• Біздің парақшалар:
  • Капитан Марвел

    Captain Marvel

Жыл:
2019
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Анна Боден , Райан Флек
Басты рөлдерде:
Джуд Лоу , Сэмюэл Л. Джексон , Бен Мендельсон , Кларк Грегг , Бри Ларсон , Джемма Чан , Джимон Хонсу , Ли Пейс , Лашана Линч , Рюн Темт , Альхенис Перес Сото , Акира Акбар
Сценарий:
Мэг ЛеФов , Женева Робертсон-Дуорет , Анна Боден , Райан Флек
Продюсер:
Кевин Файги
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Әлемдік табысы:
$1 125 220 720
Қазақстандағы табысы:
₸597 778 772
Әлемдік премьера:
27 ақпан 2019
Қазақстандағы премьера:
7 наурыз 2019
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
123 минут
Суреттеме:

Фильм оқиғасы 1990 жылдары өтеді. Сюжетте Америка Әскери-әуе күштерінің пилоты Кэрол Денверс туралы баяндалады. Бөгде планета нәсілінің өкілімен кездескеннен кейін ерекше қабілетке ие болады.

Рейтинг:

6,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7(326659)
  • Кинопоиск: 6.609(76658)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Кэрол Денверстің хикаясы Марвелдің киноғаламына орта жолдан кіргізілгені анық байқалды. Дербес фильм, бәрінің приквелі деп қарағанның өзінде бұл кейіпкердің аздап бөтендеу әлем екені сезіліп тұрады. Енді бұл Кек алушылар қатарында қалай көрінер екен деген сұрақ туындайды.

    Фильмде Marvel-дің басқа оқиғаларына сілтемелер жетеді, оның үстіне Ник Фьюри мен Фил Колсон секілді ортақ персонаждар бар. Ол аз десең - "Галактика сақшыларындағы" Ронан-айыптаушы мен оның жендеті Корат-із кесуші де көрсетіледі. Бұның бәрі бірігіп, "Темір адамға" дейін болған оқиғаны майлы бояумен суреттеп беруге тырысады.

    Фильмді нашар дей алмаймын: экшн, юмор, сюжеттің құрылымы - бәрі өз орнында. Бәрі Marvel стилінде. Дегенмен бір шикілікті сезесің.

    Меніңше, басты олқылық - айтылған оқиғаның Марвел кинематографиялық ғаламының (бұдан былай - МКҒ) жалпы құрылымына еш әсер етпейтіндігінде жатыр ма деймін. Осыған дейін шыққан қаһармандардың дербес картиналары белгілі бір деңгейде жалпы концепцияға үлес қосу бағытында бір жаңалық алып келетін немесе ортақ сюжетті өрбітетін еді. Бұл жолы ондай байқай алмадым. Бұны МКҒ-ға бонус ретінде қарастырсақ дұрысырақ болар.

    Фильмнің 8 наурыз - әйелдер күніне орай шығуында себеп бар ма білмедім. Бірақ басты персонаж әйелдер құқығын ту қылып ұстайтындар қатарынан болып шықты. Феминистік ниет Денверстің тіпті сәби шағындағы көріністерден-ақ байқалады. Естуімше, актриса Бри Ларсонның өзі өмірде феминизмді ерекше ықыласпен жақтаушылардың бірі екен.

    МКҒ фанаттары үшін жағымды сәттер күтіп тұр. Атап айтқанда:

    - Ник Фьюри көзінен қалай айырылғанын білеміз (шын мәнінде өте күлкілі жағдай);

    - Қ.А.Л.Қ.А.Н. ұйымын құрудың алғышарттары;

    - Кэрол Денверс, яғни Капитан Марвел осы күнге дейін неге көрінбеді, неліктен Жерге қауіп төнгенде Кек алушыларға көмектеспеді. Бірақ фильмдегі аргументация да кереметтей салмақты дей алмас едім.

    - Скрулдар деген кімдер, Жер бетінде олар не істеп жүр.

    Ұмыт қалған фактілер де бар шығар, есімде қалғаны осы.

    Кейбір кемшіліктеріне қарамастан, бұл картина франшиза фанаттарының назарынан тыс қалмауы керек деп есептеймін. Тіпті жаңа ештеңе алмаған күннің өзінде, бөлек оқиға ретінде қарап, жай көңіл көтеріп қайтуға тұрады.

    6,5/10