• Біздің парақшалар:
  • Айка

    Ayka

Жыл:
2018
Ел:
Қазақстан , Ресей , Германия , Қытай , Польша
Режиссер:
Сергей Дворцевой
Басты рөлдерде:
Асхат Кучинчереков , Сергей Мазур , Давид Алавердян , Вячеслав Агашкин , Анастасия Марчук , Жыпаргуль Абдилаева , Азамат Сатимбаев , Андрей Колядов
Сценарий:
Геннадий Островский , Сергей Дворцевой
Продюсер:
Мишель Меркт , Сергей Дворцевой , Танассис Каратанос , Анна Выдра
Жанр:
Драма
Қазақстандағы табысы:
₸14 637 000
Әлемдік премьера:
18 мамыр 2018
Қазақстандағы премьера:
14 ақпан 2019
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
100 минут
Суреттеме:

Қырғызстаннан Мәскеуге жұмыс іздеп келген Айка некесіз туған нәрестесін перзентханада тастап кетеді. Алайда уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, тастанды баласын іздейді.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.8(300)
  • Кинопоиск: 7.163(1117)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • #Айка.

    Қазіргі кезде фильмнен адамдар не іздейді? Таза актерлық шеберлік пен қарапайым оқиғаның әсері мен шынайылық. Белгілі бір әлеуметтік тақырыпты қозғап, адамға ой салу. Осындай мәселенің бар екенін және оның осындай күйде екенін айта алу, жеткізу. Осы тұрғыдан алғанда фильмның не үшін Канн фестивальінде жеңіске жеткенін түсінесің. Айканың сол бір сәттегі жан таласы, қиналысы, әйел адамға берілген сынақ шынымен жаныңды ауыртып жібереді. Бір сәт бала тудым міндетсіп, еркелеп жатқан әйелдермен салыстырып кетесің. Туа сала жұмысқа шығып, мойнындағы қарызды өтеуге деген қорқыныш, өмір сүруге деген жанталас сені де сол сәтте қинап жібереді.

    Айкаға жаның аши отырып өмірдің шынымен қатал екенін түсінесің, өмірде жолы болғандар мен болмағандар бар екеніне өкінесің. Ең жаманы, осы оқиғаның фильмде ғана емес шынайы өмірде бар екенін білу, көз жеткізу. Басқа жақтан келіп күнелту үшін жанталасып жүрген адамдарға басқаша қарауға үйретеді. Олардың да адам екенін, олардың да өз уайымы, өз өмірі бар екенін ойлайсың...

    Бір сәт өз өміріңнің әп-сәтте айналайын екенін түсінесің. Дегенмен, ТМД елдерінің бәріне жыныстық сауаттылық пен мезгілсіз жүкті болып қалғанда не істеу керек деген сұрақтарды мектеп жасынан жете оқыту керек. Қорғану, көмек керек жағдайда қайда баруға болады деген нәрселерді ашып үйрету керек. Мүмкін, сонда қыздар осылай қиналмайтын шығар, мүмкін сонда тастанды балалар азаятын шығар.

    Самал, жан қиналысы бар әйелдің рөлін жақсы сомдап шыққан. Бір жағынан қарасаң өмір сүру керек, бір жағынан қарасаң баладан бас тарту...

  • Көріп келген адамдар арасында "секірген" камераның, операторлық жұмыстың көркемдік киноға тән емес стилін негатив деп қабылдағандар болды. Не дейін, "Саулдың ұлын" көрмегенсіңдер ғой. Онда да дәл сондай баяндау тәсілі, дәл сол - кейіпкерге желке тұсынан ілесіп отыратын ракурс пайдаланылды. Дегенмен бұл стиль "Саулдың ұлына" "Оскар" алуға кедергі болған жоқ :)

    Дворцевой өзін документалиспін дейді. Меніңше, бұл сегіз қырлы режиссердің бір қыры ғана. Оның ештеңеге ұқсамайтын "Тюльпаны" тамаша шыққан. "Айка" да бірегей. Режиссер көрерменге "қатысу эффектісін" ешқандай қосымша гаджет-құрылғысыз бере алды деп ойлаймын.

    Көтерген тақырыбы да өзекті. Бір қызығы сол - осы өзекті мәселе туралы біле тұра бұған дейін ешбір режиссер осы тақырыпты қозғамаған. Меніңше Дворцевой әлі де талай қаузауға жететін қоры бар проблеманың бетін ашып берді. Бұл туралы әлі де көп нәрсе айтуға болады.

    Меніңше, 2018 жылғы Ресей мен Қазақстан киносындағы ең мықты картиналарының бірі.