• Біздің парақшалар:
  • Қараңғы бөлме

    Бункер

    La cara oculta

Жыл:
2011
Ел:
Испания , Колумбия
Режиссер:
Андрес Баиз
Басты рөлдерде:
Клара Лаго , Ким Гутьеррес , Мартина Гарсия , Александра Стюарт
Сценарий:
Андрес Баиз , Хатем Храиче
Продюсер:
Андрес Калдерон , Андрес Фернандо Калдерон , Кристиан Конти
Жанр:
Триллер
Әлемдік премьера:
16 қыркүйек 2011
Қазақстандағы премьера:
8 қараша 2012
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
92 минут
Суреттеме:

Даяшы болып істейтін Фабиана өмірден күйзеліп жүрген меймандардың бірімен танысады. Олардың арасында сезім оянады. Қыз үшін бәрі жақсы сияқты: сүйгені Боготада филармония оркестрінің дирижері болып істейді, үлкен үйі бар. Алайда көп кешікпей күтпеген қиындықтар туындайды. Полиция дирижердің бұрынғы сүйген қызының құпия түрде жоғалып кетуін тергеп жүреді, ал қыз үй ішінде біртүрлі оқиғалар орын ала бастағанын сезеді.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.4(33479)
  • Кинопоиск: 7.226(40931)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Махаббатпен ойнама

    Испан киносы қашан да өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі. Әсіресе триллер жасаудың шеберлері. Америкалық кинодағыдай қорқытып-үркітуді жөн санамайды. Саспенс типтес интригаларымен-ақ жүйкені жұқартып болады. Әрине, жақсы мағынасында.

    "Қараңғы бөлме" де испан киносына тән өрнектермен айшықталған. "Енді не болар екен" дегізіп, дегбіріңді алғызады.

    Фильм сюжетінде сүйген қызы қызғаныш дертіне шыдай алмай жігітін тастап кетеді. Қоштасып жатуды да құп көрмейді. Жігіті үйде жоқта киімдерін жинайды да, тайып тұрады.

    Әрине, жігіт қиналады. Екі ай қайғырады. Себеп іздейді. Ақыры, таусылмас ойдан шаршайды да бір күні махаббатына қолын бір сілтейді. Күйініштен ішіп алып, бірінші кездескен қызды үйіне алып келіп, өмірін жалғастырмақ болады.

    Бұл уақытта із-түссіз жоғалған қыздың ісімен тергеушілер де айналысып жатқан еді. Негізгі күдік әрине оның сүйген жігітіне түседі.

    Бұндай сюжеттік желіге қарап отырып, әдеттегі бір деңгейлі триллер ғой деген ой келеді. Бірақ бұл біржақты пікір ғана. Көрерменді алда талай қызық күтіп тұр және жоғарыда суреттелген оқиғалар басқа бір адамның көзімен көрсетіледі.

    Режиссердің осындай шешімі шынымен құрметке лайық. Бір оқиғаны бұрып алып келіп, басқаша нәтижеге алып келуі талғампаз көрерменнің көңілінен шығары анық.