• Біздің парақшалар:
  • Балалық шағымның аспаны

    Небо моего детства

Жыл:
2011
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Рүстем Әбдіраш
Басты рөлдерде:
Нұржұман Ықтымбаев , Байкенже Белбаев , Наталья Арынбасарова , Дәулет Әбдіғапаров , Бибігүл Төлегенова , Нұрлан Әлімжанов , Алма Әлішева
Сценарий:
Рүстем Әбдіраш , Шахимарден Құсайынов
Продюсер:
Тасболат Мерекенов , Ернар Құрмашев
Жанр:
Драма
Бюджет:
$3 000 000
Әлемдік премьера:
14 сәуір 2011
Қазақстандағы премьера:
14 сәуір 2011
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
111 минут
Суреттеме:

Фильмдегі оқиға Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шынайы өмір жолын баяндайды. 

Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады.

Рейтинг:

4

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.5(26)
  • Кинопоиск: 5.673(154)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім. Бірақ «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін Рүстемге деген жоғары көзқарасым түсіп кетті. Бұл жолы Рүстемнің тым ұсақталып кеткенін, тым төмендеп кеткенін көрдім. Бұл фильм — оның кәсібилігіне сын. 

    Бұл жерде басты кейіпкердің прототипіне деген ұстанған көзқарасымды тықпалаудан аулақпын. Дәл осындай деңгейде «Ел арна», «Хабар» түсіретін телевизиялық фильмдер түсірілуші еді ғой. Қарап отырсақ әдемі туынды түсіруге барлық алғышарттар жеткілікті еді. Бірақ есте қаларлық көркем дүние көре алмадым. Актерлердің ойыны да көңіл көншіте алмады. Сол баяғы тәжірибелі кәрі әртістер ғана фильмнің толықтай күйреуінен аман алып қалған сияқты. Идея іске аспады, жарандар.

    Рүстем, тәуелсіз, мемлекеттік тапсырыстан тыс жұмысқа орал. Өйткені шығармашылыққа бұйрық жүрмейді.