• Біздің парақшалар:
  • Шынайы ертегі

    Реальная сказка

Жыл:
2011
Ел:
Ресей
Слоган:
"Надо просто верить"
Режиссер:
Андрей Мармонтов
Басты рөлдерде:
Сергей Безруков , Леонид Ярмольник , Максим Шибаев , Анастасия Добрынина , Людмила Полякова , Ирина Безрукова , Георгий Штиль , Анна Герман , Алексей Дмитриев , Павел Климов
Сценарий:
Сергей Безруков , Андрей Мармонтов
Продюсер:
Сергей Безруков , Андрей Мармонтов , Евгений Улюшкин
Жанр:
Комедия , Драма , Фэнтези , Отбасылық
Бюджет:
$5 000 000
Әлемдік премьера:
3 қараша 2011
Қазақстандағы премьера:
3 қараша 2011
Жас шектеуі:
Белгісіз
Ұзақтығы:
102 минут
Суреттеме:

Фильмде адамдар ертегі қаһармандарына сенуден қалады. Оқырманынан айырылған ертегі кейіпкерлері өз әлемдерінен кетіп, адамдардың өміріне сіңісіп кетеді. Мысалы, Василиса Премудрая мұғалім болып, Леший — қайыршыға, Иван-дурак — әскери сарбазға, Кащей — олигархқа, Синдбад — жүк көлігін жүргізушіге, ал үш батыр күзетшілерге айналады.

 

Кащей бұл өмірде де зұлымдығын тоқтатпайды. Өзінің өлімін біреу оқып қояды деп қорыққан ол, барлық ертегі кітаптарынан өзінің өлімі жазылған парақтарды жыртып, жойып отырады. Тек, бір ғана кітаптың бүтіндігін ол білмеген еді. Оны кішкентай Олеся оқып қояды. Енді Кащей қыздың көзін құртуы тиіс.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.4(305)
  • Кинопоиск: 5.181(10634)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ерте, ерте, ертеде…

    Әжелеріміз ертігіні осылай бастаушы еді ғой. Қазір ше? Қазір кішкентайлардың идеалдары басқа. Ал, ертегідегі батырларымыз бен хас сұлуларымызды Дисней қаһармандары, қиял-ғажайып кейіпкерлеріміз бен сиқыршы тұлғаларымызды фэнтези блокбастерлердің кейіпкерлері алмастырған. Фильм де сол жайында, осы мәселені толғайды. 

    Фильм сюжеті бойынша, адамдар ертегі қаһармандарына сенуден қалады (десек те өмір сюжеті де осындай емес пе еді?!). Оқырманынан айырылған ертегі кейіпкерлері өз әлемдерінен кетіп, адамдардың өміріне сіңісіп кетеді. Мысалы, Василиса Премудрая мұғалім болып, Леший — қайыршыға, Иван-дурак — әскери сарбазға, Кащей — олигархқа, Синдбад — жүк көлігін жүргізушіге, ал үш батыр күзетшілерге айналады. 

    Кащей бұл өмірде де зұлымдығын тоқтатпайды. Өзінің өлімін біреу оқып қояды деп қорыққан ол, барлық ертегі кітаптарынан өзінің өлімі жазылған парақтарды жыртып, жойып отырады. Тек, бір ғана кітаптың бүтіндігін ол білмеген еді. Оны кішкентай Олеся оқып қояды. Енді Кащей қыздың көзін құртуы тиіс.

    Сергей Безруков жақсы актер ғана емес, тамаша жетекші екенін де көрсете білді. Продюсерлік міндеті мен сценариін жазуға атсалысқан еңбегі зая кетпеген секілді. Көрермендер тарапынан жалпы тұрғыда жаман баға алған жоқ. Әрине сын қашан да табылады. Дегенмен, бұндай кері пікірлер сюжеттік өрбудің қызық болуына, актерлік ойынның шеберлігіне, арнайы эффектілердің тамаша шығуына тіптен әсер етпеді деуге болады.

    Фильмдегі мәселе жалғыз орыстардың басында емес сияқты. Басқа елдерді білмеймін, бірақ Қазақстан балалары да ертегі кейіпкерлерін білуден, танудан қалып бара жатқандай. Бұндай олқылыққа басты себептердің бірі — насихаттың аздығы. Ал, насихат қалай жүргізілуі керек деп сұрасаңыз, жауап ретінде "Шынайы ертегі" фильмін ұсынар едім.

    Картина біртүрлі аяныш сезімін тудырады. Ертегі кейіпкерлері ешкімге де керек емес. Назардан тыс, көңілден таса қалған. Олар сүйікті кейіпкер ретіндегі рөлдеріне қайтадан оралса екен деп іштей тілектестік білдіресің. Бірақ, қай ертегі хэппи эндсіз болушы еді? Оның үстіне фильм ертегі қаһармандары туралы болса!

    Фильмнен тамаша көріністердің куәсі бола аласыз. Үш батырдың Кащеймен кескілескен айқасы, Иван-дурактың ертегі әлеміндегі замауи қару-жарақпен соғысы, Иван мен Василиса арасындағы махаббат, қарындасын Кащейдің қаһарынан құтқармақ болған бала Сашаның іс-қимылы — әдемі компьютерлік графикамен көмкерілген.

    Бір ғана айтып өтер нәрсе — соңын тиісті дәрежеде аяқтамаған секілді көрінді. Бітуге таяған 10-15 минуты асығыс қайырылған батадай шолақтанып қалған секілді. Сонымен қатар жас әртістердің шеберлігін шыңдай түсу керек деген ой келді.

    Ал, сіз ертегіге сенесіз бе?