• Біздің парақшалар:
  • Анамды іздеймін 2: Жаңа оқиғалар

    В поисках мамы 2: новые приключения

    Finding Mother 2

Жыл:
2019
Ел:
Қазақстан , Түркия , Қырғызстан
Режиссер:
Руслан Акун
Басты рөлдерде:
Тәуекел Мүсілім , Азамат Уланов , Майкл Мапонго , Эмиль Эсеналиев , Бурак Кхан , Адель Кадиева
Сценарий:
Жениш Майрамбек уулу , Бакыт Осмонканов , Адилет Осмоналиев
Продюсер:
Нурбек Айбашов
Жанр:
Комедия , Драма
Қазақстандағы табысы:
₸166 207 470
Әлемдік премьера:
7 ақпан 2019
Қазақстандағы премьера:
28 ақпан 2019
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Данияр мен Әлия отау құрмақшы. Алайда қалыңдықтың ағасы Мұратқа Данияр жақпайды. Той алдында Мұрат шетелде медициналық тексеруен өтпекші. Азамат пен Данияр онымен бірге Түркияға аттанады.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(31)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Қырғыз режиссеры Руслан Акун түсірген «Анамды іздеймін» фильмінің екінші бөлімі біздің кинотаетрлардан бастап көрсетіле бастады. Фильмге өзімізге жақсы таныс Тәуекел Мүсілім,  Азамат Уланов пен Майкл Мапонго түсті. Олардың қатарын Эмиль Эсеналиев пен Адель Кадиева толықтырды.

    Азаматты асырап алған Данияр өз қалыңдығы Алияны жолықтырады. Отау құрғысы келген жас әкенің жолында қалыңдықтың ағасы атты біраз  «қиындықтар» пайда болады. Осы қиындықтарды өткеру жолында әке мен балаға біраз тер төгуге тура келеді…

    «Анамды іздеймін 2« фильмі алғашқы бөлімі сияқты қызықты сәттерге толы болған. Фильм өте жақсы түсірілген, режиссер өз мақсаты жеткен. Комедия болса да фильмнің өз айтар ойы бар. Әлемдегі ана мен бала махаббатынан кейінгі бауыр махаббатының да күшінің қаншалықты мықты екенін жеткізген. Аздап ақымақ болса да Мұрат өз қарындасы күйеуге шыққысы келген күйеу жігітті барынша сынап алады. Мұратқа қарасаң ақымақ, біреуге масыл болған жігіт деп ойлайсың, бірақ оның өзінің мақсаты бар. Мұратты сомдаған Эмиль Эсеналиевтың актерлық ойынына қол соқпауға амал жоқ. Ол өзіне берілген тапсырманы күшті орындаған, бір сәтте онымен ұрсысықың келсе бір сәтте оны құшақтап алғың келеді. Әсіресе көзін аударып төңкерген кезде күлуден басқа амалың қалмайды.

    Кино комедия стиліне сай жарқын, әдемі кадрларға толы. Отбасыңмен бірге отырып тырқылдап күліп, бір сәт әдемі Антальяны аралап кеткендей күй кешесің. (Антальяға баруды армандатып қояды). Тәуекел осы фильмде жақсы ашыла түскенін алғашқы бөлімнен байқағам, қазір тіпті рөлге еніп кеткенін көріп қуанып қаласың. Азамат Уланов біраз екінші планға түсіп оның орнын Эмиль жайлап алған.

    Киноға берер бағам 8/10. Қайталап көруден жалықтырмайтын, айтар ойы бар және ол мақсатына жеткен әдемі комедия.

    P.S. спойлер фильмде Бурак Озчивит түспеген