• Біздің парақшалар:
  • Байқоңыр

    Байконур

    Baikonur

Жыл:
2011
Ел:
Қазақстан , Ресей , Германия
Режиссер:
Файт Хелмер
Басты рөлдерде:
Тұрахан Сыдықова , Берік Айтжанов , Саят Мерекенов , Мари де Вильпен , Ситора Фармонова , Ерболат Тоғызақов , Нұрлан Әбілов , Мухит Изимов
Сценарий:
Файт Хелмер , Сергей Ашкенази
Продюсер:
Файт Хелмер
Жанр:
Комедия , Драма , Мелодрама
Әлемдік премьера:
1 қыркүйек 2011
Қазақстандағы премьера:
8 желтоқсан 2011
Жас шектеуі:
-
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Гагарин деген лақап аты бар Ескендір ғарыш айлағының маңындағы Күнгей ауылында тұрады. Ауыл тұрғындарының өмірі зымырандарға тікелей байланысты. Бірде Джули есімді ғарыш турисі аспаннан құлап, бейқам елдің тіршілігіне өзгеріс әкеледі. Гагарин сұлуға бірден ғашық болады. Француз қызы қазақтың бұл махаббатын бағалай алар ма екен?

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.4(471)
  • Кинопоиск: 6.072(291)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Байқоңыр", немесе француз ғарышкеріне ғашық болған жігіттің хикаясы

     

    Фильмнен ашықтан-ашық көрсетіле бермейтін кадрлардың куәсі болдық. Соның ішінде зымыран тасымалдағышты ұшыру үрдісі, ғарышкерлерді дайындау кезеңдері, ғарыштағы мамандардың жұмысы, халықаралық ғарыш станциясындағы сәттер, ғарышкерді капсуламен Жерге жөнелту — бәрі егжей-тегжейлі көрсетіледі. Бұндай кадрларды бұрын Голливудтың кинотуындыларынан ғана көргеніміз жасырын емес. Режиссерлер мен продюсерлердің зор еңбегінің нәтижесі бұл жерде айтарлықтай көрініс тапты.

    Енді фильмнің өзіне тоқталайық. Ғарыш станциясының маңында 4-5 үйден құралған ауыл бар. Ауыл тұрғындары зымырандардың аспаннан құлаған бөлшек-сынықтарын жинап, оны азық-түлікке айырбастап күн көреді. Бөлшектердің қай жерге құлайтынын «Гагарин» деген лақап аты бар Ескендір (Александр Асочаков) есімді жас өрен радиосигналдарды "ұрлап тыңдау" арқылы біліп отырады. Аспаннан құлаған сынықтар олардың өмірінде үлкен рөл атқарады, өйткені бұл — тұрғындардың басты табыс көзі, сонымен қатар бұл — үлкен қауіп пен қорқыныш, себебі Гагарин мен оған сырттай ғашық Назира (Ситора Фармонова) есімді жергілікті есерсоқ қыздың ата-аналары ракета сынықтарының құлауынан қайтыс болған екен.

    Бірде Байқоңырдан Джули (Мари де Вильпен) есімді француздың турист қызы ғарышқа аттанады. Жерге қайтып келе жатқан кезінде, құлауы тиіс жерден ауытқып кетіп, басқа аймаққа қонады. Қыз да есінен танып қалады. Қызды Ескендір тауып алып, үйіне әкеледі. Қыз есін жиғанда Ескендірдің сөзіне сеніп қалып, жігіттің қалыңдығымын деген ойда жүреді...

    Жалпы картинаны комедия элементтері бар драма деп сипаттар едім. Жай ғана алып қарасақ, әлеуметтік статустары жер мен көктей екі жас арасындағы қарым-қатынас пен олардың төңірегіндегі кейіпкерлердің өмірін суреттейтін кино секілді. Бірақ осы адамдар арқылы Байқоңыр маңындағы адамдардың ауыр тұрмыс-тіршілігі, темір-терсекке тәуелді тіршіліктері аса бір шеберлікпен баяндалады.

    Фильмнен атап өтер тағы бір жайт бар. Джулимен бірге ұшқан астронавттардың ішінде қазақ ғарышкері (Берік Айтжанов) де болады. Қазақстан үшін орындалмаған арманның кинода көрініс тапқаны аз да болса көңілге қуаныш ұялатты.