• Біздің парақшалар:
  • Джобс

    Джобс: Империя соблазна

    jOBS

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Джошуа Майкл Штерн
Басты рөлдерде:
Кевин Данн , Дж.К. Симмонс , Дермот Малруни , Джеймс Вудс , Эштон Кутчер , Джош Гад , Лукас Хаас , Лесли Энн Уоррен , Рон Элдард , Ана О’Райли , Джон Гец , Виктор Расук , Мэттью Модайн
Продюсер:
Джошуа Майкл Штерн
Жанр:
Драма , Өмірбаян
Бюджет:
$12 000 000
Әлемдік табысы:
$35 931 410
Әлемдік премьера:
25 қаңтар 2013
Қазақстандағы премьера:
19 қыркүйек 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
122 минут
Суреттеме:

Ол жас, көркем және аса талантты еді. Ол әлемдік танымалдылыққа қол жеткізді. Ол әйелдердің көзайымына айналды. Оған еркектер қызғана қарады. Оған миллиондаған адамдар табынатын болды. Ол - Стив Джобс.

Рейтинг:

7,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.9(90225)
  • Кинопоиск: 6.467(49855)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бұл фильмге қолында айфоны бар әр адам өзін баруға міндеттеуі керек. Өйткені Стив Джобс тұлғасы мың жылда бір рет қана дүниеге келетінін жасыруға болмайды. Өмірді өзгерту әр адамның қолынан келетініне сенген, соған айналадағыларын шабыттандырған. Сонысының өзімен де Стив Джобс құрметтеуге лайық.

    Ал оның компьютер әлемін төңкеріп, мүлде жаңа деңгейге көтергені жай адамның санасына сыймай кетеді. Міне. Дәл осындай эмоцияны, осындай масштабты көргім келіп еді фильмнен...

    Ал менің көріп шыққаным - Джобс мінезінің қарама-қайшылығы, Apple компаниясының директорлар алқасымен бітпеген тартыстар, Кутчердің "а-ля Шрек" асыра сілтеген жүрісі...

    Фильм түсірушілер нақты хронологиялық тізбекті бұзбауға, Айзексонның кітабынан ауытқымауға тырысқандай. Соның арасында үлкен идеяны жіберіп алды.

    Эмоция бітті. Енді фильмнің жақсы тұстарына келсек, Джобстың тұлға ретінде қалыптасуын жақсы көрсеткен. Алайда оның өзін оның биографиялық кітабымен таныс адам ғана түсінеді. Өкінішке орай фильмді менімен бірге көрген адамдар оны тек айфон мен мак жасаушысы ретінде танитын. Кинодан шыққаннан соң олар тек өз баласын мойындағысы келмеген, досына акцияларды бөлгісі келмеген "қатыгез" тұлғаны көріп шықты.

    Қысқаша айтқанда, фильм жақсы. Бірақ одан күткеніміз одан да көп. Кейіпкер тұлғасының ірілігі мен өмірінің қызығы мен шыжығын біле тұра, оның сюжеттік тізбегін қызығырақ, динамикалық қанықты болуы керек еді деген көрермендік өкініш қалады. Мүмкін фильм өзектілігін жоғалтпауы үшін режиссерлер асығыс білдіріп, фильм арасына документалдылық элементтер қосып қанықтыруды артық санаған болар...