• Біздің парақшалар:
  • Монстрлар университеті

    Университет монстров

    Monsters University

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Дэн Скэнлон
Басты рөлдерде:
Джон Гудман , Стив Бушеми , Билли Кристал , Шон Хейс , Хелен Миррен , Обри Плаза , Джоэль Мюррей , Бобби Мойнахан , Питер Сон , Дэйв Фоли , Чарли Дэй , Альфред Молина , Ной Джонстон
Сценарий:
Дэн Скэнлон
Продюсер:
Джон Лассетер
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы , Мультфильм
Бюджет:
$136 500 000
Әлемдік табысы:
$743 559 607
Қазақстандағы табысы:
〒158 496 046
Әлемдік премьера:
8 маусым 2013
Қазақстандағы премьера:
20 маусым 2013
Жас шектеуі:
G - Жасқа шектеу қойылмайды
Ұзақтығы:
107 минут
Суреттеме:

«Монстрлар Университетi» Майк пен Саллидің қалай танысқанын, өзара араздықтың мызғымас достыққа айналу тарихын баяндайды.

Рейтинг:

7,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.3(300834)
  • Кинопоиск: 7.561(93498)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Майк пен Салли "Корпорацияда" көрсетілгендей үнемі ажырамас дос болып жүрмеген екен. Бұл приквелде екеуі қалай танысқанын, қорқытушылардың мекемесіне қалай жұмысқа орналасқанын біле аламыз.

    Шыны керек, барлық бүге-шегесі ойластырылған приквел күтпеген едім. Мультфильмнің түпнұсқамен байланысы кейбір кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы әдемі жеткізілген.

    Бір-біріне түр жағынан да, мінез-құлық жағынан да ұқсамайтын монстрлардың бейнесі есте қаларлықтай етіп жасалған. Кейбір кейіпкерлердің образдарының жарқындығы сонша, оны бұрыннан білетін таныс тұлғадай қабылдап қалуыңыз ғажап емес.

    Дубляж

    "Монстрлар университеті" - қазақ тіліне аударылған жалпы бесінші, ал биылғы алғашқы Голливуд туындысы. Осыған дейінгі жобалармен салыстыра келе, "Көліктер 2" деңгейіндегі шүкір деуге келерлік аудармасы бар мультфильм екен деп шештім.

    Толық дубляж деуге әлі ертелеу. Осыған дейінгі аударылған киноөнімдер секілді, бұл жерде де тек кейіпкерлер таза дыбысталған. Фильм барысындағы жазулар мен кіріспе/ақырғы титрлар орыс тілінде қалып отыр. Бұның бәрі түптеп келгенде мультфильмді таза "қазақи қабылдауға" кедергі болары анық. Десек те осыған да рахмет.

    Кейіпкерлердің ішінен Майк Вазовскийдің (Дулыға Ақмолда), Салливанның (Руслан Сенкебаев) және Декан Хардкрабблдың (Лидия Каденова) қазақша дыбысталуы керемет шыққан. Айтпақшы, Вазовскидің бала кезіндегі бейнесін қазақша сөйлеткен балаға да құрмет білдіремін (қателеспесем, оны балалар үйінің тәрбиеленушісі дыбыстады).

     

    Сөз соңында, киноға баруға екі ойлы болып отырған көрерменге ойланбай-ақ билет ала беруге кеңес берер едім. Қыран-топан күлкі мен көз алмай қарайтын қызықтарға кепілдік беремін.  

  • Монстрлар туралы мультфильмнің кішкентай бүлдіршіндердің сүйікті мультфильміне айналғалы қашан...Міне, енді сүйікті мультигіміз қазақ тілінде сөйлеп жатқаны қуантты. Қазақша аударма дегенге алдында "қап" дегендей болғам... Мультфильмге кіріп кеткенім сонша аударманың қазақша аудармасынан қателік байқамадым. Тек бір-екі жердікі тым дөрекі аудырылған демесең....

    Тіпті мультфильмді көріп отырып кейіпкерлердің құбыжықтар екенін де ұмытып кетесің. Мультфильмнің қалай жасалғанын оқып отырып түсірушілер өз мақсаттарын жақсы орындағандары байқалып тұр. "Құбыжықтар қалай болады?" деген сұрақтың өзіне сүйкімді құбыжықтың мың түрін де ұсынып тастаған сияқты. Біз құбыжықтар деген де тек жаман ой мен қорқынышымыз есімізге түседі. Ал олардың да өз әлемі бар екеніне еш ойланбаймыз ғой. Олардың да өз арманы өз мақсаты барына Пиксар біраз ой тастады бізге.

    Монстрлар университетінде жалғыз көзді Майк Вазовски мен Саллидің қалай танысып, қалай дос болғандарын баян етеді. Екеуі бір-бірінің жартысы сияқты.Мультфильм желісі кез-келген американдық фильм сияқты "өз мотивацияңды жасап, соған қарай арманыңа ұмтыл" деген  ұранға сай түсірілген. Міндетті түрде әлсіздер мықты болып, жеңіске жетіп жатады. Мүмкін өмірде де сондай шығар...

    Мультфильмде ең ұнаған бейне Декан Хардкраббл болды, қаталдығы, қорқыныштылығы бәрі күшті көрсетілген. Лидия апайымыздың дыбыстауы қатты ұнады, рөлге кіріп керемет дыбыстаған.

     

    Үйдегі кішкентайларды, достарыңызды апарып, көңілін көтеріп, күлдіріп қуандырып қайтамын десеңіз мультфильмге баруға кеңес берем. Өте көңілді. Бастысы қазақшасына барыңыз, аударма сапалы!