• Біздің парақшалар:
  • Ақырзаман

    Конец света 2013: Апокалипсис по-голливудски

    This Is the End

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Ending Summer 2013"
Режиссер:
Сет Роген , Эван Голдберг
Басты рөлдерде:
Эмма Уотсон , Сет Роген , Джеймс Франко , Ченнинг Татум , Кристофер Минц-Плассе , Пол Радд , Мартин Старр , Азиз Ансари , Джона Хилл , Джей Барушель , Дэнни МакБрайд , Крэйг Робинсон , Майкл Сера , Минди Кейлинг , Дэвид Крамхолц
Сценарий:
Сет Роген , Эван Голдберг , Джейсон Стоун
Продюсер:
Сет Роген , Эван Голдберг , Джеймс Уивер
Жанр:
Комедия , Фэнтези
Бюджет:
$32 000 000
Әлемдік табысы:
$125 659 354
Қазақстандағы табысы:
〒40 589 675
Әлемдік премьера:
3 маусым 2013
Қазақстандағы премьера:
19 қыркүйек 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
107 минут
Суреттеме:

Достар ұзақ уақыт бойы бір бөлмеде қамалып қалады. Олар ақырзаманның басталатынына сенімді болған еді.

Рейтинг:

5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(363309)
  • Кинопоиск: 6.042(56059)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Бірнеше хит фильмдерге қатысып үлгерген және болашағынан көп үміт күттіретін Голливудтың актерлері туралы комедия. Дәлірек айтқанда, көпшілігіміз танитын Сет Роген, Джеймс Франко, Джона Хилл, Джей Барушель, Крэйг Робинсон, Дэнни МакБрайд секілді актерлер өз-өздерін сомдайды.

    Түсінікті болу үшін фантазияға ерік беріп көрейік. Жаңағы аталған жұлдыздар, тағы да басқа танымал тұлғалар Джеймс Франконың үйінде сауық-сайран құрып жатады. Күтпеген жерден ақырзаман басталып, дүниенің астан-кестеңі шығады. Үйде қамалып қалған актерлер зұлматтан аман қалудың амалын жасайды.

    Бірақ, актерлер ештеңемен таңғалдыра алмады. Бір-бірінің бұрынғы рөлдерін кекетіп-мұқатып, стеб пен әзілге толы диалогтардан басқа ерекше бағалайтын ештеңе көре алмадым. Әрине, Голливуд бәрімізге нашақорлық пен көргенсіздіктің ордасы ретінде елестейтіні рас, ондай стереотиптің қалыптасуына папараци өзінің сүбелі үлесін қосып жүр. Бірақ соншалықты азғындықты фильмнің басты "фишкасы" ететінін мен күтпеп едім.

    Экранда көрсетілгендей, бір-біріне күлімдеп, достық пейілмен қарап, артынан "дарынсыз актер" деп балағаттайтын жасандылыққа мен бәрібір сене алмадым. Әрине, бір-бірін жек көретін актерлер бар шығар, бірақ кинода көрсетілгендей соншалықты бәрі нашар деп ойламаймын.

    Жалпы айтқанда, актерлер өз-өздерін сомдап, көрерменді атақтарымен баурап алмақ болған екен. Өзге көрермен қалай қабылдағанын қайдам, бірақ Джеймс Франконың, Эмма Уотсонның, Ченинг Татумның өздерінің абыройларын осылайша айрандай төгуге бара алғандарына сене алар емеспін.

    Олар "Ақырзаман орнаса жұлдыздар өздерін қалай ұстар еді", - дегендей ситуацияны әзіл түрде жеткізбек болған шығар. Немесе шегіп алып, камера алдында ойларына келгендерін істеген шығар. Мен түсіне алмадым.

  • Түсінген адамға қызық фильм шығар, алайда Голливуд актерлерінің қай фильмде қандай рольді сомдағанын жетік білмейтін мен үшін айтеуір жүзі таныс адамдардың көптеп жиналған фильмі болды. Біраз актерлерді көріп "ышааа" деумен болдым. Әсіресе Эмма Уотсон (Гермиона ретінде жақсы көрем, Эмма ретінде "дарынсыз") және Ченнинг Тейтум (қалай келісті екен мұндайға).

    Өздері үшін түсірген фильм сияқты, әйтеуір өз-өздерінің рольдерін сомдап мәз. Секс, есірткі, анайы, нәйіс* әзілдер. Кезінде "Милый друг" фильміне барарда +18-деген шектеуді көріп, ее бұл бір сұмдық жан түршігерлік драма болар, онсегізге толмағандардың психикасы шыдамайды деп ойлаған шығар деп барғанымда масқара болып едім. Бұл фильмдегі +18-ді көргенімде де, ары кетсе қорқынышты сценалары үшін қойылған шектеу шығар деп, ойымда дыыым жоқ, қарындасымды ертіп барған едім күндізгі сеансқа. Тағы масқара болдым.

    Спецеффекттер, қан, ішек-қарын, жан-жаққа шашылып жатқан дене мүшелері, құсық-тышық. Мұнысымен күлдіргісі келді ма сонда, білмейдім.

    Саундтректері тәуір,  Everybodydd Yeah :)