• Біздің парақшалар:
  • Әдетке айналған ажырасу

    Привычка расставаться

Жыл:
2013
Ел:
Ресей
Слоган:
"Как найти свою любовь?"
Режиссер:
Екатерина Телегина
Басты рөлдерде:
Артур Смольянинов , Елизавета Боярская , Данила Козловский , Александр Петров , Алёна Константинова , Полина Филоненко , Александра Тюфтей , Алексей Филимонов , Петр Рыков , Пётр Фёдоров , Вера Строкова
Сценарий:
Василий Ровенский
Продюсер:
Василий Ровенский , Анастасия Акопян
Жанр:
Комедия , Мелодрама
Қазақстандағы табысы:
〒4 389 170
Әлемдік премьера:
26 қыркүйек 2013
Қазақстандағы премьера:
26 қыркүйек 2013
Жас шектеуі:
Белгісіз
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Жеке өмірінде жолы болмай жүрген қыз туралы оқиға. Қарым-қатынас орнатуда неліктен сәтсіздікке ұшырай беретінін білу мақсатымен, ол бұрынғы жігіттерінің барлығымен кездесіп, солардан сұрап көрмек болады. Сұраққа жауап табал ала ма? Жоқ! Махаббатын таба ала ма? Әрине, иә!

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.7(209)
  • Кинопоиск: 6.584(16648)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бұл киноны барлық 20 дан асқан қыздарға көруге кеңес берер ем.... Кино сондай қызықты, әдемі, романтика мен позитивке толы.

    Жалпы мен ресейлік киноларға өте құмар емеспін, кеше де барған кезде трейллерін көріп алып бірақ бардым. Сондай көңілді, жеңіл былайша айтқанда қыздарға арналған кино.

    Қыздардың өмірі, ойлары, армандары, әңгімелері, өсектері, әдеттері, өзіндік проблемалары ашық көрсетілген. Киноның ең бір ұтқаны тұсы қыздың бәрін өзін баяндап отырғаны.

    Қыздардың басында көп "таракандар" бар демекші кинодағы Ева сондай таракандары көп қыздардың бірі. Ең алғаш ғашық болып, бірге бақытты ғұмыр кешіп жатқан Дениспенбірнәрсе жетіспегендей болады. Сонымен ол өзінің бақытын, яғни махаббатын іздеуге шығады. Денис оны қанша жыл болса да күтетінін айтады... Ең басты өзгерісті ол шашын бояудан бастайды.

    Басталды, ең алғашқы жігіті Денистен кейінгі рокер жігіт. Бәрі басында тамаша, бірақ күндер өте келе ол сенің адамың емес сияқты. Әйтеуір бір нәрсе жетіспейді, қыздар жоқ нәрсені ойлап алып соған сенетіні сияқты ол жігіт оны сүймейді деп ойлап онымен кездесуге бармай қояды...

    Содан, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жігіт кетеді... Ең бастысы ол әр жігітті кездестірген кезде ол "бітті мен махаббатымды кездестірдім" деп ойлайды. Сол жігітіне сәйкес өзгереді, соның өмір сүру стиліне көшеді. Күндер өтіп бәрі керемет, бәрі ұнайды.. Бір күні бәрі бұзылып қалғандай, бір сәтте ол адам саған мүлдем жат сияқты күй кешеді.

    Тізім бойынша соңғы жігіт кеткесін Ева барлық бұрынғы жігіттерімен кездесіп, неге оларда ары қарай жалғаспағанын сұрайды. Бірі маған ойлануға уақыт бермедің, бірі менің істеген істерім сені бұрынғыдай қуантпады, бірі менің әнім сені қызықтырмады...

    Ева өзінің махаббат оқиғалары жайлы блог жүргізе бастайды, блогының танымал болғаны сонша оны бұрынғы жігіттері де оқып жүреді...

    Ойлана келе ол өзінің Денисінен артық ешкім жоқ деп ойлайды, "ол мені әлі күте ме екен?" деп сұрайды.

    -Иа, мен сені күтіп жүрмін әлі де бір  жыл күте алам дейді.

    Бір жыл ойланып, берілген уақыт бітер кезінде 1 күн қалғанда Дениске хабарласады. Ол күте алмағанын айтып, ертең үйлену тойы екенін хабарлайды. Салысы суға кеткен қыз өлмек болады. Бірақ, өлмей қалады. Себебі, оны шынайы махаббаты құтқарып алады...

    Киноны қыздарға құрбыларыңызбен барып көруге кеңес берем, себебі сіздің өміріңізге ұқсас сәттер кезігіп қалуы өте-өте әбден мүмкін Smile. Ол кинодан әр қыз өзін көреді, өткенін саралайды. Құрбыларыңызбен де еске алатын сәттер еске түседі. Себебі, өзімде сондай болды. Мүмкін, барлық қыздар көрсін дегенім де сол шығар...