезеңді қамтиды. XX ғасырдың басындағы сәл де болса ырысы шайқалмаған қазақы ауыл, дәстүр мен салтқа, дін мен ділге берік халық ортасынан бастау алады. Бас кейіпкер Кейкінің аңшылығы, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігітке тән мінезі, достығы, махаббаты көрініс табады.

 

Дегенмен, бұл бейбіт күннің де ақыры жақындап, тықыр таянған мезгіл еді. Ояз билігіне қарайтын болыстар арасындағы кішігірім жер, құн дауы, барымта мен қарымтадан биік мәселелер бой көрсете бастайды. 1916 жылғы патша жарлығы, одан кейін Ақпан төңкерісі, іле-шала орын алған Қазан төңкерісі қазақ даласына сан қилы оқиғаларды алып келді. Осындай дүрбелең дүниеде «елім деп» қана атқа қонған Кейкінің тартысқа толы ғұмыры, жұрттың екіге жарылып аласапыран болған кезең көркем туынды оқиғасының негізгі арқауы болмақ. Ел аузында «Амангелді көз мерген, Кейкі қол мерген» деген тәмсіл қалған.

 

Бас кейіпкер Кейкінің «қол мерген» деген атағының шығуы – аңшылық пен саятшылықта, барымтаға қарымта қайтаруда, ел арасында той жиналыста байқалады.  Кейкі Торғай қаласының төңірегіндегі Шашамбайдың Рахметі дейтін көзі ашық, мецанаттың ауылына жиі келіп тұрады. Сол кезеңде мергеннің атақ-даңқы дүйім елге естіліп, жұрт арасында беделге ие болады. Кейкі мен Амангелді арасындағы достық қарым-қатынас көрініс табады. Бірде Кейкі жолаушылап жүріп Әбдіғапардың ауылына түседі.

 

Әбдіғапар Кейкіні құрметтеп жылқысының ішінен айтулы бір арғымақты сыйға тартады. Жылқышылар арғымақты ұстай алмай көп сабылады. Сонда Кейкі мерген оңаша шауып бара жатқан арғымақты екі рет атып жібереді. Жылқы қалшылдап бір орында тұрып қалады. Арғымақты ноқталағаннан кейін жұрт жабылып қараса, жылқының төсі мен саурын сипап өткен оқтың табын ғана көріп қайран қалысады. Осындай мергеннің қолы сыналған оқиғалармен Кейкінің образы дараланып отырады.

Рейтинг:

10

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)