• Біздің парақшалар:
  • Жалғыз рейнджер

    Одинокий рейнджер

    The Lone Ranger

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Гор Вербински
Басты рөлдерде:
Джонни Депп , Хелена Бонем Картер , Рут Уилсон , Барри Пеппер , Арми Хаммер , Джеймс Бэдж Дэйл , Том Уилкинсон , Уильям Фихтнер , Джеймс Фрейн , Гарри Тредэвэй , Стивен Рут
Сценарий:
Джастин Хэйс , Тед Эллиот , Терри Россио
Продюсер:
Джонни Депп , Гор Вербински , Джерри Брукхаймер
Жанр:
Комедия , Боевик , Қызық оқиғалы , Вестерн
Бюджет:
$215 000 000
Әлемдік табысы:
$260 502 115
Қазақстандағы табысы:
〒109 551 666
Әлемдік премьера:
3 шілде 2013
Қазақстандағы премьера:
4 шілде 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
149 минут
Суреттеме:

Хикая Джон Рейд есімді әділетсіздікпен күресуші жайында. Үндіс Тонтомен бірігіп ақиқат жолында шайқасқа түскен атақты бетперделі қаһарманға айналады. Екеуі бір-біріне ұқсамаса да, ортақ жаулары үшін тағдырдың жазуымен күш біріктірген кейіпкерлер туралы қызықты да күлкілі оқиға. Олар алғашқы темір жолдың пайда болуымен әлемдегі билік пен құдірет туралы көзқарасты өзгертіп жіберген заманда жемқорлық пен ашкөздікке қарсы күреседі.

Рейтинг:

5,75

  • Дауыс бергендер: 4
  • IMDb: 6.4(210294)
  • Кинопоиск: 6.781(107333)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Бет пердеңді ешқашан шешпе..

    Ех Джонни, Джонни... Сенің қатысуыңмен кез-келген киноның сүйікті көрерменінің бірі екенімді мойындаймын... Сен кім болмадың? Пират, вампир, енді міне есі ауысқан үндіс...

    Кино, "заңда ең адал адамдар ғана қызмет ете аладыдеген түсінікпен өмір сүрген Джон Рейдтің заңда да қарама қайшылықтың көптігін түсініп, заңды орнатудың басқа әдіске көшуіне себепкер болуынан бастау алады. Заң білімінің теориялық нұсқасын жаттап, еліне оралған Джон өз еліне қайтады. Джонның еліне пойыз жолының түсіп, өркениеттің енді келіп жатқан тұсы еді... Ол келе жатқан пойыздың ішінде осы жолдың салуына тікелей себепкер болған екі адам бірге келе жатады. Оның бірі атақты қылмыскер және есі ауысқан үндіс. Жалғыз Рейнджер Джон өзінің болашақ ақылшысы, болашақ қасымен осы тұста танысады.

    Жалғыз Рейнджер, кино тарихпен, батырлықпен, ақшамен, сұлу қыздармен, дана адамдармен байланыстыруға болады. Өмірдегідей махаббатта, өшпенділікте, пенделікте, сатқындықта орын алған.

    Үндістердің ұлылығы, даналығы, аңқаулығы да көрінеді. Джонни бұл қасиеттерді ашып көрсете білген. Фантазияға да ерік берсе де, Джоннидің тарапынан болған қылықтары киноның комедияға жақын қылып жіберген. Олай етпесе Джонни, Джонни бола ма?

    Кинодағы ертедегі батыс әлемі мен табиғаты адамды өзіне бірден тартып алады, тарихи сәттерді өз көзіңмен көргендей боласың. Жалпы деймін да, әлемді қозғауға түсірген нәрсе "адамардың баюға деген ниеті" ма деп қалам?. себебі, қарап отырсаң жер әлемді шарлаған темір жолдың бәрі тек табиғи байлықтарды тасу үшін жасалған. жаңа жолдар, жаңа қалаларда сол мақсатта құралған.

