• Біздің парақшалар:
  • Кровавый транзит

    The Mongolian Connection

Жыл:
2018
Ел:
Моңғолия
Режиссер:
Дрю Томас
Басты рөлдерде:
Санжар Мәди , Жандос Айбасов , Каиви Лайман , Брэндон Фоббс , Балжиннямын Амарсайхан , Бямбын Цэцэгээ , Кейт Амундсен , Дебора Пуэтте
Сценарий:
Дрю Томас , Калеб Монро
Продюсер:
Гауһар Нұртас , Дрю Томас , Балжиннямын Амарсайхан , Josua Fischer
Жанр:
Боевик
Қазақстандағы табысы:
₸17 525 040
Қазақстандағы премьера:
9 мамыр 2019
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

ФТБ агенті Уэйд Далтон адам саудасымен айналысатын қылмыстық синдикат мүшесі – Серік Ибраевты қолға түсіреді. Далтон моңғол полицейі Ганзоригпен бірге оны Моңғолияға тездетіп жеткізуі керек. Ибраев синдикат басшысы Тенжинге қарсы түсінік беруі тиіс. Алайда Тенжин оларды жолдан тоқтату үшін бәріне дайын.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 1
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(10)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бара жатқан кезде қандай фильм болар екен? Моңғолия түсірген фильмдер біздің фильмдермен салыстыруға бола ма? деген сияқты көп оймен бардым. Бірден айту керек фильм мен күткеннен де күшті болып шықты. Сонымен фильм несімен ұнады:

    1. Актерлық құрам. Пресс-показда фильмнің продюссері айтқандай, фильмнің сценариі жазылған кезде бірден Санжар Мәдиев және моңғол актерлары түсіріледі деп бірден соларды елестетіп отырып жазылған. Расымен, олар қателеспеген сияқты. Санжарды көбі мойындамайды, бірақ, оның актерлығы керемет. Бұл фильмде ол өзін жақсы қырынан аша түскен. Адам сатушы бола тұра, оның сымбаттылығын, мейірімін, ақылдығын, тіпті төбелесу мәнерін ұнатып отырасың.

    Ал Жандостың орнына басында Еркебұлан Дайыров қарастырылыпты. Бірақ, Жандосты Санжар ұсынғандықтан, Жандостың киноларын қарап шыққан американдық режиссер бірден Жандосты ұнатқан. Фильмдегі Жандос өзінің қатыгез, жауыз, нағыз мафия әлемінде жүрген адам екеніне сендіре алды. Оның қозғалысы, сөйлеу мәнері, тіпті киіну стилі ұнады, расымен оны бір сәтте жеккөріп кетуге болады.

    Моңғолияның актриса қызы әдемі, нәзік. Оның бар мақсаты сол болғасын, ол бірден қыз бірден көзге түседі.

    Жандос пен Санжардың тандемі әдемі шыққан. Әсіресе екеуінің жеке төбелесі адамды бей-жай қалдырмайды.

    2. Сценарий. Бір фильмдердің сценариіне ұқсаттым, бірақ өз ерекшеліктері бар. Біздің комедиядан жалыққан ортамызға жаңа леп болатынына сенімдімін. Атыс-шабысты жақсы көретіндер үшін фильм өте жақсы шыққан. Төбелес кезінде қандай тәсілдер қолдануға болатынын көруге, байқауға болады. Фильм адамды жалықтырмайды.

    3. Түсіру сапасы. Сапа бірден көзге түседі. Картина сізге фильмдегі атмосфераны береді. Бір сәт Моңғолияның қақ ортасында алтын іздеушілерді қинаушылар мен отырсаңыз, бір сәтте пойыздың ішіндегі төбелестің ортасында отырып алып тамашалап отырғандай боласыз.

    Фильмді қарап шығуға кеңес беремін.