• Біздің парақшалар:
  • Ыстық

    Копы в юбках

    The Heat

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Пол Фиг
Басты рөлдерде:
Демиан Бишир , Марлон Уайанс , Мелисса МакКарти , Сандра Буллок , Майкл Рапапорт , Джейн Куртин , Спокен Ризонс , Дэн Баккедаль , Таран Киллэм , Майкл МакДональд , Джон Росс Боуи
Сценарий:
Кэти Дипполд
Продюсер:
Питер Чернин , Джесси Хендерсон , Дженно Топпинг
Жанр:
Комедия , Детектив , Боевик , Қылмыстық
Бюджет:
$43 000 000
Әлемдік табысы:
$229 930 771
Әлемдік премьера:
27 маусым 2013
Қазақстандағы премьера:
4 шілде 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
117 минут
Суреттеме:

ФТБ мен бостондық полицейге жауапты тапсырма беріледі: екі әйел орыс бандитінің ізіне түсіп, тұтқындауы керек.

Рейтинг:

6,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(154057)
  • Кинопоиск: 6.694(60597)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Құқық қорғаудың ыстық қызметкерлері

    Тәртіпке бас иген, түзу жолдан таймайтын, өзгеге үлгі болар полиция қызметкері мен қырсық, қыңыр, алдынан келсең тістеп, артынан барсаң теуіп, итіңді шығаратын "нағыз" коптың үзеңгілес болуы - арғы-бергі кино тарихында талқыға түсіп, тізесі шыққан тақырыптардың бірі. "Социалистік Қазақстанға" салсақ, сондайдың жарқын үлгісі ретінде Джеки Чан мен Крис Такертүскен "Сын сағатын" ("Час пик", "Rush Hour") айтсақ болады. Әйтсе де, әйелдер түскен фильмді еске түсіру қиындау. Содан болар, "Ыстық" әлдебір жаңашылдық әкелгендей болды. 

    FBI агенті Эшберн мен бостондық детектив Маллинске есірткі саудасымен айналысатын қылмыскерді тұтқындау керек. Керек деген жақсы ғой, әрине, алайда алдымен екі қайғы-кейіпкерге өзара қарым-қатынастарын жөндеп, татуласып алу артықтық етпейді. Ең басты қиындық та осы. 

    Басқа бірдеңе айтып былықтырмайын, барамын десеңіз трейлер мен осы жазбадағы азды-көпті қорытындыға қарап, шешім шығарарсыз. 

    Сандра Буллок/Мелисса МакКарти тандемі мен үшін жылдың жаңалығы болды айтсам артық болмас. Қақаңдап қалған, қатардағы қызметкерлеріне сүйкімі жоқ агент Эшбернді сомдаған Буллок соны қырынан танылды. Әдетте, алып-ұшар ромкомдардың түгін қалдырмайтын актриса қума комедияда да ойнай алатынын әбден көрсете алды. Оған детектив Маллинс та аз үлес қосқан жоқ. 

    Қырықтың қырқасына шығып, алды елуге келіп қалған бұл екеуді енді 2015 жылы фильмнің екінші бөлімінен көре аламыз. Асыға күтемін өз басым. Себебі, фильм шынымен үлкен позитив сыйлайды. Әсіресе, "Бас жазу" секілді бейстандартты қалжыңдары мен қарадай қарап тұрып күтпеген әзілдер сыйлайтын туындыларды ұнатушылар үшін әдейілеп түсірілгендей. 

    Сценарий жазған Кэти Дипполдты құттықтап қойса болатын шығар. Алғашқы фильмі ә дегеннен-ақ сәтті шықты. 

    Диалогтарын ерекшелеп кеткім келеді. Бүтін фильмнің сөлі мен нәрі болған кейіпкерлердің әңгімелері кинотеатр ішінде ғана күлдіріп қоймай, талан-таражға түсіп, талқылауға ұласып кететінін сөзсіз. Әйтеуір, өзім әлі күнге "- Мен сенімен сөйлеспеймін! - Сен менімен сөйлесіп отыр емессің бе, топас!" секілді қарапайым, бірақ ұтқыр фразаларды қайталаумен жүрмін. 

    Қылмыстық драма, жаңа сипаттағы комедия, экшн элементтерін араластырып беруі туындының әрін кіргізе түскен екен. 

    Сөзсіз, "Ыстықтың" басты базукасы - Мелисса МакКарти. Оскардан үміткер атанып үлгерген, Forbes-тың "Ең жоғары ақы алатын кино және телевизияның 20 актрисасы" тізіміне енген МакКарти балуан денелі, қақ-соқ мінезді, қылмыскерлерге аяушылықпен қарамайтын, фильмнің ең басты сөз-сөйлемдерінің негізгі бөлігін бір өзі айтатын кейіпкер бейнесін толық аша алған. 

    Фильмді көру керек деген пікірдемін. Қайткен күнде де, "Ыстық" мен үшін 2013 жылдың ең үздік комедиясы болып тұр.