    "Жалғыз Рейнджердің" қазақ тіліндегі дубляжына (аудармасына) қатесіз аударылған, жақсы дыбысталған. Тек, бір-екі ғана кемшілік.

    1. Кім дыбыстағанын білмеймін. Джонни Деппті дыбыстаған адам Джоннидің рөліндегі эмоцияны бере алмаған. Киноның ішінде қандай эмоция болып жатса да, сөздердің оның соншалықты эмоциясын сезе алмадым. Өтініш, эмоцияларыңызды ұстап қалмаңыздаршы, себебі ол Джонни Депп қой! 

    2. Аударма қатесіз дедім, бірақ тым мәдениетті. Мен білетін Джоннидің киносында әйтеуір бір әдепсіз сөз болады, сол сөздер міндетті түрде киноның өңін ашады. Ал қазақша нұсқасында бәрін қазақша мәдениетті сөздермен аударылып ауыстырылған кезде соншалықты керемет әсер бере алмаған.  

    Ал киноға келер болсам, көруге тиіспін деген кинолар тізіміне енгізіп қойыңыз. Пираттар сияқты қайта-қайта көретін фильміңізге айналатынына сенімдімін. Орысша тәрбиеленген сіңілімді қазақша нұсқасына апарып алып қорқып отырдым, оған ұнады бәрі түсінікті деді. Ал маған ерекше ұнады. қазақша киноға барайық, бізде әлем киноларын өз тілімізде естіп көруге құқымыз бар екенін дәлелдейік!!!

  • Джонни Д?

    Жалпы фильмнің бастамасы жақсы басталған: керемет жарнама, керемет актерлер, өте тіпті өте үлкен бюджет... бірақ фильм  "Киностандағы" жаңа ғасырдағы үлкен шығынға ұшыраған  фильмдерді бастауға мәжбүр болатыны әрине өкінішті.

    Ал енді барлығын кезекпен:

    1. Сценарий: фильмнің ең шамалы жағынын бірі шығар, фильм жасаушы Г.Вербински әрине оқиғаны асықпай әрі мұқият, бір жағынан қызықты келген шығар, бірақ 2,5 сағат жазғы блокбастерге жібергін келмейді, және де фильмнің қай аудиторияға арналғанын да соңына дейін білмеген тәрізді, бір жағынан жақсы вестерн, бір жағынан жақсы комедия, бірақ зорлық-зомбылығы көп (әсірісе Б.Кавендиштің Тонтоның ағасының жүрегін жеу неге тұрады?)  не комедия, не вестерн болып шыққан...

    2. Актерлар ойыны: бұл фильмнің ең күшті тұсы деуге болады, Джонни Депп өзінің амплуасыменен фильмді құтқарып десек те болады, ал А.Хаммер өз деңгейінде ойнап шықты, тіпті асып түсті десек те болады, ал Х.Б. Картер керемет актриса екеніне тағы да көз жеткіздім, қарсыластары да керемет ойнап шықты...

    3. Фильмдегі арнайы эффектілер өте керемет, қолдан жасалғаны көрініп тұр, бұл жасыл жапсырмадағы фильм емес, нағыз эффектілерді көрсетті, бірақ бір жағынан осы жәйт те фильмнің бюджетін еріксіз арттырып, фильмнің өзін-өзі ақтап шығуға өзінің кері әсерін тигізді...

    Енді жергілектендіруга келсек(локализация), ол бұрыңғыдай әлсіз болып шықты,

    фильмдегі көңіл-күйді бере алмай тұр, меніңше бізге Ресейдегідей аударудағы шағын "революция" керек секілді, Ресейде фильмдегі әзілдерді орысшаландыруға Комеди клабтың жігіттерін шақырып, жастарша аударуға тырысады, бізде де соны қолға алса, құрғақ аударманы тыңдағанша, әзіл шыны аралас комедияны көруге болатын еді...

    Жалпы фильмге қоятын тағам жоғары, 8 : 2 ұпайды фильмнің шектен тыс ұзақтығы үшін алып отырмын,

    фильмнің ортасында мені оятуға тура келді )))