• Біздің парақшалар:
  • Элизиум

    Элизиум: Рай не на Земле

    Elysium

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Нил Бломкамп
Басты рөлдерде:
Мэтт Дэймон , Фаран Таир , Уильям Фихтнер , Джоди Фостер , Шарлто Копли , Алиси Брага , Диего Луна , Вагнер Моура , Талиса Сото , Майкл Шэнкс , Карли Поуп , Эмма Тремблей , Хосе Пабло Кантильо , Брэндон Оре
Сценарий:
Нил Бломкамп
Продюсер:
Саймон Кинберг , Билл Блок
Жанр:
Драма , Триллер , Боевик , Фантастика
Бюджет:
$115 000 000
Әлемдік табысы:
$286 007 248
Қазақстандағы табысы:
〒116 155 224
Әлемдік премьера:
7 тамыз 2013
Қазақстандағы премьера:
8 тамыз 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
109 минут
Суреттеме:

2154 жылы адамдардың екі санаты болады: Элизиум деген таза ғарыш станциясында өмір сүретін өте байлар және халқы көп, қираған Жерде қалған тұрғындар. Министр Роудс есімді үкімет шенеунігі көші-қон заңдарына қарсы шара қолдану үшін және Элизиумдағы азаматтардың әдемі өмірін сақтау үшін бәріне де дайын. Макс есімді кейіпкер тағдырдың жазуымен осы екі әлемнің теңдігі үшін күресуге мәжбүр болады.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(400840)
  • Кинопоиск: 6.605(108287)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Соңғы көрген кинолардың ішінде елең еткізгені осы кино болды. Мэтт Деймонның актерлығымен таныс болғасын, мынадай боевикте қалай ойнайды екен деп ой басым болды. Ұнады, Мэтт бұл сынағымнан шыға алды.

    Ұнағаны: әрине дамыған заман, епті құлтемірлер, элизиум, Макс, кішкентай қыздың әңгімесі, жоғарғы техология

    Ұнамағаны: жердің құрып бара жатқаны, лас аудандардың расымен өмірде солай екенін сезіну, элизиумға тек байлар бара алатыны...

    Қуана қайта көруге дайынмын!

  • "Аватардың" құрдасы 

    6813f50f6a126c8ad0d081b9445159bb

    Бар болғаны 30 млн бюджеті бар "9-шы аудан" атты фантастикалық фильм түсіріп, Оскарбастаған біраз бәйгеден үміткер атанған Ник Бломкамп қолына 100 млн ақша түскен соң оңдырсын ба - әп-әжептеуір жобаны мәрсені жеткізіпті. 

    Нені оңдырды деп ары қарай оқымаққа ниет білдірсеңіз, әуелі синопсисінен келтіре кетейін. Бір жарым ғасырға жетпейтін уақыт өткен соң, яғни 2154 жылы Жер бетінде әлеуметтік бөліну заңдылыққа айналады. Байлар қамын күйттеп қиырға - планетадан сырт жатқан Элизиум атты жұмаққа бергісіз алып ғарыш кемесінде өмір сүреді, ал кедейлер таңертең тұрып, Құдайдың кешіне аман жету үшін адам төзгісіз жұмыс істеп, қылмыстың соңына түседі. Базбір пессимистердің пайымдауынша, бұл тұрғыда "Элизиум" болашақты болжауда қателесе қойған жоқ екен. 

    Құлағалы тұрған лашықтар мен қит етсе қаруын ала жүгіретін қатаң жігіттер ауданында тұратын Макс қырсықтың құрығына ілігіп, амалсыз қиын да қатерлі қадамға баруға мәжбүр болады. Бәрін айт та, бірін айт, жалғыз жанның жасаған тірлігі эмигранттарға қарсы заң мен Элизиумдағы Үкіметтің қарсы іс-әрекетке көшуіне себепші болады. 

    Бір жарым сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылатын фильмді көріп отырып, еріксіз ерекшеліктерін тізбеледім. Соларыммен бөліспесем болмас:

    * Әдетте, ғылыми-фантастикалық келешек туралы жобалар я у-зу техникадан, у-шу атыстан, сарт-сұрт төбелестен, я көрерменнің ішін пыстырып, терең ұйқыға жіберетін техникалық терминдерден, я клишелер мен шаблондардан тұрады. Осы жағынан алғанда "Элизиум" көрермен ретінде мені қанағаттандыра алды: фильмде жанрлар шегімен, керекті көлемде берілген. Экшн элементтері де, драмалық көріністері де, ой салар тұстары да орын-орынымен ұсынылған.

    * Тағы бір ұнағаны фильмде басымдық берілген бас кейіпкердің жоқтығы. Әрине, әлемді құтқаруға бел шешіп кірісіп кеткен Мэтт Дэймон постерлерден түспесе де, "Элизиумде" жеке батыр кейпі, суперқаһарман бейнесі көрсетілмейді. Сөзі аз, ісі көп Макстың (Мэтт Дэймон) өзге кейіпкерлерді байланыстырушы, басын құраушы тұлға ретінде берілуі сценарий авторы һәм режиссер Ник Бломкампке деген құрметті еселейді.

    * Фильмнің мессиджі жеңіл қабылданады. Қоршаған ортаны әкесін өлтіргендей өшпенділікпен құртып жатқан адамзаттың ертеңгі күні не болатыны және сын сағатында құрбандыққа бара алатын пенденің қандай екендігі жақсы суреттелген. Ең бастысы, жалт-жұлт белгісіз әлем мен жарқ-жұрқ түсініксіз батлдардан емес, бай мен кедей арасындағы нақты, өмірде бар, күрделі мәселені дұрыс "қорапқа" салып жеткізеді.

    * Шынайы кадрлардың көптігі. Компьютерлік графикада басы қалғандай сала бермей, Мехиконың қазір барсаңыз алдыңыздан шығатын лас, кедей ауданында фильмді түсіру жоғарыда айтылған әсерлерді әспеттеп, бояуын қанық қылып, айқындай түседі. 

    Кемпір-шалға бәскелес болған ("Рэд 2-ні" айтамын) "Элизиум" аптаның яки айдың емес жылдың must-see фильмі дер едім. Тіпті, бірнеше қайталап көріп, алтын қорыңызға қосып қойсаңыз да болады. Әрине, егер мен айтқан пікірлермен келіссеңіз:)

    P.S. Тақырып неге "Аватардың құрдасы"? Себебі дәл осы жылы Камеронның "Аватарындағы" оқиғалар орын алады.