• Біздің парақшалар:
  • Жарыс

    Гонка

    Rush

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ , Германия , Ұлыбритания
Режиссер:
Рон Ховард
Басты рөлдерде:
Даниэль Брюль , Оливия Уайлд , Крис Хемсворт , Александра Мария Лара , Пьерфранческо Фавино , Дэвид Колдер , Натали Дормер , Стивен Мэнгэн , Кристиан МакКэй , Алистэр Петри , Джулиан Райнд-Татт
Сценарий:
Питер Морган
Продюсер:
Эрик Феллнер , Эндрю Итон , Брайан Грейзер , Брайан Оливер
Жанр:
Драма , Боевик , Өмірбаян , Спорт
Бюджет:
$38 000 000
Әлемдік табысы:
$90 247 624
Әлемдік премьера:
2 қыркүйек 2013
Қазақстандағы премьера:
17 қазан 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
123 минут
Суреттеме:

ХХ ғасырдың 70-ші жылдары. "Формула-1" жарысының дүрілдеп тұрған шағы. Жарыстың тарихындағы екі бәсекелес - ағылшын Джеймс Хант пен австриялық Ники Лауда жеңіске жету жолында дайындықтың шыңына жетеді. Оларды нәтижесі карьера мен жеке өмірге әсерін тигізер үлкен сайыс күтіп тұр.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.1(400704)
  • Кинопоиск: 8.08(141300)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Мен рецензия жаза алмаймын, бірақ фильм туралы өз ойымды қалдырсам деймін.

     

    Бұл фильмді кинотеатрдан көру мүмкіндігі менде болған жоқ. Бірақ интернет аман болсын, үйде BDrip сапасында фильмді жайғасып, рахаттанып қарап алдым.

    Әу баста, неге екені, фильм Голивудтың көп арзан фильмдерінің бірі болады деп ойладым. Крис Хемсворт миыма әбден Тордың образында сіңіп қалғаннан болар дедім (ол деген "Тор" жаман фильм дегенім емес). Одан қалды спорт туралы фильмдерге қызығушылығым аз, машина жарысты былай қойғанда. Осы уақытқа дейін бірде-бір не формула -1, не ралли жарыстарын қарамаппын. Міне, осыдан фильмге түк қызығушылығым артпап еді.

    Содан қайкүні не кино көрсем екен деп, инет шарлап отырып көзім осы "Жарыс "фильміне түсті. Астындағы пікірлердің көбісі жақсы екен. Жүктедім, көрдім. Қызық болғанда фильм ұнап қалды. Мың рет естігенше, бір рет қара деген осы екен ғой дедім.

    Фильмде кезінде формула -1 жарыстарында чемпион болған ағылшын жарысушысы Джеймс Хант пен австриялық Ники Лауданың қарсыластығы туралы баяндалады. Кино спорт туралы болғанымен, фильмде бастысы әр жарысушының ішкі жан дүниесін көрсеткісі келді ғой деп ойлаймын. Және соны актерлар өте жоғары деңгейде көрсете алды. Ники Лауданың рөлін сомдайтын актер Дэниел Брюльді бұрын көрмегенмін, бірақ ұнады. Ал Крис Хемсворт енді тек қана Тордың образында елестемейтін болды.

    Жоғарыда айтқанымдай фимльде спорт, жарыс аз көрсетілген.бірақ фильм ішпыстырарлық емес, бір деммен қаралатын екен. Маған өте ұнады. Көруге рекомендеймін.

    9/10

    Айтпақшы, фильм биыл "ең үздік фильм" номинациясы бойынша Алтын глобусты жеңіп алды. Сонымен қатар, дәл осы сыйлықты "екінші пландағы ең үздік актер" номинациясы бойынша Дэниел Брюль жеңіп алды.