• Біздің парақшалар:
  • Сүт, Қаймақ, Сүзбе

    Молоко, Сметана, Творог

Жыл:
2013
Ел:
Қазақстан
Слоган:
"Молочные продукты очень полезны. Особенно, если не везет в личной жизни!"
Режиссер:
Эля Гильман
Басты рөлдерде:
Тұрахан Сыдықова , Дәулет Әбдіғапаров , Линда Нигматулина , Гүлнар Силбаева , Дәстен Шәкіров , Диляра Байжанбаева , Алан Черкасов , Сафуан Шаймерденов
Сценарий:
Эля Гильман
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы табысы:
〒3 224 150
Қазақстандағы премьера:
4 шілде 2013
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
70 минут
Суреттеме:

Күндердің бір күнінде қарапайым банк қызметкері мүлдем таныс емес жерде оянады. Үйреншікті өміріне сиыр сауып, ірімшік жасауды үйренгенде ғана орала алатынын біледі. Бір қызығы, оны үйдегілер де жұмыстағылар да іздемейді. Себебі, оның орнын ескі танысы алмастырған болып шығады.... 

Рейтинг:

4,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 4.807(89)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Қазақстан киносы үшін бұл бір қызық оқиға болды. Алдымен телевидениеде көрсетіліп, содан кейін ғана кинопрокатқа жол тартқан бірінші отандық картина осы шығар. Тағы несімен ерекшелендіре алды, оның бәрі төмендегі абзацтарда.

    Линда Нигматулинаның отандық киноға түскені әрине қуантты. Бірақ осы бір сұлу актриса өмірде танысым болса: "Сен кино таңдамайсың ба?" - деп сұрар едім. Әрине, бұндай кәсіпқой актрисалар өз рөлін алып шыға алады. Дегенмен дәл осы кино оның деңгейі емес сияқты еді ("Қайрат - чемпион" да Линда үшін тым төмен кино болуы керек еді).

    Фильмнің түпкі сюжеттік идеясы жаңа болмаса да, қызықты еді. Өмірінде ауыл көрмеген, ақ саусақ қала қызы мен сүт, қаймақ пен сүзбе сатып күн көретін қарапайым ауыл қызы. Бірде ғайыптың күшімен екеуінің орны ауысып кетеді. Енді олар өздері жек көретін ортаға бейімделуі керек: Линда Нигматулинаның орындауындағы қала қызы ауылда сиыр сауып, қаймақ жасап үйренеді, ал Гүлнар Силбаеваның орындауындағы ауылдан шыққан сауыншы қыз қаладағы үлкен банкте кредит менеджері болып, өзіне мүлдем түсініксіз кәсіпті меңгереді.

    Осы фильмді көре отырып, әр эпизод сайын экрандағы суреттен мүлдем басқа картиналар басымды ойнап тұрды. Кейін түсіндім: басымдағы картиналар әлгі эпизодтарға қосқан толықтыруларым мен өзгертулерім екен. Бұндай ішкі фантазиялық деңгейдегі нұсқалар әп-әдемі сюжетті оңдыра алмағандықтан пайда болды деп түйдім.

    Осындайда Қазақстан қалаларының қоғамдық көлігіндегі кондукторлар еске түседі. Бір ренішіңді айта бастасаң: "Ұнамай ма, түсіп қал да таксиге отыр" деген жауапты айтады ғой. Режиссер Гильман да көрерменге солай дегендей болды: "Ұнамай ма, өзің құрастырып ал". Әрине, режиссердің көрерменге деген ізгі ниетіне күмәнім жоқ, бірақ ұсынған туындысындағы сюжеттік желілердің әлі тігілмеген құрақ көрпе секілді бір-бірімен үйлеспей, оқиғалары қабыспай өрбуі, көзге ұрып тұрған сәйкессіздіктер немқұрайлықтың нышанын аңғартты.

    Үлкен экранға шыққан кино ТВ шеңберінде қала беру керек еді деген ой пайда болды соңында. Әрине, талпыныс пен еңбек үшін көп рахмет, бірақ бұл біз күткен шедевр емес.