• Біздің парақшалар:
  • Біздің заманнан кейін

    После нашей эры

    After Earth

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Danger is real. Fear is a choice."
Режиссер:
М. Найт Шьямалан
Басты рөлдерде:
Уилл Смит , Джейден Смит , Софи Оконедо , Зои Кравиц , Гленн Моршауэр , Кристофер Хивью , Саша Дхаван , Крис Гир , Диего Клаттенхофф , Дэвид Денман
Сценарий:
Уилл Смит , М. Найт Шьямалан , Гари Уитта
Продюсер:
Джада Пинкетт Смит , Калиб Пинкетт , Джеймс Ласситер
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$130 000 000
Әлемдік табысы:
$245 055 287
Қазақстандағы табысы:
〒186 609 671
Әлемдік премьера:
1 мамыр 2013
Қазақстандағы премьера:
6 маусым 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
100 минут
Суреттеме:

Оқиға біздің заманымыздан мың жыл өткеннен кейін болады. Жойқын апаттан кейін адамзат Жерді тастап, Нова Прайм деген басқа ғаламшарға көшіп кеткен. Жауынгерлік тапсырманы орындап келе жатқан генерал Сайфер Рейдж ұлы Китаймен бірге мінген аппарат апатқа ұшырап, бөтен болып кеткен Жерге құлайды. Әке қираған кеменің астында қалады. 13 жасар ұлы құтқару маягын табуы тиіс. 

Рейтинг:

8,2

  • Дауыс бергендер: 5

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.8(182360)
  • Кинопоиск: 5.81(78070)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Біз өмір сүрмеген заманда, егер де жерде адам сүрмесе не болады деп ойланып көріп пе едіңіз? Ал мен бұл жайлы көп ойлап, тіпті небір деректі кинолар көріп біраз елестеткен ем. Ал сіз, жер адам өмір сүруге ең жарамайтын жер болып қалуы мүмкін деп ойладыңыз ба? Жоқ, мен де мұны ойламадым. Ойламадым. "Біздің заманымыздан кейін" фильмін көріп осы сұрақ ойландырды... Ол жайында кейінірек.

    Ал қазір әңгіме фильм жайында... Жерде адамдар өмір сүре алмайтын жағдайға жеткесін адамның бәрі басқа әлемге көшіріледі. Бірақ, басқа жерде ешкімді ешкім қол жайып күтіп отырмайды. Ол әлемде адам жегіш урса деген жалмауыз адамдары қыра бастайды. Әр нәрсенің өз әлсіз тұсы болатындай урсаның да әлсіз тұсы - көрмейтіндігі. Қуанбаңыз, бірақ ол адамның қорқынышы арқылы адамды тез тауып алатын қасиетке ие... Қорқыныштарын жеңген адам ғана бұл заманда өмір сүре алады. Қорқынышын жеңе білген адамдардан топ құрылып, адамзатты қорғауға шығады. Осы топтың басшысының ұлының ең үлкен қорқынышы да урса еді...

    Баласы екеуінің кемелері жерге құлап, жерден екеуіне аман қайту миссиясы тұрады. Әкесі жараланып, көмек шақыратын құралды тауып әкелу баласына тапсырылады. Ал баласы жер әлемімен мүлдем таныс емес... Не болмақ???

    Жер демекші, жерде адам болмағасын мүлдем басқа боп кеткен. Тіпті таңқаласың, не бәрі адамзатқа қарсы ма??? Барлық аңдар көбейіп, нағыз аң боп кеткен бе???

    Мен сияқты фантастиканы ұнататын адамдарға фильм үлкен әсер қалдыратынына өте сенімдімін. Себебі өзің көріп жүрген әлем өзгерісі мен дамыған технологияның жетістіктері сені таңқалдырмай қоймайды. Өзінің бір жеке әлеміне шақыра біледі.

    Киноның басты тақырыбы - өз қорқынышың. Адамда қорқыныш жоқ, ол тек сенің ойыңның, иллюзияңның жемісі ғана. Қорқынышыңды жеңіп болашаққа тік қарап саған сенген адамдардың сенімін сезіне алсаң қорқыныштың күл паршасы шығады...

    Уилл Смит пен ұлы фильмдегі рөлдерін жақсы алып шыға алған. Әкелік пен жұмыстық қарым-қатынас арасын жақсы көрсете білген. Қорқыныш, сенім, мейірім бәрін бере білген. Екеуіне де жақсы деген баға бере алам.

