• Біздің парақшалар:
  • Біржан сал

Жыл:
2009
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Досхан Жолжақсынов , Рымбек Әлпиев
Басты рөлдерде:
Досхан Жолжақсынов , Тұрахан Сыдықова , Аша Матай , Сәбит Оразбаев , Болат Әбділманов , Гүлшат Тұтова , Саят Мерекенов , Айдос Бектеміров , Дулыға Ақмолда , Ғазиза Әбдінәбиева , Асылболат Смағұлов
Сценарий:
Таласбек Әсемқұлов
Жанр:
Драма , Тарихи
Әлемдік премьера:
3 қыркүйек 2009
Қазақстандағы премьера:
3 қыркүйек 2009
Жас шектеуі:
Белгісіз
Ұзақтығы:
76 минут
Суреттеме:

"Біржан сал" көркем фильмі әнші - композитордың өмірдегі махабатты мен ғадауатын, сал - серілік салтанаты мен байдың итаршыларынан көрген қорлығын, әншінің ішке біткен бітеу жарасын көрсеткен.


XIX - ғасыр қазақ даласының көшпенділер өмірімен қоштасу ғасыры. Туған даласында мыңдаған жылдық дәстүрі қалыптасқан, табиғатпен етене араласқан ұлттың өркениеттік дәстүр ауыстыру сәті осы фильмде режиссерлік көркем шешімдер арқылы сәтті көрсетілген. Даланың азат ұлдарының қыл бұрау, темір шенгелге бас бергісі келмей, іштей қарсыласуы, егесуі фильмде Біржан әндерінің тууының себептері ретінде ишараланады.


Ұлттық тамырын іздеу, ұлттық дәстүрлердің нәзік бастауларын тануға ұмтылу - болашағына бағдар, алдағы күнге бағыт алған халықтың ісі.


"Біржан сал" фильмі қазақ көрерменіне, келер ұрпаққа өнерпаз бабалардың аманатын жеткізуді мұрат тұтады.

Рейтинг:

5,833

  • Дауыс бергендер: 6
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 7.598(101)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)