• Біздің парақшалар:
  • Жексұрын мен 2

    Гадкий я 2

    Despicable Me 2

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"More minions. More despicable."
Режиссер:
Пьер Коффан , Крис Рено
Басты рөлдерде:
Кен Жонг , Стив Карелл , Бенджамин Брэтт , Стив Куган , Кристен Уиг , Миранда Косгров , Расселл Брэнд , Элси Фишер , Дэна Гайер , Мойзес Ариас , Кристен Шаал , Назим Педрад
Сценарий:
Синко Пол , Кен Даурио
Продюсер:
Кристофер Меледандри , Джанет Хили
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Мультфильм , Қылмыстық
Бюджет:
$76 000 000
Әлемдік табысы:
$920 304 160
Әлемдік премьера:
16 маусым 2013
Қазақстандағы премьера:
15 тамыз 2013
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
98 минут
Суреттеме:

Бұрынғы суперзұлым Грю отбасылық өмірге бейімделіп, таза бизнес арқылы адал еңбек етуге тырысып жатқанда, Арктикадағы құпия зертхана ұрланып кетеді. Зұлымдыққа қарсы лига Грюдің көмегіне жүгінеді.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 8

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.3(352064)
  • Кинопоиск: 7.585(104420)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Түпнұсқадан асқан сиквел

    Қорқа-қорқа сиквел көруге баратын болғанбыз базбір жобалардың "көмегімен". Оригиналдағы әп-әдемі қасиеттерді жоққа шығаратын фильмдердің жалғасынан сіз де жалыққан боларсыз. "Жексұрын мен 2" де солардың ар жақ-бер жағы болар-ау деп шамалағаным қате болды, толық сеніммен Грюдің басынан кешкендерін көре берсеңіз болады, өкінбейсіз. 

    76 млн доллар бюджетпен ә дегенше 700 миллионнан астам табыс тауып үлгерген фильм кейбір аймақта енді жүріп жатыр. Осы қалпынан таймаса "Ойыншықтар хикаясы 3-тен" кейінгі екінші миллиардер мультфильм атануға толық мүмкіндігі бар. 

    Зұлымдарға қарсы Лиганың ұсынысын қабыл алған Грю Люси Уайлд атты агентпен бірге әлдебір аты да ұзақ, түсі де суық, салдары да жаман қаруды іздей бастайды. Басты күдікті - Эль Мачо. Ол кім десеңіз, мультфильмді қараңыз, тек бір айтарым дыбыстаған - Аль Пачино

    Мульфильмнің көруге итермелейтін жақтарын санамалап бер жағамнан алсаңыз, мінеки:

    * Бүтіндей бір блокбастерге жүк бола алатын сюжет. Теңіс асты, аспан үсті шайқастардан бастап жартастағы қамалда болған оқиғаларға дейін "Орындалмас миссияның" анимациялық нұсқасы деуге келеді. Шпиондық музыка, сарт-сұрт дайындық, қысқасы, білесіз.

    * Үлкендерге қызықты бола алатын сәттер. Әдетте ересектер мен балалардың түсінігіне қатар ұнауға тырысатын әмбебап мульфильмдер сонысынан зардап шегіп жатады. Ал "Жексұрын мен 2-де" бұл дүниелердің ара-жігі ашылып берілгендей болды: кейбір әзілдер, мысалы, кішкентайлардың ықыласына бөленіп жатса, базбір диалогтар анау-мынау мелодрамаға дес берер емес.

    * Әндер, саунтректер. Сөзсіз сапалы. Соңында айтылатын ән де, ортасында қойылатын делебе қоздырар тректер де орын-орында.

    * Миньондар. No Comments. 

    Ел 2014 миньондар туралы бөлек жеке фильм (спин-офф) шығады деп жүр. Алақан ысқылап күтудемін.  Жеке менің пікірімше (сіздің келісеріңізге сенімдімін), дәл осы тіршілік иелері секілді ән айтып, қалжыңдай алатын мультфильм кейіпкері сирек.

    "Жексұрын мен 2" көруге ұсынылады. Баламен барыңыз, бәйбішеңізбен барыңыз, бастығыңызбен барыңыз, таңертең барыңыз, түсте барыңыз, кешке барыңыз... Бәрібір. Одан мультфильм сыйлайтын ләззат тартылып қалмайды.