  • Смиттер отбасы фанатының көзімен

    Ғылыми-фантастикалық жанр үшін қысқа хронометраж болып саналатын 100 минут "Біздің заманымыздан кейін" фильмінің бас-аяғын ашып көрсете алмаса да, заманауи техникалық құрал-жабдықтың, соны ішінде кино түсірілімінде алғашқы рет қолданылып отырған Sony F65 камерасының мүмкіндіктерін ашып көрсете алған секілді. Бірақ, бұл шеңберге компьютерлік анимация кірмейді, себебі, Джейден Смитті қуғынға ұшыратқан жыртқыш атаулы ортанқол маманның қолынан шыққандай әсер қалдырады (бәлкім, солай да шығар). 

    Жер планетасының түбіне жеткен жебір адамзат алып-алып кемелермен әлдебір Нова Прайм атты жаңа ғаламшарға келіп, қоныс тебеді. Жергілікті аборигендер жіберген құбыжық урсаларға қарсы күрес кезінде қорқуды білмейтін (тура мағынасында, себебі, урсалар көздері көрмесе де, қорыққан кісінің тәнінен бөлінетін феромондар арқылы құтырады) кей жауынгер ел-жұртты аман сақтап қалуға белсене кіріседі.

    Қош делік... Адам атаулының Жерді тастап шыққанына 1 000 жыл өтті. Праймға бой үйренді, үйіміз деп қабылдай бастады.

    Осындай күндердің бірінде жаттығу аумағына бара жатқан кеме алыс космоста апатқа ұшырайды. Әлдебір ғаламшарға келіп, екі бөлініп құлаған аппараттың ішінде екі адам - Уилл Смиттің кейіпкері, урсаларды қынадай қырған генерал Сайфер Рейдж бен оның жасөспірім ұлы Китай (Қытай?) тірі қалады. Екі аяғы бірдей сынған әке ұлына 100 шақырым жере жатқан кеменің құйрығын тауып, апат белгісін жіберетін құралды іске қосуға бұйырады. Китай қалбалаңдап жолға шығады...

    Режиссер М. Найт Шьямалан күтпеген финал көрсетуімен ерекшеленген маман-ды. Алайда, сценарий бойынша болуы мүмкін жалғыз интрига - кеме құлаған ғаламшардың атауын, Жер екенін ол трейлерде-ақ ашып тастаған болатын. Сондықтан, кілт өзгеретін сюжеттік бұрылыстар, жүрегіңді атқақтатып, "ах-ах, енді не болар екен" дегізетін оқиғалар онша бола қоймайды. Әрине, кіші Смиттің маймылдардан қашып, жолбарыспен төбелесіп, жардан секіргені қызықты-ақ, бірақ алдын-ала көрерменді қызықты пре-тарихымен қопаңдатып алған фильм авторлары алдап кеткендей болады. Әйтпесе, урсалар қайдан келді, кім жіберді, эволюция үшін бір секундқа тең мың жыл ішінде Жер, шөп-шалам, аң неге сонша өзгеріп кетті деген сұрақтар мазалайды-ақ екен!

    Фильмге оң қабақты динамикасына, әке мен бала арасындағы өмірдегі туыстық қарым-қатынастың, шынайлықтың экранда берілуіне, көрерменді кейбір сахналарында селк еткізуіне қарап танытуға болады.

    Сюжеттік оқиғаны Уилл Смиттің өзі ойлап, жазған екен. Тек алғашқыда нұсқада алыс Аляскада боран астында көлік апатына түскен әке мен баланың арасы, көмек іздеуге кеткен ұлдың басынан кешкендері суреттеліпті. Әттең деймін де... Бір емес, бірнеше фильмге жүк боларлық сценарийді әкеліп, тақырыбын ашуға мүмкіндік бермейтін жүз минутқа тыққанша, сол алғашқы нұсқаны-ақ ала беру керек пе еді..?

    Фильм масштабымен, Джейден Смиттің тырысып ойнауымен, қиялыңды кеңге қанат жайдыруға жол ашатынымен ұнады. Кейбір логикалық қарама-қайшылық пен бірді-екілі голливудтық клишелерге қарамастан. Бірақ, мен Смиттер отбасын керемет құрметтейтін адаммын ғой. Сондықтан...