• Біздің парақшалар:
  • Өрмекші-адам: Үйден жырақта

    Человек-паук: Вдали от дома

    Spider-Man: Far from Home

Жыл:
2019
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Джон Уоттс
Басты рөлдерде:
Джейк Джилленхол , Сэмюэл Л. Джексон , Мариса Томей , Том Холланд , Коби Смолдерс , Джон Фавро , Мартин Старр , Тони Револори , Энгаури Райс , Зендея , Джейкоб Баталон , Дж.Б. Смув
Сценарий:
Крис МакКенна , Эрик Соммерс
Продюсер:
Кевин Файги , Эми Паскаль
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$160 000 000
Әлемдік табысы:
$1 130 548 094
Қазақстандағы табысы:
₸567 921 599
Әлемдік премьера:
26 маусым 2019
Қазақстандағы премьера:
4 шілде 2019
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
129 минут
Суреттеме:

Питер Паркер сыныптастарымен бірге Еуропаға саяхатқа аттанады. Бірақ бұл жақта Қ.А.Л.Қ.А.Н. басшысы Ник Фьюриге Өрмекшінің көмегі қажет болады. Жаңа жау - табиғаттың күштерін басқара алатын Элементалдер. Питер Паркерге көмекке Мистерио есімді қаһарман көмекке келеді.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(233432)
  • Кинопоиск: 7.303(74991)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • "Өрмекші-адам: Үйден алыста" - сюжет тұрғысынан да, визуал эффектілер тұрғысынан да үлкен аттракцион. Бірінші бөлімде көрсетпеген небір трюктер мен эффектілерді көрсетті. Сюжеті фокус/сиқыр тақырыбына арналады, ол аздай фильмнің өзін үлкен фокус/сиқыр етіп ұсынған. Сондай бір каламбур ("Ералаштың" музыкасы: пю-пю-пю-пюююю). Осылайша көрермен санасымен ойнау.

    Десек те "Кек алушылардың" финалымен тікелей байланысты болуы, Марвел киноғаламына, әсіресе Темір адамға сілтемелер мен құрмет нышандары барлық кемшілігін жуып-шайып тұр.

    Мистерио образындағы Джейк Джилленхол тамаша. Тек кейіпкерінің образы сценаристер тарапынан аздап жете жасалмағандай әсер етті. Болашақта оралып жатса оған көбірек мүмкіндік ашыла жатар.

    Сюжет пен кейбір деталдарды түсіндіру тұрғысында ашылмай қалған бір-екі сұрақ бар. Дегенмен МКҒ фанаттарының көңілінен шығатыны анық. Әзіл, махаббат, Өрмекшінің мотивациясы мен ішкі күйзелісі, әрекеттеріне сендіруі - бәрі өз орнында.

  • Трейлерін қараған кезде аздап сенімсіздік болған, бірақ фильм сондай көңілді шыққан. Питердің жасына сай жастықтың желі есіп тұр + жаз болғандықтан фильм көңілді әрі қызықты болды. Таңдалған музыкаларда позитивке толы.

    Иллюзия қатты ұнады, прям ерекше бере алған. Былай қарасаң фильмнің өзі біздің санамымызбен ойнау ғой, ал мында иллюзияның мүмкіндігінің қандай екенін ашып көрсете алды, сендіре алды.

    Жалпы алғанда Марвел өз мақсатына қол жеткізген, фильм қызықты әрі ерекше. Маған ұнады, әрі Питер Паркерден нағыз жастық шақтың энергиясы ұрып тұр.