• Біздің парақшалар:
  • Мэри Поппинстің оралуы

    Мэри Поппинс возвращается

    Mary Poppins Returns

Жыл:
2018
Ел:
АҚШ
Слоган:
«In a place we hold dear, where wonder once lived... but soon from above, a new story begins»
Режиссер:
Роб Маршалл
Басты рөлдерде:
Бен Уишоу , Эмили Блант , Анджела Лэнсбери , Мэрил Стрип , Колин Ферт , Дэвид Уорнер , Эмили Мортимер , Джули Уолтерс , Дик Ван Дайк , Пикси Дейвис , Джим Нортон , Джереми Свифт , Кобна Холдбрук-Смит , Стив Николсон , Лин-Мануэль Миранда , Натаниэль Сале , Джоэль Доусон
Сценарий:
Роб Маршалл , Джон ДеЛюка , Дэвид Маги
Продюсер:
Марк Э. Платт , Роб Маршалл , Джон ДеЛюка
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Отбасылық , Мюзикл
Бюджет:
$130 000 000
Әлемдік табысы:
$309 064 800
Қазақстандағы табысы:
₸99 576 900
Әлемдік премьера:
29 қараша 2018
Қазақстандағы премьера:
3 қаңтар 2019
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
130 минут
Суреттеме:

Фильмде Мэридің және оның досы Джектің басынан өткен жаңа оқиғалар баяндалады. Оларды Бэнкстер отбасының жаңа буынымен кездесу күтіп тұр.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1
  • IMDb: 7.1(38895)
  • Кинопоиск: 6.706(5933)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Сүп-сүйкімді фильм. Мені баурап алғаны - жағымды кейіпкерлер. Өмірде түрлі қиындықтар бар, бірақ күйбең тірлікке мойымай, айналасына бақыт сыйлай алатындар бар. Бэнкстер ешқандай да бай емес, бірақ кішкентай нәрселерге балаша мәз болып, бақытты бола біледі. "Мэри Поппинс" ертегісі ондай адамдар өмірде де барын еске салады. Мегаталантты Эмили Бланттың орындауындағы Мэри Поппинске қарап, сондай жинақы, пысық, оптимист сиқыршыға айналғың келеді. Мынадай кейіпкерлерге қарап отырсаң, сюжет аса маңызды болмай қалады. Тек сиқырлана бергің келеді.

    Кастинг керемет жүргізілген: Блант - нағыз леди Поппинс. Бен Уишоуден өзге мистер Бэнксті елестету мүмкін емес. Бірақ ең таңғалдырғаны - Эмили Мортимер. Ақкөңіл қоғамдық активистен сондай жағымды энергия есіп тұр. Тіпті басты кейіпкерлерді аздап ығыстырып жібергендей болды. Бұл үштікке Колин Ферт пен Мерил Стрип тек тосын бонус бола алған сияқты. Жалпы ағылшын ледилер мен джентельмендердің рөліне көбінесе британдық актерлердің таңдалғаны дұрыс болған екен, америкалықтар тым реалист прагматиктер болып көрінгесін бе, сендіре алмас еді.

    Қояр бағам: 8/10