• Біздің парақшалар:
  • Перси Джексон: Құбыжықтар теңізі

    Перси Джексон и Море чудовищ

    Percy Jackson: Sea of Monsters

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Тор Фройденталь
Басты рөлдерде:
Ливэн Рамбин , Александра Даддарио , Стэнли Туччи , Джейк Эйбел , Логан Лерман , Дуглас Смит , Брэндон Т. Джексон , Палома Квиатковски , Нэйтан Филлион
Сценарий:
Марк Гуггенхайм , Рик Риордан
Продюсер:
Крис Коламбус , Майкл Барнатан , Карен Розенфельт
Жанр:
Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$90 000 000
Әлемдік табысы:
$199 717 150
Әлемдік премьера:
7 тамыз 2013
Қазақстандағы премьера:
22 тамыз 2013
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
106 минут
Суреттеме:

Перси циклоп Полифемнің қолына түсіп қалған досы - сатир Гроуверді іздеуге шығады. Сатирдың ғана емес, бүкіл жартылай құдайлардың өміріне қауіп төнеді: біреу қасиетті ағашты улап тастайды. Енді лагердің қорғанысы әлсірей түсіп, құбыжықтардың шабуылдау қаупі күшейеді. Ағашты Полифемнің аралында жасырылған Алтын тері арқылы ғана емдеуге болады. Ал аралға жету үшін Құбыжықтар теңізін жүзіп өтіп, оның тіршілік иелері - Сцилламен және Харибдамен және зұлым сиқыршы Цирцеямен күресу қажет.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.8(103876)
  • Кинопоиск: 6.228(38793)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Перси Джексон және көз рахаты

    Рик Риордан Перси Джексон туралы шығармаларын жазғанда экранизацияның дәл осылай боларын әй білмеген шығар. Әйтсе де араға үш жыл салып шыққан сиквел алғашқысына қарағанда тәуір деп ойлаймын. 

    Кітаптан әжептеуір ерекшеленетін "Перси Джексон: Құбыжықтар теңізі" туралы жағымсыз пікірлер фильмнің өз аудиториясын таппауымен және көрермендердің алабөтен, салмақты дүние күтулерімен байланысты деп ойлаймын. Бірден басын ашып жазайық, бұл туынды жасөспірімдерге арналған. "Аватар" яки "Кек алушылар" секілді үлкен масштабты қиял-ғажайып көремін деп ойламаңыз, ортаңқол, арнайы әсерлерге құралған блокбастер. 

    Ал егер осы тұрғыдан алып қарасаң фильм әжептеуір. Басталғанда-ақ жер теуіп шыққан Крит бұқасының модерн нұсқасы жеке өзіме айрықша ұнады. Өзге де компьютерлік визуалды әдістер артығымен жетерлік.

    Актерлік құрамға әлдене деп кінә тағу қиын. Персидің рөлін ойнаған Логан Лерман ә дегеннен-ақ өз кейіпкеріне сай келмейтіндей көрінетін, бас қаһарман бейнесін дұрыс қабылдай алмаған себебім осыдан шығар. Ал өзгелері таң қалдырмаса да, тартымды: Александра Даддарио да (Аннабет), Ливен Рэмбин де (Кларисса) кем дегенде қылықтарымен ұнай алады. Жалғыз көзді Тайсонды сомдаған Дуглас Смит франшизаға жаңа леп әкелген секілді, көреміз. 

    Фильм артық-кемі жоқ тинейджерлік аудиторияға арналған өз деңгейіндегі туынды болып отыр. Кітапты оқымаған адам құр қалмайды бәрі түсінікті. Тек артық идея, ғаламдық ауқымдағы мессидж яки жүрек ауыртар кадрлар іздемесеңіз болды. Ар жағын Перси Джексон&Ко өзі бітіреді. 

    P.S. Кронос бейнесі қисық шыққан, келісемін, алты құдайдың әкесі анадай болмаса керек-ті.