• Біздің парақшалар:
  • Гравитация / Gravity

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания
Режиссер:
Альфонсо Куарон
Басты рөлдерде:
Джордж Клуни , Эд Харрис , Сандра Буллок
Сценарий:
Альфонсо Куарон , Хонас Куарон
Продюсер:
Дэвид Хейман , Альфонсо Куарон , Кристофер ДеФариа
Жанр:
Драма , Триллер , Детектив , Фантастика
Бюджет:
$100 000 000
Әлемдік табысы:
$670 305 704
Әлемдік премьера:
28 тамыз 2013
Қазақстандағы премьера:
3 қазан 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Медициналық инжиниринг саласының маманы, доктор Райан Стоун астронавтиканың ардагері Мэтт Ковальскимен бірге өзінің алғашқы ғарыш сапарына аттанады. Ашық ғарышта жұмыс істеп жүрген кезде апат орын алады. 

 

Шаттл жарылып, жоқ болады. Стоун мен Ковальски ашық ғарышта қалып қояды. Жермен байланыс үзілген, сәйкесінше құтқарылуға да үміт жоқ...

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.7(727334)
  • Кинопоиск: 7.474(194187)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • "Кино тарихындағы ғарыш туралы ең үздік фильм"

    Джеймс Кэмерон

     

    Бойыңнан асып секіре алмайсың

    Альфонсо Куарон сценарийші, режиссер ретінде адамның локалды мәселелері арқылы бүкіл адамзат деңгейіндегі түйткілдерін көрсетіп берудің шебері. "Кішкентай ханшайым" ("A Little Princess"), "Сенің анаңды да... ("Y tu mamá también"), "Адам баласы" ("Children of Men") секілді картиналар соның дәлелі.

    "Гравитация" атмосферасы жағынан әрине осыған дейінгі жұмыстарынан сәл өзгешелеу. Географиясы да, оқиға деңгейі де басқа. Бірақ шынтуайттап келгенде, оқиға қай жерде орын алмасын - бәрібір адам болмысымыз сақталып қалады ғой. Қандай биіктерге ұмтылмайық, сол бір адами мәселелерден, пендешілік тірліктерден аса алмаймыз ғой. Әдетте өз деңгейінде бағалана бермейтін қарапайым ғана нәрселер басыңа қиындық түскенде алтынға да айырбасталмайтын құндылыққа айналатыны рас. "Гравитацияның" мысалында - ол Жер ана.

    Альфонсо Куарон анау-мынау мәселелерге жекелеп бас ауыртпай, бәрін бір жинап Жерді басты объект деп белгілепті. Бәрі де осы Жерде: туған-туыстарың да, құнды нәрселерің де, тіпті өмір сүру мәнің де осы ғаламшарға тіреледі.

    Режиссер, бұндай пәлсапалық мәні бар киноны ойластырмады дегеннің өзінде, 90 минут бойы көрерменнің дегбірін алып, селт етпей қарайтын тамаша туындыны дүниеге әкелді. Салмақсыздық, оттегіге зәрулік, жалғыздық, қалқып бара жатып қармап ұстайтын затқа зар болу - бұлардың барлығы шарасыздық сезімін шындап сезінуге мәжбүрлейді. Бұндайда тек үміт қана жаныңа демеу бола алады.

    Батысы мен шығысы қайсы, оңы мен солы қайсы - ажыратып болмайтын шексіз ғарышта бір ғана тілек бар, ол - Жерге оралу. Сондайда ғана "өз бойыңнан асыра секірудің" қажет еместігін, қанша алыстасаң да бәрібір осы көк планетаның ажырамас бөлігі екеніңді түсінесің.

    Түсірілім павильонда өткенін бәрін білеміз. Айналаға шынайылық беріп, ғарышты бар жан-тәніңмен сезінуге себеп болған арнайы эффект мамандарына зор алғыс. Аударып-төңкеріп, басыңды айналдырып, құсқызуға жақындататын оператор жұмысына бас имеске шара жоқ. Гравитацияның әсерін сезінгендей боласың,

    Осыдан кейін ғарышкерлердің ерлігін бағалай түсесің, Жер анаға да құрметің арта бастайды. Өз басым бұл фильмді 2 жылдай күттім және оған өкінбеймін.

  • Кейде айналаңды қоршаған адамдардан жырақ, басқа жаққа кетіп қалғың келеді. Бірақ, жалғыз өзің өмір сүру тым қорқынышты екенін ұқтырады бұл фильм. Кейіпкердің "Мен ғарышта өлсем, ешкім мені жоқтап, жыламайды да, ешкім маған дұға етпейтін де болады," - деген сөзі адамның адамсыз күн көруі мүмкін емес екенін нақтылап тұрғандай. Жерде жүргенде атаққа, білімге, жаңалық ашуға, тіпті, байлыққа қанша құмартсаң да, олар өлім алдындағы қорқынышта бар маңызын жоғалтатынын ұқтыратын фильм. "Құдай-ай, нең бар еді ғарышта"- деп, іштей ұрысып отырған кезім аз болмады. Сондықтан, айды аңсамай, шүкіршілік ету керек. Фильмнің айтар сөзі де, берер әсері де мықты екен. Ұнады. Бұл - Оскар сыйлығына лайық фильм. Ең құрығанда, арнайы эффекттері үшін алу керек. Көруді рекомендеймін.