• Біздің парақшалар:
  • Әлдекім: Екінші тарау

    Оно 2

    It Chapter Two

Жыл:
2019
Ел:
АҚШ , Канада
Слоган:
«You'll Float Again»
Режиссер:
Андрес Мускетти
Басты рөлдерде:
Джессика Честейн , Джеймс МакЭвой , Билл Хейдер , Джеймс Рэнсон , Билл Скарсгард , Джейден Мартелл , Джереми Рэй Тейлор , София Лиллис , Финн Вулфард , Чоузен Джейкобс , Джек Дилан Грейзер , Айзая Мустафа , Джей Райан , Энди Бин , Уайатт Олефф
Сценарий:
Стивен Кинг , Гари Доберман
Продюсер:
Дэн Лин , Рой Ли , Барбара Мускетти
Жанр:
Үрейлі
Әлемдік премьера:
4 қыркүйек 2019
Қазақстандағы премьера:
5 қыркүйек 2019
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
169 минут
Суреттеме:

Екінші тарауда есейген басты кейіпкерлер балалық шақта қалған зұлым күш иесімен қайта бетпе-бет келеді. Бірінші фильмнен кейін арада 27 жыл өтеді. Қорқынышты клоун Пеннивайз қайта оралады.

Рейтинг:

5

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7(59742)
  • Кинопоиск: 6.887(35332)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бірінші бөлімде Әлдекімнің өз изюминкасы болды: Қолдап-қорғаштауды қажет ететін, онсыз да проблемалы лузер балаларды одан бетер үреймен қорлап, әбден ит сілікпесін шығарған-тын. Аяушылықты білмейтін осындай қасиетімен денеңді тітіркендіретін күшке ие еді. Есейген, тұлға болып қалыптасқан ересек азаматтар мен клоунның текетіресі онша тарта қоймады.

    Оның үстіне Пеннивайз да бұрынғыдай аса қорқынышты емес. Орасан күшке ие бұрынғы зұлым-құбыжықтан ештеңе қалмаған, назар жетіспеушіліктен комплекске ұрынған, аздап психикалық ауытқушылығы бар жасөспірімді еске түсірді. Ал бұндай адами міні бар құбыжық ендігәрі қорқынышты емес. Оның тылсымдығын, беймәлім кейпін сақтап қалу керек еді.

    3 сағатқа жуық созғылағаны нағыз мылжыңдық болды. Бө! деп аттракциондық қорқытулары болмаса, образбен, атмосферамен, тылсыммен шошыту әрекеттері іске аспады.

    Юморды көбейткендері де бір жағынан жақсы шығар, бірақ хоррорға тән атмосфераға енуге кішкене кедергі болғаны анық. Шығарма мен экранизацияның алшақтығы байқалады. Кино нұсқасы таза попкорндық болып кеткені қынжылтады.