• Біздің парақшалар:
  • Красавчики до нашей эры

Жыл:
2019
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Медет Аманбаев
Басты рөлдерде:
Дәурен Айдарқұлов , Мейірхан Шерниязов , Медет Аманбаев , Мейіржан Төребаев , Нұржан Әуезхан , Әділжан Шомбалов , Жаһан Отарғалиев , Сабира Ақатай
Сценарий:
Мейірхан Шерниязов , Медет Аманбаев , Мейіржан Төребаев
Продюсер:
Мейірхан Шерниязов , Мейіржан Төребаев
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы премьера:
21 қараша 2019
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
80 минут
Суреттеме:

"Красавчиктер тайпасы" деп аталатын 18 адамнан құралған ежелгі заманғы тайпаның оқиғасы. Олар ештеңеге мұқтаж емес, бос уақытын көлеңкеде өткізіп, жайбарақат күн кешуде. Красавчиктер "жұмысшылар тайпасы" деп аталатын көрші тайпаның есебінен өмір сүреді. Бір күні "жұмысшылар" мекенін тастап кетіп қалады. Енді "красавчиктерде" қорек жоқ, сол себепті оларда екі жол бар: жұмыс істеп, аң аулап көру немесе кетіп қалған тайпаны іздеп табу.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Жәй ғана кино көріп көңіл көтергіңіз келсе осы фильмге барыңыз. Мейіржан мен Мейірханның өздері айтпақшы, "ешқандай мағына, логика не мән іздеудің қажеті жоқ. Жәй ғана кино көріп, күліп қайтыңыз".

    "Регистратор" фильмін ұсынған Медет Аманбаев пен Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов үшеуі біргіп тағы бір фильмді түсіруге шешім қабылдаған. Фильм Алтын емел саябағында 20 күннің ішінде түсірілген екен. Үшеуі бірігіп сценариін жазған. Фильмді түсіру идеясы осыдан 2 жыл бұрын келген.

    Фильм қазіргі біздегі бар комедиялардан жанры ерекше. Киімдері мен қимылдарына, түр әлпетіне қарап-ақ күліп отырасың. Фильм ерте заманғы болса да заманауи өмірдің сөздері мен кейбір фишкаларын қолданған.

    Ешқандай мағына іздемеңіздер дегенмен, фильмде қазақтардың еріншектігі мен ертеңгі күндерін ойламайтындығы мен билікке ұмтылғыш келетінін сынға алған.

    Шынымен, той тақырыбынан жалыққандарға бір ерекшелік бере алатын қызық комедия болған. Әр кейіпкер ойланылған және әр қайсысының сөздік қоры жақсы берлген.

    Көңіл көтеріп, күліп қайтуға арналған жақсы комедия шығара алған.