• Біздің парақшалар:
  • Біз

    Мы

    Us

Жыл:
2019
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Джордан Пил
Басты рөлдерде:
Лупита Нионго , Элизабет Мосс , Яхья Абдул-Матин II , Уинстон Дьюк , Тим Хайдекер , Анна Диоп , Ивэн Алекс , Шахади Райт Джозеф , Мэдисон Карри , Кали Шелдон , Ноэль Шелдон
Сценарий:
Джордан Пил
Продюсер:
Джейсон Блум , Шон МакКиттрик , Джордан Пил , Иэн Купер
Жанр:
Триллер , Үрейлі
Бюджет:
$20 000 000
Қазақстандағы табысы:
₸5 281 550
Әлемдік премьера:
8 наурыз 2019
Қазақстандағы премьера:
28 наурыз 2019
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
116 минут
Суреттеме:

Бір отбасы қала сыртындағы жағажайға демалуға аттанады. Түн ортасында олардың маңайында әлдекімдер пайда болады. Ең қорқыныштысы сол - әлгі бөтен адамдар бұлардың дәл көшірмесі болып шығады.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2
  • IMDb: 6.9(164260)
  • Кинопоиск: 6.299(38309)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Комедианттардың салмақты киноға келіп, "әу" дегенін бақылаудың өзі қызық. Біздің жағдайда - ол Нұртас Адамбай және оның "Таразы" мен "Лифтісі". Ашығын айту керек, бір көргеннен кейін екінші айналып оралғың келмейтін фильмдер. Ешқандай астары да жоқ, жеткізетін ойы да тайыз, баяндалуы түзу сызықпен жүретін бір реттік жұмыстар.

    Джордан Пилді біздің Адамбаймен салыстыру орынды ма, білмедім. Бірақ Голливуд мысалында комедиядан салмақты киноға өткен адамдардың бірі осы Пил.

    Оның осы бағыттағы алғашқы жұмысы - "Аулақ" онша тарта қоймады. Картинаның бір қалыпты сюжетінің астарында әлеуметтік, қоғамдық түйткіл мен астарлы мағынасы жатқанына аса мән бермеппін.

    Бірақ "Біз" алдыңғысына қарағанда анағұрлым ұғынықты, көркемдік тұрғыдан да алда тұр ма деймін. Бұл жерде өз-өзіне ирония (фильм жағдайында - қара нәсілділердің өзіне), сатирамен шымшу, аздап комедия, драма мен триллер бар. Осылардың бәрі сәтті үйлесіп, орынды қолданылған.

    "Оскар" алғың келсе қара нәсілділердің құқығына қатысты мәселе көтеру жеткілікті болып кетті ғой қазір. Джордан Пил тіпті осы құбылысты да әжуа қылғандай болады. Бір қуантқаны - қаралардың қазіргі қоғамдағы орнын өзгелер секілді дөрекі әрі тура мысалмен емес, астармен, аллюзиямен жеткізеді.

    Фильмнің әмбебаптығын атап өту қажет. Яғни астарына үңілмей, таза треш қойылым көруге келген адам үшін хоррор элементтері бар триллер болып шыққан.

    Сөзсіз, биыл көргендерімнің ішінде үздіктер қатарында.