• Біздің парақшалар:
  • Бұлттар атласы

    Облачный атлас

    Cloud Atlas

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ , Германия , Гонконг , Сингапур
Режиссер:
Лана Вачовски , Том Тыквер , Лилли Вачовски
Басты рөлдерде:
Джим Бродбент , Том Хэнкс , Холли Берри , Хьюго Уивинг , Джим Стерджесс , Пэ Ду На , Бен Уишоу , Джеймс Д’Арси , Кит Дэвид , Хью Грант , Жу Жу
Сценарий:
Лана Вачовски , Том Тыквер , Лилли Вачовски
Продюсер:
Том Тыквер , Лилли Вачовски , Штефан Арндт , Грант Хилл
Жанр:
Драма , Детектив , Фантастика
Бюджет:
$102 000 000
Әлемдік табысы:
$130 482 868
Әлемдік премьера:
8 қыркүйек 2012
Қазақстандағы премьера:
2 қараша 2012
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
172 минут
Суреттеме:

Фильм бір адамның алты рет инкарнацияға ұшырағанын, оның екеуі болашақта орын алғаны туралы баяндайды.

Рейтинг:

9,125

  • Дауыс бергендер: 8

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.4(330099)
  • Кинопоиск: 7.727(185680)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бастамас бұрын бірден ескертіп қояйын: рецензияны киноны көрген адамдар оқиды деп жазамын, яки мұнда сюжеті не киноның мазмұны емес, тек қана маған әсері мен өзім түйген ойлар тізбектеледі. Жалпы бұл кино жайлы Олег Борецкийдің айтқанынан аса алмаспын, бірақ бұл кинодан өзім көрген философиялық астарын жеткізуге тырысармын.

    Соңғы кездері фильмдер арасында 2-3 сағаттан созбалайтын тенденция қалыптасты. "Облачный атлас" бұл жағынан маған "Петля времени"-ді еске салды. Ол да 3 сағаттық экранға жабысқаннан кейін миыңды айналдырып-айналдырып төңкеріп орнына қойып қойғанға ұқсап еді. Жалпы "Облачный атлас"-тан кейінгі бірінші ойым: "Где же старые добрые тупые американские комедии?")) Бұл әрине әзіл. Қазіргі көрерменді бір реттік жеңіл юмордан гөрі, осындай интеллектуалды хардкормен азықтандыру керек, меніңше. Алайда әр нәрсе өз мөлшерімен болған дұрыс.

    Сонымен фильмге келер болсақ, күлген де жылаған да сәттер болды. Алдымен күлген сәттердің төресі -  қарттардың "қарттар үйінен" қашуы, әлбетте. Олай мен соңғы кездері бірде-бір комедияда күлмеппін. Бұл жерде Вачовскиларға бас июге болар. Немесе жас композитор Робтың қартқа елігуі...А-а ана автордың кітап сыншысын құлатып тастаған кезеңі ше...Немесе Сонмидің допроста отырып, сүйгені туралы айтқан кезі, ол сүйгені Архивариустың өзінен аумайтынын есептесең, күлкілі)) (қасымдағы адам "да это же он" дегенде жарылдым) Ал ана көзі очкиінен шығардай болған шалдың оқиғасы тіпті де қызық, оның өзіне қарап-ақ күлесің. Әсіресе доктор Хокс:)

    Осындай күлкілі сәттер мен фантастиканы, философияны ұштастыра білгені- нағыз шеберлік енді. Бұл фильм философиялық кітап сияқты. Адамның өз қорқынышымен, ар-ұятымен күресі (старина Джорджидан қашып жүретін адамның мысалында), еркіндікке ұмтылысы, әділетсіз, қанаушы жүйеге қарсы тұра білуі (Сонми оқиғасы), қашанда адамгершілігін сатпауы (Қара нәсілді құл мен Юинг), шындық үшін күресе білуі (Рэй журналистканың оқиғасы)...осы сынды ұрандарды жеткізгісі келетіндей.

    Осылардың ішінде ең ұнағаны - Сонми оқиғасы. Әсіресе 2346 жылдағы үлкен тауға көтерілгендегі ақ киімді қыздың соңында әңгімесін айтып отырған шалға "саған шындықты түсіндірейін" деп "Расында сендердің Сонми деп Құдай ретінде табынып жүргендерің 2144 жылы өмір сүріп кеткен қайғы-мұңды да білген адам" дегені. Яғни олардан бұрын өмір сүрген, еркіндік үшін күрескен, белгілі бір философияны насихаттаған қарапайым қыз, 200 жыл кейін олар үшін табынатын Құдай болып отыр. Меніңше, мықты ой.

    Бір сөзбен айтқанда, бұл кино есте қаларлық, ойлануға жетелейтін, философиялық экстаз сыйлайтын кинолардың қатарында. Не дегенмен, жай ғана бей-жай қалдырмайды.